Об изменении административно-территориальных границ города Петропавловска и Кызылжарского района Северо-Казахстанской области Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының әкімшілік-аумақтық шекарасын өзгерту туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабы 2 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108 бабы 3 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жерге орналастыру жобасына сәйкес Қызылжар ауданының жалпы көлемі 238,4 га жер бөлігін Петропавл қаласының шекарасына қосумен, қоса берілген сызбалық карталарға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының шекаралары өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының әкімшілік-аумақтық шекараларын өзгерту туралы облыстық әкімдік пен мәслихаттын бірлескен қаулысы мен шешімі Қазақстан Республикасы Үкіметіне келісуге жіберілсін.
Тармақ 3
3. Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының әкімдері іс жүзіндегі заңнамаларда қаралған қажетті құжаттарды ресімдеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Т.Т.Каскинге жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы мен шешім олардың алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.