О ставках фиксириванного суммарного налога Күшін жойған
Басқа 0
Тіркелген жиынтық
салық ставкалары туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан
Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 394 бабына сәйкес және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы № 1016
«Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық
ставкаларының мөлшерін бекіту туралы» Қаулысы негізінде Риддер қалалық
мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Риддер қаласы аумағында салық салу объектісінің бір бірлігіне
тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес
белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әділет
органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және
2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Мәслихаттың 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 13/5-ІІІ «Салықтың
тіркелген сомалық ставкаларының мөлшері туралы», 2005 жылғы 24
каңтардағы тіркеу нөмірі 2146 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Басқа 4
Риддер қалалық мәслихатының
XXIX сессиясының 2006 жылғы
12 желтоқсандағы № 29/4-ІІІ
шешіміне қосымша
№
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен)
1.
Ойын үстелі
2200
2.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматы
50
3.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшалай үтысы бар ойын автоматы (электрондық рулетканы қоспағанда)
80
4.
Электрондық рулетка
100
5.
Тотализатор кассасы
200
6.
Букмекерлік кеңсе кассасы
100
7.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы
10
8.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы
15
9.
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер
10
10.
Ойын жолы
55
11.
Карт
25
12.
Бильярд үстелі
30
13.
Лото ұйымдастырушы
80
Калалық мәслихат хатшысы
Г. Тищенко