Об игорном бизнесе Қолданыста
Басқа 0
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұйымдар
1-1-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының мақсаты мен міндеттері
2-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасы
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
4-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметтің негізгі принциптері
5-бап. Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік реттеу
6-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлері
6-1-бап. Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болып табылатын шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тізбесі
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
8-бап. Уәкілетті органның және өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті
9-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау
10-бап. Ойын бизнесін ұйымдастырушыларға және ұтыстарға салық салу
11-бап. Ойын мекемелерінің орналасуы
12-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар
12-1-бап. Букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың аппараттық-бағдарламалық кешені
12-2-бап. Бірыңғай есепке алу жүйесі
12-3-бап. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы жүзеге асыратын мөлшерлемелерден аударымдар
13-бап. Өтінім берушілерге лицензия алу үшін қойылатын біліктілік талаптары
14-бап. Міндетті резервтер және банк кепілдігі
15-бап. Ойын мекемелеріне келудің тәртібі мен ерекшеліктері
16-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
16-1-бап. Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік бақылау
16-2-бап. Алынып тасталды
16-3-бап. Алынып тасталды
17-бап. Өтпелі және қорытынды ережелер
Ойын бизнесі туралы
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аппараттық-бағдарламалық кешен – ақпараттық процестерді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;
Тармақша 2
2) бәс тігу - қатысушылардың өз арасында не ойын бизнесін ұйымдастырушымен ұтыс көзделіп, олар қатыспайтын оқиғаның нәтижесiне жасалған, тәуекелге негiзделген келiсiм;
Тармақша 2-1
2-1) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық – бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу үшін пайдаланылатын, бәс тігуге қатысушыларға нәтижесіне өздері мөлшерлемелер жасаған оқиғаның дамуы мен қорытындысын байқауға мүмкіндік беретін құрылғылар;
Тармақша 2-2
2-2) бенефициарлық меншік иесі –
бұл:
заңды тұлғаның немесе заңды тұлға
құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не
орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары
шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде
тиесілі;
заңды тұлғаны немесе заңды тұлға
құрмайтын шетелдік құрылымды өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын;
оның мүддесінде заңды тұлға немесе
заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен
операциялар жасайтын жеке тұлға;
Тармақша 3
3) букмекерлік кеңсе – қатысушылармен бәс тігу жасасатын ойын бизнесін ұйымдастырушы;
Тармақша 3-1
3-1) бірыңғай есепке алу жүйесі – телекоммуникация желілері арқылы букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың аппараттық-бағдарламалық кешеніне қосылған, жеке тұлғаның нұсқауы бойынша тотализатордың немесе букмекерлік кеңсенің электрондық кассаларындағы электрондық ақшаны пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауды (жүзеге асыруды), оларды есепке алуды және букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыға аударуды, жеке тұлғаларға электрондық ақшаны пайдалана отырып ұтыстарды төлеуді, жеке тұлғадан тотализатордың немесе букмекерлік кеңсенің кассаларында қабылданған (жүзеге асырылған) қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз төлемдерді және тотализатордың немесе букмекерлік кеңсенің кассаларында төленген ұтыстарды есепке алуды, бәс тігуге әрбір қатысушы, бәс тігуге әрбір қатысушы бойынша бәс тігуге қабылданған мөлшерлемелер, бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттер, олар бойынша ұтыстар мен төлемдер туралы ақпаратты дербестендірілген жинауды, өңдеу мен сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ интернет-казино, букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерін қамтитын интернет-ресурстарды Қазақстан Республикасының аумағында анықтау бойынша мониторингтеуді және олар бойынша мәліметтерді масс-медиа саласындағы уәкілетті органға беруді қамтамасыз ететін бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдардың жиынтығы;»;
Тармақша 4
4) заңдастырылған белгілер – ойын бизнесін ұйымдастырушының қағидаларында айқындалған тәртіппен құмар ойындарға қатысу үшін қолма-қол ақшаны алмастыратын және ойын мекемелерінде пайдаланылатын белгілі бір номиналдағы фишкалар, жетондар және (немесе) электрондық жеткізгіштер;
Тармақша 4-1
4-1) интернет-казино – нақты уақыт режимінде Интернет желісі және (немесе) электрондық ақша арқылы құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу мүмкіндігін іске асыратын және ұтыс алуды көздейтін интернет-ресурс;
Тармақша 5
5) казино - құмар ойындарды ұйымдастыру және өткізу үшін ойын үстелдері пайдаланылатын ойын мекемесі;
Тармақша 6
6) казиноның немесе ойын автоматтары залының кассасы – ойын бизнесін ұйымдастырушы арнайы жабдықтаған, ақшамен операциялар, сондай-ақ заңдастырылған белгілерді беру және (немесе) қайтару жүзеге асырылатын ойын мекемесіндегі орын;
Тармақша 7
7) құмар ойын – ұтысты көздейтін, қатысушылардың өз арасында не ойын бизнесін ұйымдастырушымен аталған адамдар қатысатын оқиға нәтижесіне жасалған, тәуекелге негізделген келісім;
Тармақша 7-1
7-1) құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысушы - құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысатын жеке тұлға;
Тармақша 7-2
