Төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 149-II заңының 7- бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37 бабының 8 тармағын және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерін басшылыққа ала отырып, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Төлемді қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі мен шарты бекітілсін.
Тармақ 2
Тармақ 3
2. 2007 жылға Аягөз ауданы мен Аягөз қаласы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстың 630 орынға тізбесі бекітілсін.
Тармақ 4
3. Нысаналы топтар белгіленсін.
Тармақ 5
4. Ақылы қоғамдық жұмыстық жұмыстар тізбесі бекітілсін.
Тармақ 6
5. Ақылы қоғамдық жұмысты қаржыландыру жергілікті бюджеттен және жұмыс берушінің атқарған жұмыс есебінен жүргізіледі, Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сай және жеке келісім шарт негізінде ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылған адамдардың төлем ақысын атқарған жұмыстың ауырлығын ескеріп, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген еңбек ақыдан кем болмауы керек.
Тармақ 7
6. 2006 жылға 18 мамырдағы № 235 мемлекеттік тіркеу № 5-6-28 16.06.2006 жыл Төлемдерді қоғамдық жұмысты ұйымдастыру және қаржыландыру туралы қаулысы күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 8
7. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Байжановқа жүктелсін.
Тармақ 9
8. Қаулы Әділет басқармасынан тіркеуден өткен күнінен Заңды күшіне енеді.
Басқа 10. Төлемді қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың тәртібі мен шарттары
Аягөз ауданының әкімдігінің 07.12.2006 жылғы № 558 қаулысына 1 қосымша Төлемді қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың тәртібі мен шарттары Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күндік, сегіз сағаттық жұмыс күнін құрайды, екі демалыс күні беріледі; жұмыс шарттарының негізінде жұмыс уақытын ұйымдастырудың, сонымен қатар мүгедектер үшін икемді нысандары қолданылады. Еңбек ақы төлемі жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген нақты жұмыс істеген уақыты арқылы жұмыссыздардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады; еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, денсаулыққа жарақат немесе басқа зақымдану салдарынан келтірілген зияндарды өтеу; зейнетақы және әлеуметтік ақша аударымдары Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі. Жұмысшылардың жеке санаттары үшін (кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер, көп балалы аналарға және отбасылық міндеттері бар өзге тұлғалар, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған тұлғалар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сәйкес санаттың еңбек жағдайы ерекшеліктерін есепке алу арқылы анықталып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасында жасалатын еңбек келісім шарттарымен қарастырылады.
Басқа 11. Нысаналы топтар
Аягөз ауданының әкімдігінің 07.12.2006 жылғы № 558 қаулысына 2 қосымша Нысаналы топтар 1. Тұрмысы аз адамдар; 2. 21 жасқа дейінгі жастар; 3. Балалар үйінде тәрбиеленушілері, жетім балалармен ата-ананың қамкорынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар; 4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты көп балалы ата-аналар; 5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған тұлғасы бар азаматтар; 6. Зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғандар); 7. Мүгедектер; 8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған тұлғалар; 9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар; 10. Оралмандар; 11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер; 12. Жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметің тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқарылуына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады; 13.Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар; 14. 50 жастан асқан әйелдер; 15. 55 жастан асқан ер адамдар; 16. Ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін тұлғалар.
Басқа 12. Ақылы қоғамдық жұмыстар тізбесі
Аягөз ауданының әкімдігінің 07.12.2006 жылғы № 558 қаулысына 3 қосымша Ақылы қоғамдық жұмыстар тізбесі 1. Қалалар, елді мекендер, өнеркәсіп орындары орналасқан жерлерді жинауға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек. 2. Жол салу, жөндеу, су құбырлары, канализация жүргізу жұмыстарына байланысты қосалқы жұмыстар. 3. Мелиоративтік жұмыстар, үлкен және шағын көпірлерді, бас каналдардың көздерін, арық, өзендерді тазалау жұмыстарына қатысу. 4. Әлеуметтік – мәдени объектілерді, тұрғын үйлерді жаңарту, жөндеу құрылыс жұмыстары. 5. Тарихи – сәулет ескерткіштері, кешен, қорық аумақтарын қалпына келтіру жұмыстарына қатысу. 6. Өңірлерді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту). 7. Ауқымды мәдени шараларды ұйымдастыруға көмек (спорт жарыстар, фестивальдар, мерекелер, халықтың шығармашылық байқауы және тағы басқа), тұратын жерлерінде балалардың және жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру. 8. Республикалық және өңірдегі қоғамдық науқандарын өткізуге көмек көрсету. Халық санағына, социологиялық зерттеу өткізуге, шаруашылық кітаптарын анықтауға, қорғаныс істер бөлімінде, салық органдарында мұрағат құжаттарымен жұмыс істеуге, полигон құжаттарын әзірлеуге қатысу. 9. Мал, құстарды бордақылау, көкөніс және дәнді майлы дақылдарды өсіру жөнінде қысқа мерзімдік жұмыстар. 10. Мал дәрігерлік санитарлық – алдын алу іс шараларына қатысу. 11. Ауыл шаруашылығының зиянкестерімен күрес жұмыстарына қатысу. 12. Ауру және қарт адамдарға күтім жасау, үй жұмысына көмек. 13. Құқықтық тәртіп сақтау және объектілерді, оның ішінде саяжай учаскелерін күзетуге қатысу. 14. Маусымдық – жылыту жұмыстары. 15. Ғимараттарды, тұрғын үйлердің баспалдақтарын жинау. 16. Газет – журналдарға жазылу науқанын өткізуге көмектесу және хаттарды жеткізу. 17. Мектеп асханаларында қосалқы жұмыстарға қатысу. 18. Ауылдық округтарында отын әзірлеу.
Басқа 13