Күршім ауданының әкімшілік аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Күршім ауданының әкімшілік аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасынының «Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8, 12 баптарына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 6-бабының 1- тармағының 4-тармақшасына, 31-бабының 2-тармағының негізінде Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Басқа елді мекендерге көшуден бас тартуларына байланысты, түрғындардың өтініштерін ескере отырып келесі ауылдарды «ауыл» категориясынан «шаруашылық қоныс» категориясына жатқызып:
Тармақша 1
1) Теректі ауылдық округінің «Ашалы ауылы» «Ашалы шаруашылық қонысына» өзгертіліп Теректі ауылының құрамына;
Тармақша 2
2) Қалғүты ауылдық округінің «Еңбек ауылы» «Еңбек шаруашылық қонысына» өзгертіліп Қаратоғай ауылының қүрамына;
Тармақша 3
3) Маралды ауылдық округінің «Сарытау ауылы» «Сарытау шаруашылық қонысына» өзгертіліп Үшбүлақ ауылының құрамына, «Алтай ауылы» «Алтай шаруашылық қонысына» өзгертіліп Маралды ауылының құрамына;
Тармақша 4
4) Сарыөлең ауылдық округінің «Амангелді ауылы» «Амангелді шаруашылық қонысына» өзгертіліп Сарыөлең ауылының құрамына;
Тармақша 5
5) Төсқайың ауылдық округінің «Верхняя Еловка ауылы» «Верхняя Еловка шаруашылық қонысына» өзгертіліп Қарағайлы бұлақ ауылының құрамына енгізіліп, Шыгыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Шыгыс Қазақстан облыстық мәслихатына өзгерістер енгізу туралы ұсыным енгізілсін.