О проведении приписки граждан к призывному участку на территории Акжарского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеу туралы
2005 жылғы 8 шілдегі № 74 Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 12, 17 бабына және 31 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жургізу тәртібі туралы Ережеге сәйкес және азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау, жалпы білім деңгейін, алған мамандығы мен дене даярлығын анықтау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1990 жылы туған және шақыру учаскесінде тіркелмен жасы одан үлкен азаматтарды тіркеу 2007 жылдың каңтар - наурыз айларында өткізілсін.
Тармақ 2
2. Тіркеу жөніндегі комиссияның құрамы косымшаға келісімді бекітілсін.
Тармақ 3
3. Селолык округтердің әкімдері азаматтардың әскерге шақыру учаскесіне селолық округ әкімі аппараттарының әскери-тіркеу үстел мамандарының жетекшілігімен баруларын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Кәсіпорындар, мекемелер, білім мекемелерінің басшылары әскери учаскесінде тіркеуге жататын азаматтарды іссапардан (демалыстан) шақыртсын, оларға хабарлауды және шақыру учаскіге уақытылы келулерін ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Орталық аудандык емханасының бас дәрігері (Сәбитова Ш.Қ.) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, баска да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ереженің талаптарына сәйкес азаматтарды сапалы медициналық куәландыру үшін мыналарды қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) шақыру учаскіде азаматтарды тіркеу мерзіміне тіркеу жөніндегі комиссия жанынан медициналық комиссия қүрамын қүруды;
Тармақша 2
2) шақыру учаскілерінде тіркелуге жататын азаматтарды медициналық куәландыру өткізуді;
Тармақша 3
3) шақыру учаскелерінде есепке қойылуға тиіс азаматтарға тексерілуге (емделуге) арналған жолдама беруді. Жолдамада медициналық денсаулық сақтау ұйымының атауы, диагнозы, тексеру мақсаты және медициналық куәландыруға қайтадан келу мерзімі көрсетілсін.
Тармақ 6
6. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (Серікбаев Қ.Ж.)
Тармақша 1
1) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу туралы мәліметтер негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен әскер тектері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары бойынша шақыру ресурстарын алдын ала бөлуді жүргізілсін, «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының оку ұйымдарына әскери-техникалық мамандықтар бойынша оқуга жіберу үшін кандидаттарды алдын ала іріктеу жургізілсін, әскери оқу орындарына түсуге тілек білдіретін адамдар анықталсын;
Тармақша 2
2) азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді дайындау және жургізу жоспарын әзірленсін, онда мыналар көзделсін:
әскерге шақыру учаскесінде тіркелуі үшін азаматтарды хабардар ету тәртібі мен шақыру мерзімі;
тізімдерді жасау мерзімі және азаматтардың әскерге шақыру учаскелеріне күндер бойынша келуінің есептері (күніне 50 адамнан артық емес);
тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарының іс-шараларын өткізу;
әскерге шақыру пункттерінің үй-жайларын қажетті жабдықпен камтамасыз ету;
тіркелетіндерді медициналық куәландыру үшін маман дәрігерлерді іріктеу;
азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдасқан және сапалы түрде жүргізуді қамтамасыз ету үшін техникалық қызметкерлердің, қызмет көрсетуші персонал мен көліктің қажетті санын бөлуге арналған есеп;
тіркеуді жүргізуге тартылатын адамдарға нұсқау өткізу мерзімі.
Тармақ 7
7. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (Жахин О.М.):
Тармақша 1
1) шақыру учаскесінде тіркеу жүргізу уақытында шақыру учаскесінде коғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін, аталған мерзімге аудандық қорғаныс жөніндегі бөлімінің сұранымы бойынша полиция қызметкерін білсін, әскери міндетінен бас тартатын тұлғаларды іздеу мен ұстау жүргізсін;
Тармақша 2
2) полиция учаскелік инспекторлар, селолық округ әкімдері аппараттарының әскери - есеп жүргізу үстел мамандарымен бірге әр үйлерді аралау арқылы әскери есепте тұруға міндеттілерді, есептік - әскери құжаттары жоқ тұлғаларды анықтасын және жеткізсін.
Тармақ 8
8. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы (Комаристая Г.В.) азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізу жөніндегі мынадай іс-шараларға уақытылы қаржыладыруды қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу кезінде медициналық куәландырудан өткізу үшін;
Тармақша 2
2) ауданның елді мекендерінен азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу жөніндегі комиссияға жеткізу үшін;
Тармақша 3
3) шақыру учаскілерді жабдықтауга, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина және шаруашылық мүлкімен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс құралдарымен жабдықтау үшін;
Тармақша 4
4) қызмет көрсететін персоналдың, медициналық және техникалық қызметкерлердің қажетті санын қамтамасыз ету үшін.
Тармақ 9
9. Аудандық білім бөлімінің бастығы (Закенов Б.Н.) білім ұйвмдарында азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Тіркеу жөніндегі комиссиясы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ғимаратында өткізілсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Тастеміровке жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
Жахин О.М.
22.12.2006
Аудандық орталық
ауруханасының бас дәрігері
Сәбитова Ш.Қ.
22.12.2006
Аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің бастығы
Серікбаев Қ.Ж.
22.12.2006
Басқа 24. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі шақыру учаскесінде тіркеу жөніндегі комиссия ҚҰРАМЫ
Аудан әкімдігінің
2006 ж. «22» желтоқсан № 315
қаулысына қосымша
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі шақыру учаскесінде тіркеу жөніндегі комиссия ҚҰРАМЫ
№
Негізгі қурам
Резервті курам
Лауазымы
тегі, аты, әкесінін аты
Лауазымы
тегі, аты, әкесінін аты
1
Тіркеу комиссиясының төрағасы, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы,
Серікбаев Қаратай Жұмабекұлы
Әскери қызметке келісім-шарт бойынша келетін және шақырылатын әскери қызметшілерді қабылдау болімшесінің бастығы
Турабай Талғат Сайлауұлы
2
Тіркеу комиссиясы төрағасының орынбасары, аудан әкімі аппаратының бас маманы
Ысқақов
Бауыр Ақылұлы
Аудан әкімінің құқыктық мәселелері жөніндегі кеңесшісі
Еңсегенов Болат Қазбекұлы
Комиссия мүшелері:
3
Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Рақымжанов Самат Шерғалиұлы
Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары міндетін атқарушысы
Хамзин Арстан Жүсіпұлы
4
Аудандық орталық емхансының бас дәрігері, медициналық комиссиясы төрайымы
Сәбитова Шолпан Қайыргелдіқызы
Ленинград селолық ауруханасының бас дәрігері
Молдағанапова Ардақ Кайырбекқызы
5
Тіркеу комиссиясының хатшысы, Ленинград селолық ауруханасының медбикесі,
Гончарова Людмила Алексеевна
Аудандық орталық емханасының жас өспірімдер қызметінің
медбикесі
Хасенова Әлия Шакенқызы