О стоимости разовых талонов для лиц, реализующих товары на рынках Узункольского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұзынкөл ауданы базарларында тауарларды өткізуші тұлғаларға арналған біржолғы талондардың құны туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» Қазакстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) сәйкес, Ұзынкөл ауданы бойынша салық комитеті ұсынған Ұзынкөл селосы базарында халық тұтынатын тауарларды өткізу жолдары арқылы кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар табысының хронометраждық зерттеу деректерінің негізіне сүйене отырып, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ұзынкөл ауданы базарларында тауарларды өткізуші тұлғаларға арналған біржолғы талондардың құны базарда бір орында бір күн сауда жасау үшін көрсетілген мөлшерде бекітілсін:
Тармақша 1
1) қолдан сату- бір айлық есептік көрсеткіштен 10 %;
Тармақша 2
2) сөреден өнеркәсіп тауарларын сату - бір айлық есептік көрсеткіштен 10%;
Тармақша 3
3) сөреден азық-түліктер сату - бір айлық есептік көрсеткіштен 10%.
Тармақ 2
2. Мәслихаттың 2004 жылғы 19 наурыздағы «Ұзынкөл ауданы базарларында тауарларды өткізуші тұлғаларға арналған біржолғы талондардың құны туралы» (2004 жылғы 9 сәуірдегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 2869, 2004 жылғы 14 мамырдағы №19 «Ақ жол») № 40 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.