О проведении приписки граждан призывному участку Қолданыста
Басқа 0
Шақыру учаскесіне тіркеуге алуды жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндет пен әскери қызмет туралы» Заңының 17, 18 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы №371 «Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу тәртібі туралы Ережелерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1990 жылы туылған және одан ересек, одан бұрын тіркеуге алынбаған шақырылған азаматтарды шұғыл әскери қызметке 2007 жылғы қаңтар-наурыз айларында мерзімдік әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Мерзімдік әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін аудандық шақыру комиссиясы мына резервтік құрамымен құрылсын:
Шақыру комиссиясының төрағасы
Қызылжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі Бөлімнің бастығы Қанатбек Өмірбекұлы Мұсаев
Шақыру комиссиясының төрағасының орынбасары - Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Артур Кенжеәкімұлы Молдағұлов
Комиссия мүшелері - Қызылжар ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы орынбасары Иманбай Қапышұлы Жомартов
- Медициналық комиссияның бас дәрігері жасөспірімдер дәрігер-терапевті Кама Ашуқызы Сәдуақасова
Комиссия хатшысы - жасөспірімдер кабинетінің медициналық бибісі Любовь Николаевна Мамбетова.
Қажет болған жағдайда тіркеу бойынша комиссияның келесі резервтік құрамынан қажетті маманды пайдалансын:
Комиссиясының төрағасы - Қызылжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі Бөлімнің шақырту және контракт бойынша әскери қызметкерлерді жинау бөлімшесінің бастығы Андрей Борисович Хорошенко
Комиссиясының төрағасының орынбасары - Қызылжар ауданы әкімінің
Орынбасары Қолышпаев Түяқ Қайырбекұлы
- Қызылжар ауданы ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Қайрат Темірғалиұлы Мейманов
- Орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Владимир Юрьевич Богданов
Тармақ 3
3. Селолық округ әкімдеріне азаматтардың ұйымдастырылған түрде, уақтылы комиссияға келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Әскер қатарына әскерге шақыртылатындарды медициналық куәландырудан сапалы өткізу аудандық орталық емхананың бас дәрігері А.Я. Коға (келісімі бойынша) ұсынылсын:
«Қарулы күштердегі медициналық куәландыру туралы Ереже» талаптарына сәйкес шақыру учаскесін қажетті медициналық-санитарлық мүліктермен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету;
анықталған сырқат әскер қатарына шақырылушыларды олардың стационарлық тексеріс үшін қажетті төсек-орын бөлумен кезектен тыс медициналық байқау және емдеуді қамтамасыз ету.
Тармақ 5
5. Қызылжар ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы Е.А.Мизамбаевқа:
әскерге шақыру және әскерге жіберетін кезеңінде шақыру учаскесіндегі қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін, белгіленген кезеңге қорғаныс істері жөніндегі Бөлімнің тапсырысы бойынша іздеу салуға, жалпыға бірдей әскери міндеттен бас тартып жүрген тұлғаларды ұстауға, әскерге шақыртудан әдейі жалтарып жүрген, сонымен қатар шақыру пунктіне азаматтардың уақытылы келуіне бөгет келтірген тұлғаларды жауапкершілікке тартуға полиция қызметкерлерін бөлсін.
Тармақ 6
6. Қызылжар аудандық қорғаныс істері бойынша Бөлімнің бастығы Қ.Ө.Мұсаевқа (келісімі бойынша) шақырылушылардың әскери есепке алынуын жүргізу жүктелген ұйымдардың әскерге шақырылушыларын есепке алу жағдайын тексеру үшін қорғаныс істері бойынша Бөлімнің қызметтік жеңіл автокөлігін пайдалану ұсынылсын.
Тармақ 7
7. «Қызылжар аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ә.М. Айтқожанова әскери қызметке азаматтарды шақыртуды жүргізу үшін шығыс сметаға сәйкес уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.В.Даровик:
жоспарланған шығын сметасына сәйкес аудандық аурухананың жүргізген медициналық куәландыру жұмыстарының ақысын төлесін;
ауданның елді мекендерінен тіркелуге тиісті азаматтарды жеткізу үшін осы мақсатка Қызылжар аудандық қорғаныс істері бойынша Бөлімімен берілген автобус пайдаланылсын;
тіркеуді материалдық-техникалық қамтамамсыз ету үшін шақырту учаскесіне азаматтарды тіркеуді өткізу уақтысына 4 бірлік іс жүргізуші, Қызылжар аудандық қорғаныс істері бойынша Бөлімімен берілген автобус жүргізушісі, шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеу бойынша комиссия өткізілетін бөлменің еден сыпырушысы жұмысқа қабылдансын.
Тармақ 9
9. Шақыру комиссиясы қорғаныс істері жөніндегі Бөлімнің ғимаратында өткізілсін.
Тармақ 10
10. Шақырту учаскесіне азаматтарды тіркеуді өткізудің берілген кестесі бекітілсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К. Молдағұловқа жүктелсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулы әділет органдарында тіркеуден өткеннен бастап күшіне енеді.
Келісілген
Қызылжар аудандық қорғаныс істері
жөніндегі Бөлімінің бастығы
Қ.Ө.Мұсаев
Аудандық орталық
аурухананың бас дәрігері
А.Я.Ко
Басқа 13. Қызылжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі Бөлімнің шақырту учаскесіне тіркеу бойынша комиссияға 1990 жылы туған бозбалалардың келу КЕСТЕСІ
Қызылжар ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 418
қаулысына қосымша
Қызылжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі Бөлімнің шақырту учаскесіне тіркеу бойынша комиссияға 1990 жылы туған бозбалалардың келу КЕСТЕСІ
№ р/с
Селолык округтердін атауы
Комиссияға шакырылатын
адамдардын саны
соның ішінде келу күндері бойынша
10.01.
11.01.
12.01.
1
Архангельск
20
2
Асанов
12
3
Бескөл
57
8
17
4
Березов
12
12
5
Бугровое
7
6
Вагулин
12
7
Виноградов
8
8
Долматов
8
8
9
Куйбышеө
54
10
Қызылжар
15
11
Новоникольск
5
5
12
Налобин
13
13
13
Прибрежный
37
14
Петерфельд
12
15
Рассвет
26
26
16
Светлопольск
7
17
Соколов
39
17
18
Якорь
21
19
Рощинск
22
20
Лесной
11
11
БАРЛЫҒЫ:
398
39
37
41
Кестенің жалғасы
соның ішінде келу күндері бойынша
15.01.
16.01.
17.01.
18.01.
19.01.
22.01.
23.01.
24.01.
20
12
15
17
7
12
8
12
42
15
37
12
7
22
21
22
42
33
32
42
41
39
37
15