7-2) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адам – құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге салыну салдарынан сот әрекет қабілетін шектеген жеке тұлға, сондай-ақ құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудан
өзін шектеген Қазақстан Республикасының азаматы;
Тармақша 7-3
7-3) мерчент ID – төлем жүйелерін пайдалана отырып, шетелдік компанияны төлем және (немесе) ақша аударымын алушы ретінде сәйкестендіретін символдардың бірегей жиынтығы;
Тармақша 8
8) міндетті резервтер - ойын бизнесін ұйымдастырушыға немесе өтінім берушіге меншік құқығында тиесілі, оның ішінде кредитке алынған және салымдарды алғаш талап ету бойынша (талап етуге дейінгі салым) және осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес олар пайдаланатын салымды беру шарттарымен банктік салым шарты негізінде Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде орналастырылатын ақша;
Тармақша 9
9) ойын автоматы – құмар ойындарды өткізу үшін пайдаланылатын, ұтысын ойын бизнесін ұйымдастырушының немесе оның қызметкерлерінің қатысуынсыз осындай ойын жабдығы корпусының ішінде орналасқан құрылғы кездейсоқ тәсілмен айқындайтын ойын жабдығы (механикалық, электр, электрондық немесе өзге де техникалық жабдық);
Тармақша 10
10) ойын автоматтары залы - құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу үшін ойын автоматтары ғана пайдаланылатын ойын мекемесі;
Тармақша 11
11) ойын бизнесi - құмар ойындарды және (немесе) бәс тiгуді ұйымдастыруға және өткiзуге байланысты кәсiпкерлiк қызмет;
Тармақша 12
12) ойын бизнесiн ұйымдастырушы – құмар ойындарын және (немесе) бәс тiгудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес ұйымдастыруды және өткiзудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 13
13) ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ойын бизнесi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттiк орган;
Тармақша 14
14) ойын жабдығы – құмар ойындарды өткізуге арналған және пайдаланылатын құрылғылар немесе құралдар;
Тармақша 15
15) ойын мекемесi – ұтыс алуды көздейтiн
құмар ойындар осы Заңда
белгіленген талаптарға сәйкес өтетiн ғимарат, үй-жай, құрылысжай;
Тармақша 15-1
15-1) ойын сессиясы – ойын бизнесін ұйымдастырушының қағидаларында айқындалатын, ұтысты анықтаумен (тіркеумен) аяқталатын, құмар ойынға қатысушының ойын бизнесін ұйымдастырушымен өзара қатынас жасау тәртібі;
Тармақша 16
16) ойын үстелі - ойыншының (ойыншылардың) және казиноның бір өкілінің қатысумен құмар ойындар өткізуге арналған ойын жабдығы;
Тармақша 17
17) алып тасталды - ҚР 24.04.2015 № 310-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 17-1
17-1) өтiнiм берушi – Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензия беру туралы уәкілетті органға өтініш білдірген заңды тұлға;
Тармақша 17-2
17-2) мөлшерлеме - құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысушы ойын бизнесін ұйымдастырушыға беретін және ойын бизнесін ұйымдастырушы белгілеген ережелерге сәйкес құмар ойынына және (немесе) бәс тігуге қатысудың негізгі шарты болып табылатын ақша сомасы;
Тармақша 17-3
Тармақша 18
18) тотализатор – бәс тігу жасалған кезде оған қатысушылар арасында делдалдық қызметтер көрсететін ойын бизнесін ұйымдастырушы;
Тармақша 19
19) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассасы – бәс тігуге мөлшерлемелерді қабылдау, ол бойынша ұтыс төлеу жүзеге асырылатын орын;
Тармақша 19-1
19-1) тотализатордың немесе букмекерлік кеңсенің электрондық кассасы – мөлшерлемелер мен ұтыстар бойынша есеп айырысулардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін бірыңғай есепке алу жүйесі арқылы ақпараттық-коммуникациялық желілерде мөлшерлемелерді қабылдау (есепке алу) жүзеге асырылатын және ұтыстарды төлеу жүргізілетін цифрлық жүйе;
Тармақша 20
20) алынып тасталды - ҚР 2009.05.04 № 157-IV Заңымен;
Тармақша 21
21) ұтыс – құмар ойынның және (немесе) бәс тігудің ойын бизнесін ұйымдастырушы белгілеген қағидаларда көзделген нәтижесі шыққан кезде құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыға міндетті түрде төленуге жататын мүліктік пайда;
Тармақша 22
22) электрондық казино – аппараттық-бағдарламалық кешенді және (немесе) интернет-ресурсты пайдаланатын, нақты уақыт режимінде Интернет желісі және (немесе) электрондық ақша арқылы құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу мүмкіндігін іске асыратын және ұтыс алуды көздейтін мекеме.
Бап 1-1. 1-1-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының мақсаты мен міндеттері
1-1-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының мақсаты мен міндеттері
Тармақ 1
1. Азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің мүддесі үшін ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының мақсаты болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының міндеттері:
Тармақша 1
1) ойын бизнесі саласындағы қызметтің шарттарын және оны ұйымдастыру тәртібін айқындау;
Тармақша 2
2) ойын бизнесі саласында мемлекеттік бақылау мен реттеудің ұйымдастырушылық негіздерін белгілеу.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Тармақ 1
1. Осы Заң:
Тармақша 1
1) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың құқықтық жағдайы мен қызметінің ерекшеліктеріне байланысты;
Тармақша 2
2) ойынның өзін өткізу және (немесе) бәс тігу кезінде ойын бизнесін ұйымдастырушы мен құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылар арасында туындайтын;
Тармақша 3
3) ойын бизнесін ұйымдастырушы мен уәкілетті органның арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейдi.
Тармақ 2
2. Осы Заңның күші лотереяларды ұйымдастыруға және өткізуге, сондай-ақ ойын автоматтарын пайдалана отырып, ұтыссыз қызметтер көрсетуге, спорттық іс-шараларды, оның ішінде боулинг (кегельбан), картинг, бильярд өткізуге байланысты қызметке қолданылмайды.
