О создании государственного коммунального предприятия «Павлодарский городской центр социальной помощи» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Павлодар қалалық әлеуметтік көмек орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын құру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Әділет департаментінің 30.11.2001 жылғы қорытынды. Әлеуметтік – еңбек жағынан бейімделуді, медициналық және басқалай көмекті қажет ететін жалғызілікті қарт азаматтарды, зейнеткерлер мен мүгедектерді қолдау мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Павлодар қаласының әкімі: «Денсаулық» санаторий – профилакторийі негізінде «Павлодар қалалық әлеуметтік көмек орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын құрсын; «Павлодар қалалық әлеуметтік көмек орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ұстауға байланысты шығындарды қаржыландыру көзін анықтасын; кәсіпорынды әділет органдарында тіркесін.
Тармақ 2
2. Облыс бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті «Денсаулық» санаторий – профилакторийінің балансындағы мемлекеттік мүлікті «Павлодар қаласының әлеуметтік көмек көрсету орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның балансына өткізетін болсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Н. Түменоваға жүктелсін.