Об утверждении Положения об Экспертном совете Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Сараптау кеңесi туралы ереженi" бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 117 қаулысымен. Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарымен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енеді.
Басқа 3
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 117 қаулысына Қосымша
Тармақ 1
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:
Тармақ 1
1. "Сараптау кеңесi туралы ереже" қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Талдау басқармасы 1997 жылғы 1 ақпанға дейiн Сараптау кеңесiнiң жеке құрамын айқындау жөнiндегi қажеттi шаралар дайындасын және жүргiзсiн.
Тармақ 3
3. Сараптау кеңесiнiң Төрайымы болып БҚҰК мүшесi Шалғымбаева Галина Николаевна тағайындалсын.
Тармақ 4
4. Сараптау кеңесiнiң хатшысы болып БҚҰК атқарушы аппаратының талдау басқармасы қоғамдық байланыстар бөлiмiнiң бiрiншi санатты маманы Сарғожина Гауhар Мұратқызы тағайындалсын.
Тармақ 5
5. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы "Сараптау кеңесi туралы ереженi" Әдiлет министрлiгiнде тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Басқа 10. Сараптау кеңесi туралы ереже
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 10 қаңтардағы N 7 қаулысымен бекiтiлдi Сараптау кеңесi туралы ереже Осы ереже Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы жанындағы Сараптау кеңесiнiң өкiлеттiктерiн, құзырлығын және қызметiнiң ережелерiн белгiлейдi.
Тармақ 1
1. Сараптау кеңесi құрылу мақсаты және қызметi мемлекеттiк басқару органдарының, кәсiпқой қатысушылардың және олардың Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногын қалыптастыру және дамыту жөнiндегi мәселелер бойынша бiрлестiктерiнiң келiскен және үйлескен iс-қимылдарын қамтамасыз ету болып табылатын Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы жанындағы консультациялық-кеңесшi орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Сараптау кеңесiнiң сандық құрамы мүшелерi 15 адамнан аспайтындай белгiленедi және: - мемлекеттiк органдардың және қызметтерi қаржы рыногын және бағалы қағаздар рыногын реттеуге байланысты ұйымдардың 7 адамнан аспайтын; - бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттеушi ұйымдарының, олардың одақтарының, қауымдастықтарының және өзге қоғамдық ұйымдардың, тәуелсiз сарапшылардың және шетел мамандарының 8 адамнан аспайтын өкiлдерiнен тұрады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың өкiлдерi (Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктердi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң және Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң) Сараптау кеңесiнiң құрамына мемлекеттiк органның әрқайсынан бiр өкiл ұсыну бойынша енгiзiледi. Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары бiрлестiктерiнiң, олардың қауымдастықтарының, бiрлестiктерiнiң өкiлдерi (әрбiр бiрлестiктен бiр өкiл) аталған ұйымдарда сайланады және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Сараптау кеңесiнiң құрамына енгiзедi.
Тармақ 4
4. Сараптау кеңесiнiң жеке құрамы Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Төрағасының өкiмiмен бекiтiледi.
Тармақ 5
5. Сараптау кеңесiне жетекшiлiк жасауды Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы мүшелерi арасынан Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының Сараптау кеңесiнiң Төрағасы жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Сараптау кеңесiнiң Төрағасы Сараптау кеңесiнiң қызметiн ұйымдастырады және жетекшiлiк жасайды. Сараптау кеңесiнiң отырысында Төрағаның орынбасары сайланады.
Тармақ 7
7. Сараптау кеңесiнiң отырыстары айына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
Тармақ 8
8. Сараптау кеңесi мүшелерiнiң өкiлеттiк мерзiмi - оларды Сараптау кеңесi құрамына бекiткен күннен бастап аталған мерзiмдi екi жылға дейiнгi мерзiмге ұзарту мүмкiндiгiмен екi жыл. Сараптау кеңесi мүшелерiнiң өкiлеттiктерi Сараптау кеңесiнiң шешiмiмен тоқтатылуы мүмкiн.
Тармақ 9
9. Сараптау кеңесi мынадай функцияларды жүзеге асырады: - бағалы қағаздар рыногындағы қызметтердiң құқықтық режимдерiн белгiлейтiн нормативтiк актiлердiң жобаларын сараптау; - бағалы қағаздар рыногын реттеудiң негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар жасау; - органдардың бағалы қағаздар рыногын дамытуға қатысты мәселелер бойынша Сараптау кеңесiне ұсынған шаралар жоспарын келiстiру; - мемлекеттiк органдар мен бағалы қағаздар рыногы қатысушыларының кәсiби бiрлестiктердiң қызметтерiн үйлестiру; - Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар шығарылымы және айналысы саласындағы заңдарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар жасап, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясына ұсыну; - инвесторлардың құқықтарын түсiндiру жөнiндегi консультациялық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу.
Тармақ 10
10. Сараптау кеңесiнiң барлық мүшелерi өздерiнiң мiндеттерiн қарымтасыздық негiзде орындайды.
Тармақ 11
11. Сараптау кеңесiнiң отырыстары Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы мен бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының бiрлестiктерi айқындайтын мәселелер бойынша алқалы шешiмдер қабылдау үшiн шақырылады.
Тармақ 12
12. Алдағы болатын отырыс туралы хабарлай отырып, Сараптау кеңесi отырысының күн тәртiбi мен материалдарын Сараптау кеңесiнiң хатшысы отырыс басталардан кем дегенде 10 күн бұрын Сараптау кеңесiнiң мүшелерiне жiбередi. Сараптау кеңесi кез келген уақытта өзi бекiткен соңғы күн тәртiбiне отырыс ашылған кезде өзгерiстер енгiзуге құқықты.
Тармақ 13
13. Сараптау кеңесiнiң бағалы қағаздар рыногындағы қызметтердiң мәселелерi жөнiндегi шешiмдерi ұсыныс беру сипатында болады және мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауыстарымен қабылданады және дауыс беруге Сараптау кеңесiнiң барлық құрамының кемiнде 2/3 мүшесi дауыс беруге қатысқанда қабылданған болып саналады. Шешiмдер хаттамалар түрiнде ресiмделедi.
Тармақ 14
14. Сараптау кеңесiнiң iс қағаздарын БҚҰК атқарушы аппараты қызметкерлерi арасынан БҚҰК Төрағасы тағайындаған хатшы жүргiзедi.
Тармақ 15
15. Сараптау кеңесi жиналыстарының хаттамаларына Сараптау кеңесiнiң Төрағасы мен хатшысы қол қояды. Төраға жоқ болған жағдайда отырыс хаттамаларына төрағаның орынбасары қол қояды.
Тармақ 16
16. Сараптау кеңесiнің шешiмдерi ұсыныс беру сипатында болады.
Тармақ 17
17. Сараптау кеңесiнiң қызметiн ұйымдық-техникалық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы жүзеге асырады.