Күршім ауданы Ақбүлақ, Алғабас ауылдарын үсақ малдың сарып ауруына жайсыз аймаққа жатқызу, ауылдарда шектеулі аймақ белгілеу туралы
2006 жылы ауданның ауыл шаруашылық жануарларын сарып ауруына аурушаңдығын тексерген кезде Күршім ауылдық округінің Алғабас ауылында 127 бас қой мен ешкі оң нәтиже берсе, Ақбұлақ ауылдық округінің Ақбұлақ ауылынан сарып ауруына тексерілген малдардың арасынан 3 бас мүйізді ірі қара малы мен 29 бас қой мен ешкі оң нәтиже берді. Аталган ауылдарда сарып ауруымен адамдардың да ауру фактілері орын алуда. Атап айтқанда, осы мерзім ішінде Алгабас ауылында сарып ауруымен 3 адам ауырса, Ақбұлақ ауылында бұл аурумен 10 адамның ауырганы тіркелді.
Ауыл шаруашылық мал басын сарып ауруына қайталап тексеру барысында жайсыз аулалардан сарып ауруымен ауырған ұсақ малдың бөлінуі тоқталмауда.
Малдан адамга жұгатын сарып ауруын жою және аурудың бұдан ары таратылуына жол бермеу мақсатында Күршім аудандық инспекциясының 2006 жылдың 28-қарашасы күнгі № 367 ұсынысы бойынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылгы 28- сәуіріндегі «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» № 407 қаулысының, Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 10-шілдесіндегі № 339-11 «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағының 9- тармақшасының, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23- қаңтарындағы № 148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 18- тармақшасының негізінде Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Күршім ауданы Ақбүлақ, Алғабас ауылдарын үсақ малдың сарып ауруына жайсыз аймаққа жатқызу, ауылдарда шектеулі аймақ белгілеу туралы от 27.12.2006 г. № 2025 (Күршім ауданы Ақбүлақ, Алғабас ауылдарын үсақ малдың сарып ауруына жайсыз аймаққа жатқызу, ауылдарда шектеулі аймақ белгілеу туралы)
1. Күршім ауылдық округінің Алғабас ауылында, Ақбұлақ ауылдық округінің Ақбұлақ ауылында шектеулік тәртіп жариялай отырып, ұсақ малдың сарып ауруына жайсыз аймаққа жатқызылып, шектеулі аймақ белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы Министрлігі Күршім аудандық аумақтық басқармасына (А.Арпабаев келісімі бойынша) жануарлардың аса қауіпті ауруларын жою және олардың таралуының алдын алу мақсатында ветеринарлық іс-шараларды әзірлеу және бекіту ұсынылсын.
3. Күршім, Ақбүлақ ауылдық округ әкімдеріне (Бахтияров Қ.Т, Райымханов А.С.) шектеулі аймаққа ауыл шаруашылық жануарларын әкелу және оларды осы аймақтардан алып кету, мал шикізатын дайындау және тұтыну, мал азыгын дайындау және пайдалану, еңбекті ұйымдастыру және басқа да әкімшілік-шаруашылық шаралар Қазақстан Республикасының ветеринария саласындагы заңнамаларда белгіленген тәртіптерді қатаң сақтай отырып жүргізу тапсырылсын.
4. Қаулы Әділет органдарында тіркеуден өткізілсін.
5. Қаулы ресми жарияланган күннен бастап күшіне енеді.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Қ. Сүраужановқа жүктелсін.
Келісілді:
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылыгы Министрлігі
Күршім аудандық аймақтық
басқармасының бастығы
Ә. Арпабаев