Бап 4. 4-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметтің негізгі принциптері
4-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметтің негізгі принциптері
Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асырудың негiзгi принциптері:
Тармақша 1
1) ойын бизнесіне қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды;
Тармақша 2
2) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың өз қызметін жүзеге асыру заңдылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Бап 5. 5-бап. Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік реттеу
5-бап. Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік реттеу
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Ойын бизнесі саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу нысандары:
Тармақша 1
1) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) ойын бизнесі саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Бап 6. 6-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлері
6-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлері
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметтің мынадай түрлері жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) казино;
Тармақша 2
2) ойын автоматтары залы;
Тармақша 3
3) букмекер кеңсесі;
Тармақша 4
4) тотализатор.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының аумағында:
Тармақша 1
1) осы баптың 1-тармағында көзделмеген ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) электрондық казино және интернет-казино қызметіне;
Тармақша 2-1
2-1) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың интернет-ресурстарына;
Тармақша 2-2
2-2) .KZ немесе .ҚАЗ домендік атаулармен тіркелгендерден және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес тіркеу есебіне қойылғандардан басқа, тотализатордың немесе букмекерлік кеңсенің электрондық кассаларына;
Тармақша 3
3) өзге мүлік түрінде ұтыс беруге жол берілетін казино қызметін қоспағанда, ақшадан басқа өзге мүлік түрінде мөлшерлемелер қабылдауды және (немесе) ұтыс беруді көздейтін құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге;
Тармақша 4
4) осы Заңның 11-бабының 1-тармағында көзделген орындарды қоспағанда, ойын жабдығын кәсіпкерлік мақсатта орнатуға және пайдалануға;
Тармақша 5
5) букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардан
(букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларынан) тыс
жерде бәс тігуді жасасуға, бәс тігу мөлшерлемелерін қабылдауға (есепке алуға),
бәс тігу бойынша ұтыс төлеуге;
Тармақша 5-1
5-1) бірыңғай есепке алу жүйесінде есепке алмай, букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының тотализатордың немесе букмекерлік кеңсенің кассасында мөлшерлемелерді қабылдауына және ұтыстарды төлеуіне;»;
Тармақша 5-2
5-2) мөлшерлемелер мен ұтыстар бойынша есеп айырысулардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін бірыңғай есепке алу жүйесінен тыс жерде тотализатордың немесе букмекерлік кеңсенің электрондық кассасында мөлшерлемелерді қабылдауға және ұтыстарды төлеуге;
Тармақша 6
6) тотализатор немесе букмекер кеңсесі қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар болып табылмайтын тұлғалардың бәс тігуіне, мөлшерлемелерді қабылдауына (есепке алуына), ұтыс
төлеуіне;
Тармақша 7
7) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатуды ынталандыруға бағытталған жүлделердің ұтыс ойыны түрінде құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге;
Тармақша 8
8) бағдарламалық қамтылым генерациялайтын және (немесе) жабдықты (механикалық, электрлі, электрондық немесе өзге де техникалық жабдықты) пайдалану және (немесе) оқиғаны тікелей трансляциялаудан басқа, оны кез келген визуализациялау арқылы оқиғаларға бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге;
Тармақша 9
9) қызметі осы Заңға сәйкес уәкілетті органның шешімі бойынша Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болып табылған шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсетуге тыйым салынады.
Бап 6-1. 6-1-бап. Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болып табылатын шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тізбесі
6-1-бап. Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болып табылатын шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тізбесі
Уәкілетті орган қызметі Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болып табылатын шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тізбесін (бұдан әрі – тізбе) жүргізеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
Тізбеде қызметі Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болып табылатын шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың мерчент ID деректері және уәкілетті орган айқындайтын өзге де мәліметтер қамтылады.
Көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер уәкілетті органның интернет-ресурсында мұндай ақпарат орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң тізбеге енгізілгені туралы хабардар етілген болып есептеледі.
Бап 7. 7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
Тармақша 2
2) букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы жүзеге асыратын, дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға, Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің қорына олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына, сондай-ақ бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуіне және бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаның қызметін қамтамасыз етуге жіберілетін мөлшерлемелерден аударымдардың мөлшерін белгілейді;
Тармақша 3
3) бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға ұстап қалатын аударымдарды дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға, Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің қорына олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына, сондай-ақ бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуіне және бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаның қызметін қамтамасыз етуге жіберу пропорциясын айқындайды.
Бап 8. 8-бап. Уәкілетті органның және өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті
8-бап. Уәкілетті органның және өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 2
2) ойын мекемелерін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға
қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 4
Тармақша 4-1
4-1) бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуі және бірыңғай есепке алу жүйесінде қамтылған ақпаратты өзге де тұлғаларға беру қағидаларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 4-2
4-2) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау қағидаларын және оған қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 4-3
Тармақша 4-4
4-4) бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғамен ынтымақтастық мерзімін, оны ұзарту немесе тоқтату шарттарын айқындайды;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияны береді;
Тармақша 5-1
5-1) бекітілген қағидаларға және біліктілік талаптарына сәйкес бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындайды;
Тармақша 6
6) лицензиардың электрондық тізілімін жүргізеді;
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 7-1
7-1) ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 7-2
Тармақша 7-3
7-3) өзі айқындайтын тәртіппен ақпаратты жүйелі түрде жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 7-4
7-4) тотализаторлар мен букмекер кеңселері кассаларының тізілімін жүргізеді;
Тармақша 7-5
7-5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ойын бизнесі қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 7-6
7-6) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың тізімін жүргізеді;
Тармақша 8
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Өзге мемлекеттік органдар ойын бизнесі саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Бап 9. 9-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау
9-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау
Тармақ 1
1. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау осы Заңға және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Құмар ойындар
саласындағы қызмет өтінім берушіге әрбір ойын мекемесіне он жыл мерзімге
берілетін лицензия негізінде жүзеге асырылады.
Бәс тігу саласындағы
қызмет өтінім берушіге букмекерлік кеңсе не тотализатор қызметіне он жыл
мерзімге берілетін лицензия негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Лицензиялық алымның, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері, оларды есептеу және төлеу тәртібі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі)" айқындалады.
Тармақ 4
4. Лицензиялар туралы деректер лицензиардың электрондық тізіліміне енгізіледі.
