Об утверждении стоимости разовых талонов для физических лиц, деятельность которых носит эпизодический характер, и лиц, осуществляющих реализацию товаров на рынке Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар және базарда тауарларды сатуды жүзеге асыратын тұлғалар үшін біржолғы талондардың құнын бекіту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармакшасына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 373-бабы 2-тармағына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Базарда тауарларды сатуды жүзеге асыратын тұлғалар үшін (тұрақты үй-жайларда сауда жасайтындарды қоспағанда) біржолғы талондардың құны - 103 теңге болып бекітілсін.
Тармақ 3
3. Мәслихаттың 2002 жылғы 17 сәуірдегі № 109 "Базардағы сатушылар эпизодтық қызмет істейтін жеке тұлғаның бір жолғы талон құнының және жарнама кеңістігін қолданудағы төлем мөлшерін бекіту туралы" (мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 1520, бұрын мәслихаттың 2003 жылғы 4 қыркүйектегі № 175 "Қамысты аудандық мәслихатының 2002 жылғы 17 сәуірдегі № 109 "Базардағы сатушылар мен эпизодтық қызмет істейтін жеке тұлғаның бір жолғы талон құнының және жарнама кеңістігін қолданудағы төлем мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толыктырулар енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 2514, № 44 "Новый путь - Бозторғай" газетінде 2003 жылғы 7 қарашада ресми жарияланған) шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 4
4. Мәслихаттың 2006 жылғы 21 қыркүйектегі № 207 "Қамысты аудандық мәслихатының 2002 жылғы 17 сәуірдегі № 109 "Базардағы сатушылар мен эпизодтық қызмет істейтін жеке тұлғаның бір жолғы талон құнының және жарнама кеңістігін қолданудағы төлем мөлшерін бекіту туралы" шешімінін күші жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет және экономика, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халықты әлеуметтік қорғау, тілдер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы шешім, оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін, он күнтізбелік күн өткен соң колданысқа енгізіледі.
Басқа 7