О мерах по погашению бюджетных долгов Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бюджет қарыздарын өтеу жөніндегі шаралар туралы Облыстық бюджеттің балалар жәрдемақысы және мемлекеттік тапсырыс қағидалары бойынша қаржыландыратын емдеу-сауықтыру мекемелер қызметкерлерінің еңбекақысы бойынша берешегін өтеу мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Бюджет қарызын өтеу жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылсын (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Жұмыс комиссиясы 1999 жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде берешекті өтеу механизмін әзірлесін.
Тармақ 3
3. Денсаулық сақтау департаменті, медициналық қызметке ақы төлеу жөніндегі Орталықтың облыстық бөлімшесі, тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармасы медициналық қызметкерлердің еңбекақылары, балалары бар отбасылардың жәрдемақылары бойынша берешекті өтеу есебінен берілетін тауарлар мен қызмет түрлерінің қажеттілігін анықтасын.
Тармақ 4
4. Облыстың экономика департаменті кәсіпорындардың бюджетке және мезгілінде төленбеген салық берешегі туралы келіп түскен материалдарды жинақтау, өңдеу және сараптау жөніндегі жұмыс органы болып белгіленсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.К. Оспановқа жүктелсін.
Басқа 6. Бюджет қарыздарын өтеу жөніндегі жұмыс комиссиясының ҚҰРАМЫ
Облыс әкімінің 1999 жылғы «26» сәуір № 86 шешіміне қосымша Бюджет қарыздарын өтеу жөніндегі жұмыс комиссиясының ҚҰРАМЫ Оспанов Мұхамедқали - облыс әкімінің орынбасары, төраға Нығыметұлы Комиссия мүшелері: Әбдіқалықов Идият - облыстық мәслихат тексеру комиссиясының Бекболатұлы төрағасы Бойчин Анатолий - облыс бойынша салық комитеті төрағасының Васильевич орынбасары Иманғазинов Сағит - облыстың денсаулық сақтау департаментінің Баймұханұлы бастығы Креминский Вячеслав - медициналық қызметке ақы төлеу жөніндегі Алексеевич Орталықтың облыстық бөлімшесінің директоры Мандзюк Игорь - облыс экономика департаментінің бастығы Владимирович Нұрпейісов Ілияс - облыс бойынша қазынашылық басқармасының Нұрсейітұлы бастығы