Бап 10. 10-бап. Ойын бизнесін ұйымдастырушыларға және ұтыстарға салық салу
10-бап. Ойын бизнесін ұйымдастырушыларға және ұтыстарға салық салу
Ойын бизнесін ұйымдастырушыларға және ұтыстарға салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 11. 11-бап. Ойын мекемелерінің, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың (букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар кассаларының) орналасатын жері
11-бап. Ойын мекемелерінің, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың (букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар кассаларының) орналасатын жері
Тармақ 1
1. Казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары) Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Бурабай ауданында, Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында, Жетісу облысының Панфилов ауданында және Алакөл көлінің жағалауында, Алматы облысының Талғар ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында және Зайсан ауданында
жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жатады.
Казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған аумақтардың шекараларын жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
Казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған аумақтардың шекараларын
өзгертуді жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асырады.
Казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған аумақтардың шекараларын өзгерту кезінде ойын бизнесін ұйымдастырушылар қызметін лицензиялар негізінде жүзеге асыратын жер учаскелерін осындай аумақтардың шекараларынан алып тастауға жол берілмейді.
Казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, тарихи-мәдени мақсаттағы, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждарына арналған жерлерге орналастыруға тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген аумақтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Казино,
ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар (букмекерлік
кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары) тұрғын емес үй-жайларда орналастырылуға тиіс. Оларды тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) тұрғын емес үй-жайларында, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен олардың кешендерінің ғимараттарында және басқа да өндірістік, коммуналдық объектілерде және қойма объектілерінде, ғибадат үйлерінде (құрылыстарында), мемлекеттік органдар мен мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық және қала маңы қатынастарындағы қоғамдық көліктің барлық түрлерінің станциялары мен аялдамаларында орналастыруға тыйым салынады.
Букмекерлік кеңсе мен тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыға бәс тігуге қатысушыларға өздері нәтижесіне мөлшерлемелер жасаған оқиғаның дамуы мен нәтижесін байқауға мүмкіндік беретін жабдықты букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларынан тыс жерге орналастыруға, сондай-ақ бәс тігуге қатысушыларға букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың электрондық кассаларына қол жеткізу үшін, байланыс қызметтерін қоса алғанда, техникалық құралдарды немесе қабылданған мөлшерлемелер, төленген және төленбеген ұтыстар туралы ақпарат беруге тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Көрінеу заңсыз ойын мекемесін ашу не ойын бизнесін ұйымдастыру үшін ғимаратты, үй-жайды немесе құрылысты беруге, сондай-ақ көрінеу заңсыз ойын бизнесін жүзеге асыру (ұйымдастыру) үшін ойын жабдығын, бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық беруге тыйым салынады.
Бап 12. 12-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар
12-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар
Тармақ 1
1. Бір казинода кемінде отыз ойын үстелі орнатылуға тиіс.
Тармақ 2
2. Ойын автоматтары залында кемінде алпыс ойын автоматы орнатылуға тиіс.
Тармақ 3
3. Әрбір ойын автоматы тиісті ойын жабдығына қатысты Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сай болуға тиіс.
Тармақ 4
4. Ойын бизнесін ұйымдастырушы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға ұтыстарды төлеуді жеке басты куәландыратын құжатты көрсету негізінде немесе құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыны сәйкестендірудің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілін қолдана отырып, өткізілетін құмар ойындар және (немесе) бәс тігу қағидаларында көзделген мөлшерде және мерзімдерде, бірақ осы құмар ойынның және (немесе) бәс тігудің нәтижелері шығарылған кезден бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей жүргізеді.
Бәс тігуге қатысушыға букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың кассасында қабылданған мөлшерлемелер бойынша ұтыстарды төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез келген тәсілмен жүзеге асырылады. Ұтыстарды төлеуді есепке алу бірыңғай есепке алу жүйесінде көрсетіледі.
Бәс тігуге қатысушыларға букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың электрондық кассасында қабылданған мөлшерлемелер бойынша ұтыстарды төлеуді букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы ұтқан мөлшерлеме жасалған бірыңғай есепке алу жүйесінде бәс тігуге қатысушының электрондық ақшасының электрондық әмиянына ақша қаражатын есепке жатқызу арқылы ойын бизнесін ұйымдастырушының бірыңғай есепке алу жүйесіндегі электрондық ақшасының электрондық әмиянынан жүргізеді.
Тармақ 5
5. Ойын автоматтарын немесе олардың бөліктерін казинодағы және ойын автоматтары залдарындағы қабырғаларға, терезе мен есiктің ойықтарына монтаждауға тыйым салынады.
Тармақ 6
6. Ойын автоматына технологиялық түрде салынған ұтыс пайызы тоқсан бес пайыздан төмен болмауға тиіс.
Тармақ 7
7. Ойын мекемелерінің,
букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың кассалары мен ойын орындары жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге барлық қатысушылардың әрекеттерін тіркейтін бейне жазу жүйелерімен жабдықталуға тиіс.
Тармақ 7.1
7-1. Букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары металл есікпен, брондалған шынымен және жеке күзет ұйымының немесе аумақтық ішкі істер органы кезекші бөлімінің орталықтандырылған пультіне қосылған дабыл сигнализациясымен жарақтандырылуға тиіс.
📌 Ескерту. Алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі - ҚР 02.07.2020 № 356-VI Заңымен.
Тармақ 8
8. Кассада немесе ойын бизнесін ұйымдастырушының шоттарында құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыға ұтысты төлеу үшін ақша жетіспеген жағдайда ойын бизнесін ұйымдастырушы осы Заңның 14-бабында белгіленген ережелерді ескере отырып, жетпеген сомаға міндетті резервтерді пайдалануы тиіс.
Тармақ 9
9. Букмекер кеңсесінің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы аппараттық-бағдарламалық кешен мен бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық арқылы жасалған мөлшерлемелердің жалпы сомасын қабылдауды, оның бірыңғай есебін жүргізуді, бәс тігуге қатысушылардың мөлшерлемелерін өңдеуді және ұтысты төлеуді жүзеге асыруға және қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 10
10. Букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы нәтижесіне бәс тігілетін оқиғаны өз бетінше айқындайды.
