Об установлении ежемесячных ставок платы за размещение объектов наружной (визуальной) рекламы на территории Бухар - Жырауского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бұқар жырау ауданы аумағында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін ай сайынғы төлемақы ставкаларын белгілеу туралы» «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан республикасы Кодексінің (салық кодексінің) 491 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Бұқар жырау ауданы аумағында жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін ай сайынғы төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджеттік саясат, әлеуметтік сала, адам құқықтарын қорғау және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жұктелсін.
Басқа 3. Бұқар жырау ауданы аумағында жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын және елді мекендерде орналастыратын сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін ай сайынғы төлемақы ставкаларын белгілеу
Бұқар жырау аудандық мәслихатының 34 сессиясының 2006 жылғы №6 шешіміне қосымша Бұқар жырау ауданы аумағында жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын және елді мекендерде орналастыратын сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін ай сайынғы төлемақы ставкаларын белгілеу Р/с № Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің түрлері Айлық есептік көрсеткішінен пайыздық төлемақы ставкалары 1 2 3 1 1 шаршы метрге дейінгі сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері (үндеухат, А1,А2, А3, А4 шағын көлемді плакаттары, афиша, көлік) 10 2 2 шаршы метрді қоса алғанда сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері (жерлерге, қабырғаларға, шатырларға, уақытша түрдегі павильондарға, шағын сәулет нысандарына орнатылған жарық беруші табло) 100 3 2 шаршы метрден жоғары - 5 шаршы метрді қоса алғанда сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері (жерлерге, қабырғаларға, шатырларға, уақытша түрдегі павильондарға, шағын сәулет нысандарына орнатылған жарық беруші табло) 300 4 5 шаршы метрден жоғары - 10 шаршы метрді қоса алғанда сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері (жерлерге, қабырғаларға, шатырларға, уақытша түрдегі павильондарға, шағын сәулет нысандарына орнатылған жарық беруші табло) 400 5 10 шаршы метрден жоғары - 20 шаршы метрді қоса сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері (жерлерге, қабырғаларға, шатырларға, билбордтарға, орнатылған жарық беруші табло) 1000 6 20 шаршы метрден жоғары - 50 шаршы метрді қоса сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері (жерлерге, қабырғаларға, шатырларға, билбордтарға, орнатылған жарық беруші табло) 1400 7 50 шаршы метрден жоғары - 100 шаршы метрді қоса сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері (жерлерге, қабырғаларға, шатырларға, билбордтарға, орнатылған жарық беруші табло) 2000