Тармақ 11
11. Тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы ат спорты жарыстары (атшабыстар, ат жарыстары) және (немесе) ит жарыстыру шеңберінде болатын алдағы нақты оқиғаларға мөлшерлемелер қабылдайды.
Тармақ 12
12. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор мөлшерлемелерді букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың тиісті кассасы және (немесе) букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың электрондық кассасы арқылы қабылдайды. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор бірыңғай есепке алу жүйесінде
мөлшерлемелерді есепке алмай, оларды қабылдауға құқылы емес.
Букмекерлік кеңсе және тотализатор мөлшерлемелер бойынша есеп айырысулардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін бірыңғай есепке алу жүйесі арқылы ғана тотализатордың немесе букмекерлік кеңсенің тиісті электрондық кассасы арқылы мөлшерлемелерді қабылдауға міндетті. Бірыңғай есепке алу жүйесі арқылы мөлшерлемелер мен ұтыстар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін букмекерлік кеңсе және тотализатор уәкілетті орган тарапынан бірыңғай есепке алу жүйесімен интеграциялау туралы хабарлама алғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғамен және төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартылған заңды тұлғамен есеп айырысуларды жүзеге асыру туралы шарт жасасуға міндетті.
Тармақ 13
13. Ойын бизнесін ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға
қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
Тармақ 14
14. Букмекерлік кеңсе қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы мөлшерлемелерді аппараттық-бағдарламалық кешен есептеген коэффициенттер негізінде және аккредиттелген спорт федерациялары өткізетін немесе халықаралық спорт ұйымдары, федерациялары, комитеттері аясында өткізілетін спорттық жарыстар шеңберінде болатын алдағы нақты оқиғаларға ғана қабылдайды.
Тармақ 15
15. Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар аппараттық-бағдарламалық кешенмен жабдықталуға тиіс. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы мөлшерлемені қабылдағанға дейін бәс тігуге қатысушыны тіркеуді қатысушының жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін деректерді енгізе отырып, аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы жүргізуге міндетті.
Тармақ 15-1
15-1. Ойын бизнесін ұйымдастырушы ойын мекемесінде, букмекерлік кеңсенің және тотализатордың үй-жайларында, казино мен ойын автоматтары залының кассаларында, букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың кассалары мен электрондық кассаларында, өзінің интернет-ресурстарында (олар болған кезде) көрнекі жерге құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертуді орналастырады.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертуде болжамды теріс салдар қамтылуға тиіс.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертудің мәтінін, эскиздерін уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 16
16. Мыналар:
Тармақша 1
1) экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы үшін не ауырлығы орташа қасақана қылмыстар, ауыр қылмыстар, аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар адам, оның ішінде өзіне қатысты қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісі болған кезде құрылтайшысы, қатысушысы немесе бенефициарлық меншік иесі болып табылатын заңды тұлға;
Тармақша 2
2) салықтық берешегі бар немесе банкрот деп танылған заңды тұлғаның құрылтайшысы, қатысушысы немесе бенефициарлық меншік иесі болып табылған тұлға құрылтайшысы, қатысушысы немесе бенефициарлық меншік иесі болып табылатын заңды тұлға;
Тармақша 3
3) әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен жақын туыстары бар адам құрылтайшысы, қатысушысы немесе бенефициарлық меншік иесі болып табылатын заңды тұлға ойын бизнесін ұйымдастырушы бола алмайды (заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) тікелей және (немесе) жанама түрде иелене, пайдалана, оларға билік ете және (немесе) басқара алмайды).
Тармақ 17
17. Осы баптың 16-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адам ойын мекемесінде басшылық лауазымға тағайындала алмайды.
Бап 12-1. 12-1-бап. Букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың аппараттық-бағдарламалық кешені
12-1-бап. Букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың аппараттық-бағдарламалық кешені
Тармақ 1
1. Аппараттық-бағдарламалық кешен сервері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) сәйкес бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасының фискалдық режимімен қамтамасыз етілуге тиіс. Аппараттық-бағдарламалық кешеннің сервері Қазақстан Республикасының аумағында
ойын
бизнесін ұйымдастырушы орналасқан жерде болуға тиіс.
Тармақ 2
2.
Букмекерлік
кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы бәс тігу қорытындысының нұсқаларына ұтыстардың коэффициенттерін есептеуді, қабылданған мөлшерлемелерді есепке алуды, бәс тігу нәтижелері бойынша ұтыстарды есептеуді, ұтыстарды және олар бойынша төлемдерді есепке алуды аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы жүзеге асыруға тиіс.
Тармақ 3
3. Аппараттық-бағдарламалық кешен
букмекерлік
кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге және уәкілетті органға Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға
қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпаратты жинауды және ұсынуды жүзеге асыруға тиіс.
Тармақ 4
4. Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар мәліметтерді беру бойынша автоматтандырылған өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында аппараттық-бағдарламалық кешендерді мемлекеттік кірістер органдарының және қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды қамтамасыз етуге міндетті.
Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының және қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтерді беру тәртібін, олардың тізбесі мен нысанын тиісті мемлекеттік органдар белгілейді.
Тармақ 5
5. Букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы уәкілетті орган тарапынан бірыңғай есепке алу жүйесімен интеграциялау туралы хабарлама алғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей интеграциялау туралы шарт жасасуға және уәкілетті орган бекітетін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуі және бірыңғай есепке алу жүйесінде қамтылған ақпаратты өзге де тұлғаларға беру қағидаларында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, аппараттық-бағдарламалық кешендерді бірыңғай есепке алу жүйесімен интеграциялауды он бес жұмыс күнінен кешіктірмей қамтамасыз етуге міндетті. Бірыңғай есепке алу жүйесімен интеграцияланбай, аппараттық-бағдарламалық кешендердің жұмыс істеуіне, букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының мөлшерлемелерді қабылдауына және ұтыстарды төлеуіне жол берілмейді.
Букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың мәліметтерді бірыңғай есепке алу жүйесіне беру тәртібі, тізбесі және мерзімдері уәкілетті орган бекітетін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуі және бірыңғай есепке алу жүйесінде қамтылған ақпаратты өзге де тұлғаларға беру қағидаларында белгіленеді.
Бап 12-2. 12-2-бап. Бірыңғай есепке алу жүйесі
12-2-бап. Бірыңғай есепке алу жүйесі
Тармақ 1
1. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін уәкілетті орган бекітілген қағидалар мен біліктілік талаптарына сәйкес айқындаған заңды тұлға қамтамасыз етеді.
Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін заңды тұлғаны тартуға құқылы. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқықтары мен міндеттері төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін өзі тартатын заңды тұлғаға берілген өкілеттіктер бөлігінде осындай заңды тұлғаға қолданылады.
Тармақ 2
2. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаға мынадай талаптар қойылады:
Тармақша 1
1) серверлері Қазақстан Республикасының аумағында орналастырылған бірыңғай есепке алу жүйесінің функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық-техникалық құралдардың болуы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде төлем қызметтерін көрсетуге арналған есептік тіркеуден өту.
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдардың тізбесіне енгізілген;
Тармақша 3
3) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген;
Тармақша 4
4) экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар не ауырлығы орташа қасақана қылмыстар, ауыр қылмыстар, аса ауыр қылмыстар үшін заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты тұлғалар тізбесіне енгізілген адамдар құрылтайшылары (қатысушылары) және (немесе) атқарушы органы және (немесе) үлестес тұлғасы болып табылатын заңды тұлғалар бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға ретінде әрекет ете алмайды.
Тармақ 4
4. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға Қазақстан Республикасының дербес деректер саласындағы заңнамасын сақтай отырып, бәс тігуге қатысушылардың жасы туралы мәліметтерді қоса алғанда, бәс тігуге қатысушылар туралы ақпаратты есепке алуды жүргізеді және букмекерлік кеңселер немесе тотализаторлар қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыларға береді.
Тармақ 5
5. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға бәс тігуге қатысушының нұсқауы бойынша мөлшерлемені төлеуге қабылдаған және (немесе) букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыға берген электрондық ақша есепке жазылады және бірыңғай есепке алу жүйесінде букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор қызметін жүзеге асыратын тиісті ойын бизнесін ұйымдастырушының электрондық ақшасының электрондық әмиянында есепке алынады.
Тармақ 6
6. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға жасалған бәс тігу туралы, оның ішінде бәс тігуге қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, бәс тігу сомасы, уақыты және оның жасалған күні, бәс тігу шарттары, ол бойынша есептелген сомалар, төленуге тиісті ұтыстар, қабылданған мөлшерлемелер, төленген ұтыстар, букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың кассалық операцияларды жүзеге асыруы, бәс тігуге қатысушылармен есеп айырысулар нысаны, бәс тігуге қатысушылардан букмекерлік кеңселер немесе тотализаторлар қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыларға және букмекерлік кеңселер және тотализаторлар қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардан бәс тігуге қатысушыларға ақша қаражатын, оның ішінде электрондық ақшаны аудару туралы ақпаратты автоматты режимде қабылдауды, тіркеуді, өңдеуді, есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ интернет-казино, букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерін қамтитын интернет-ресурстарды Қазақстан Республикасының аумағында анықтауды мониторингтеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ интернет-казино, букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілері бар ақпаратты қамтитын, Интернет желісіндегі домендік атауларды, сайттар беттерінің нұсқағыштарын және Интернет желісіндегі сайттарды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін желілік мекенжайлардың анықталғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында оларға қол жеткізуді шектеу үшін масс-медиа саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Бап 12-3. 12-3-бап. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы жүзеге асыратын мөлшерлемелерден аударымдар
12-3-бап. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы жүзеге асыратын мөлшерлемелерден аударымдар
Тармақ 1
1. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде әрбір қабылданған мөлшерлемеден дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға, Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің қорына олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына, сондай-ақ бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуіне және бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаның қызметін қамтамасыз етуге жіберілетін аударымдарды (бұдан әрі – аударымдар) жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 2
2. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың кассасында қабылданған әрбір мөлшерлемеден аударымдарды ұстап қалады және тоқсан аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаға көрсетілген тоқсан ішінде қабылданған мөлшерлемелерден ұсталған аударымдарды жібереді.
Тармақ 3
3. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға электрондық ақшаны пайдалана отырып, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың электрондық кассасында қабылдаған әрбір мөлшерлемеден аударымдарды ұстап қалады.
Тармақ 4
4. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға тоқсан аяқталған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған пропорцияларда тоқсан ішінде ұсталған жалпы аударымдар сомасын дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға, Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің қорына олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына, сондай-ақ бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуіне және бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаның қызметін қамтамасыз етуге жібереді.
Бап 13. 13-бап. Өтінім берушілерге лицензия алу үшін қойылатын біліктілік талаптары
13-бап. Өтінім берушілерге лицензия алу үшін қойылатын біліктілік талаптары
Тармақ 1
1. Өтінім берушілерге лицензия алу үшін мынадай біліктілік талаптары қойылады:
Тармақша 1
1) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн меншiк құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөлiктерiнiң) болуы;
Тармақша 1-1
1-1) казино қызметін жүзеге асыру үшiн үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақүй кешенінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөлiктерiнiң) болуы;
Тармақша 1-2
1-2) ойын автоматтары залы қызметін жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды
негіздегі казино қызметі жүзеге асырылатын үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақүй кешеніндегі ғимараттың (ғимарат, құрылыс, құрылысжай бөліктерінің) болуы;
Тармақша 2
2) казино және ойын автоматтары залы қызметін жүзеге асыру үшін меншік құқығындағы ойын жабдығының болуы;
Тармақша 2-1
2-1) букмекер кеңсесі мен тотализатордың қызметін жүзеге асыру үшін бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтың болуы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы;
Тармақша 4
4) ойын мекемесі,
букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидаларының болуы;
Тармақша 5
5) казиноның және ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыру үшін қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинацияларының болуы;
Тармақша 6
6) өтiнiм берушiде
әрбір
лицензияға осы Заңда айқындалатын мiндеттi резервтер түрiнде (республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiшпен) ойын бизнесi саласында мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыру үшiн:
казино және ойын автоматтары залдарын – 60 000 мөлшерiнде;
букмекерлік
кеңселерді – 40 000 мөлшерiнде;
тотализаторларды – 10 000 мөлшерiнде қамтамасыз етудiң болуы.
Тармақ 2
2. Өтініш беруші Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына әрбір лицензияны алу үшін уәкілетті органға (лицензиарға) өзінің осы Заңда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды табыс етеді.
Бап 14. 14-бап. Міндетті резервтер
14-бап. Міндетті резервтер
Тармақ 1
1. Міндетті резервтерді ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияларды алуға үміткер өтінім берушілер әрбір қызмет түрі үшін
әрбір
лицензияға осы Заңда белгіленген мөлшерде қалыптастырады және банктің клиентпен жасасқан шарты негізінде және алғаш талап ету бойынша (талап етуге дейінгі салым) салымды беру шарттарында Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде салым шарттарында орналастырылады.
Тармақ 2
2. Ойын бизнесін ұйымдастырушы міндетті резервтерді осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда орналастыруды тұрақты негізде қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 3
3. Алынып тасталды - ҚР 2009.05.04 N 157-IV Заңымен.
Тармақ 4
4. Міндетті резервтер Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тек қана ойын бизнесін ұйымдастырушының құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға ұтысын төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындау мақсатында және ойын бизнесін ұйымдастырушының шоттары мен кассасында ақша жетіспеген жағдайда ғана пайдаланылуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Егер міндетті резервтердің сомасы осы Заңда белгіленген мөлшерден азайған жағдайда, ойын бизнесін ұйымдастырушы осындай азайған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде міндетті резервтерді әрбір лицензияланатын қызмет түрі үшін осы Заңда белгіленген мөлшерге дейін толықтыруға міндетті.
Тармақ 6
6. Ойын бизнесін ұйымдастырушы кемінде үш айда бір рет уәкілетті органға банктік салым шартын жасаған кезде ашылған банктік шоттар бойынша ақшасының болуы және қозғалысы туралы анықтама табыс етеді.
Бап 15. 15-бап. Ойын мекемелеріне, букмекерлік кеңселердің
немесе тотализаторлардың кассаларына келудің
тәртібі мен ерекшеліктері
15-бап. Ойын мекемелеріне, букмекерлік кеңселердің
немесе тотализаторлардың кассаларына келудің
тәртібі мен ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге:
Тармақша 1
1) жиырма бір жасқа дейінгі жеке тұлғалардың;
Тармақша 2
2) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың;
Тармақша 3
3) мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген
адамдардың;
Тармақша 4
4) бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған немесе шартты түрде сотталған адамдардың қатысуына тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысы, мөлшерлемелер қабылдау және өткізілетін құмар ойындар және (немесе) бәс тігу қағидаларын ойын бизнесін ұйымдастырушы ойын мекемесінде, букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың кассасында көрінетін жерге, сондай-ақ ойын бизнесін ұйымдастырушының интернет-ресурсында (ол болған кезде) орналастырады және онда мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
Тармақша 1
1) ойын мекемесінің, букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың атауы;
Тармақша 2
2) ойын бизнесін ұйымдастырушының орналасқан жері, банктік деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, интернет-ресурсы (ол болған кезде) көрсетіле отырып, оның атауы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиясы, оның қолданылу мерзімі туралы ақпарат;
Тармақша 4
4) құмар ойындармен және (немесе) бәс тігумен шектен тыс әуестенудің зияны туралы ескерту;
Тармақша 5
5) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуды өз бетінше шектеу тәртібі;
Тармақша 6
6) құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға, сондай-ақ олардың жақын туыстарына психологиялық көмек көрсететін мамандардың (мекемелердің, ұйымдардың, қызметтердің) орналасқан жері мен байланыс телефон нөмірлері;
Тармақша 7
7) құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушының жеке басын анықтау тәртібі;
Тармақша 8
8) өткізілетін құмар ойындардың және (немесе) бәс тігудің түрлері;
Тармақша 9
9) бәс тігуге қатысушылар мөлшерлемелер жасайтын оқиға қорытындысының нәтижелерін анықтау үшін пайдаланылатын ақпарат көздерінің тізбесі;
Тармақша 10
10) құмар ойында және (немесе) бәс тігуде тікелей пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ойын бизнесін ұйымдастырушы мен құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушының құқықтары мен міндеттері;
Тармақша 12
12) құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысу шарттары;
Тармақша 13
13) құмар ойынның және (немесе) бәс тігудің, сондай-ақ ойын сессиясының өткізілу тәртібі;
Тармақша 14
14) құмар ойында және (немесе) бәс тігуде мөлшерлемелерді қабылдау шарттары;
Тармақша 15
15) тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының бәс тігуді ұйымдастырудағы делдалдық үшін сыйақысының (комиссиясының) мөлшері;
Тармақша 16
16) құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыға ұтыс төленуге тиісті нәтиже;
Тармақша 17
17) дауларды қарау тәртібі;
Тармақша 18
18)
уәкілетті орган бекіткен, ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларында көзделген өзге де мәліметтер.
Тармақ 1-1
1-1. Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында, Жетісу облысының Панфилов ауданында және Алакөл көлінің жағалауында, Алматы облысының Талғар ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында және Зайсан ауданында орналасқан казиноларға, ойын автоматтары залдарына, букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларына шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, ойын мекемесі жұмыскерлерінің және ойын мекемесінде еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауға байланысты болатын өзге де адамдардың ғана кіруіне жол беріледі.
Тармақ 2-1
2-1. Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қағидалары уәкілетті орган бекіткен ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларына сәйкес болуға тиіс.
Тармақ 3
3. Ойын бизнесін ұйымдастырушы:
Тармақша 1
1) ойын мекемесіне, букмекерлік кеңсеге немесе тотализаторға (букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың кассасына) еркін келуге Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шектеулер белгілеуге;
Тармақша 2
2) ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор (букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың кассасы) жұмысы, мөлшерлемелер қабылдау және өткізілетін құмар ойындар және (немесе) бәс тігу қағидаларын бұзатын адамдарды құмар ойындарға жібермеуге құқылы.
Бап 15-1. 15-1-бап. Құмар ойындарға және (немесе)
бәс тігуге қатысуды шектеу
15-1-бап. Құмар ойындарға және (немесе)
бәс тігуге қатысуды шектеу
Тармақ 1
1. Жиырма бір жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы уәкілетті органға өзін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың тізіміне енгізу туралы өтініш беру арқылы өзінің алты айдан он жылға дейінгі мерзімге құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын өз бетінше шектей алады.
Өтініште тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын шектеу мерзімі, жеке немесе электрондық-цифрлық қолтаңба қамтылуға тиіс. Берілген өтініш қайтарылуға немесе кері қайтарып алуға жатпайды.
Тармақ 2
2. Жақын туыстары, отбасы мүшелері азаматтың әрекет қабілетін шектеу туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде уәкілетті органға мұндай адамды құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
Тармақ 3
3. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне енгізу туралы өтініш беру, сондай-ақ тізімді жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар туралы ақпарат құпия болып табылады.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар туралы ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлғалар өтініш берушінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз не өзге де заңды негіз болмаса, оны таратуға жол бермеу талабын сақтау арқылы оның құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар туралы мәліметтер кәсіптік, қызметтік қажеттілікке, сондай-ақ еңбек қатынастарына байланысты белгілі болған адамдар оның құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.
Кәсіптік, қызметтік қажеттілікке қарай, сондай-ақ еңбек қатынастарына байланысты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне қол жеткізу құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға уәкілетті органның атына жекелеген сұрау салулар бойынша және құпиялылықты қамтамасыз ету мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды сақтау шартымен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Уәкілетті орган бірыңғай есепке алу жүйесіне, бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаға, сондай-ақ ол төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартатын заңды тұлғаға құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын шектеу мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының азаматы шектеуді жаңа мерзімге ұзарту туралы өтініш бере алады.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын өзін-өзі шектеу мерзімі аяқталған күннен кейін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне енгізілген адамдарды тізімнен алып тастайды.
Осы баптың 2-тармағына сәйкес құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне енгізілген адамды уәкілетті орган азаматтың әрекет қабілетін шектеудің күшін жою туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тізімнен алып тастайды.
Тармақ 6
6. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміндегі адамдармен құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.
Ұтыс төлеуді қоса алғанда, бәс тігуге қатысушы мен букмекерлік кеңсе немесе тотализатор арасында төлемдер, оның ішінде электрондық ақша пайдаланылған төлемдер бірыңғай есепке алу жүйесінде есепке алынбай, оларды қабылдауға (жүзеге асыруға) тыйым салынады.
Бірыңғай есепке алу жүйесі осы Заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуына тыйым салу белгіленген адамнан (оның пайдасына) электрондық ақша пайдаланылған төлемдерді қабылдаудан (жүзеге асырудан) бас тартуға міндетті.
Тармақ 7
7. Ойын бизнесін ұйымдастырушылар осы Заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуына тыйым салу белгіленген жеке тұлғаларға құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға, сондай-ақ осындай адамдардан (олардың пайдасына) қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға (жүзеге асыруға) рұқсат етуден бас тартады.
Бап 16. 16-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
16-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 16-1. 16-1-бап. Қазақстан Республикасының ойын
бизнесі туралы заңнамасының
сақталуына мемлекеттік бақылау
16-1-бап. Қазақстан Республикасының ойын
бизнесі туралы заңнамасының
сақталуына мемлекеттік бақылау
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2.
Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Ойын бизнесін ұйымдастырушылар мемлекеттік бақылау субъектілері болып табылады.
Тармақ 5
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Тармақ 6
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау ойын бизнесін ұйымдастырушылар уәкілетті органға ұсынған есептілікті, банктік салым шартын жасаған кезде ашылған банктік шоттар бойынша ақшаның бар-жоғы және қозғалысы туралы анықтамаларды, сұрау салу арқылы уәкілетті ұйымдар мен мемлекеттік органдардан мәліметтерді және түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру жолымен жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынымды ресімдейді және жібереді.
Тармақ 8
8. Ұсыным бақылау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілері расталатын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) қолма-қол – ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
Тармақша 2
2) поштамен – тапсырысты хатпен;
Тармақша 3
3) электрондық тәсілмен – уәкілетті орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Тармақ 10
10. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Тармақ 11
11. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
Тармақ 12
12. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
Бап 16-2. 16-2-бап. Тексеру жүргізуді ұйымдастыру
16-2-бап. Тексеру жүргізуді ұйымдастыру
Бап 16-3. 16-3-бап. Тексерулерді жүргізу тәртібі
16-3-бап. Тексерулерді жүргізу тәртібі
Бап 17. 17-бап. Өтпелі және қорытынды ережелер
17-бап. Өтпелі және қорытынды ережелер
Тармақ 1
1. Осы Заң 2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап ойын бизнесі саласындағы қызметпен шұғылдану құқығына 2007 жылғы 1 сәуірге дейін берілген лицензиялардың күші тоқтатылады.