О национальных реестрах идентификационных номеров Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы Осы Заң жеке, заңды тұлға (филиал мен өкiлдiк) үшiн сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастырудың негiзiнде сәйкестендiру нөмірлерінің ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мен жүргiзудiң мақсаттарын, мiндеттерiн, принциптерi мен құқықтық негiздерiн айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Тармақ 1
1. Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бақылау разряды – жеке сәйкестендіру нөмірін құрайтын цифрлық символдардың реттілігін аяқтайтын, оның қалыптастырылуының дұрыстығын бақылауға арналған цифрлық символ; 1-1) бизнес-сәйкестендiру нөмiрi – заңды тұлға (филиал мен өкiлдiк) және қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
Тармақша 2
2) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі – Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және қызметін тоқтатқан заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер), қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға, берілген бизнес-сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді қалыптастыруға және сақтауға арналған мемлекеттік дерекқор;
Тармақша 3
3) жеке сәйкестендiру нөмiрi – жеке тұлға үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
Тармақша 4
4) Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі – жеке сәйкестендіру нөмірлері туралы ақпаратты және олар берілген жеке тұлғалар туралы мәліметтерді қалыптастыруға, есепке алуға, сақтауға арналған мемлекеттік дерекқор;
Тармақша 5
5) мемлекеттiк уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - сәйкестендiру нөмiрлерiн қалыптастыруды және сәйкестендiру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
Тармақша 6
6) сәйкестендiру нөмiрi - сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнде белгiлi бiр тұлғаға қатысты мәлiметтер туралы жазбаны жүргiзуге мүмкiндiк беретiн сандық нышандар кезектiлiгi түрiнде көрсетiлген жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;
Тармақша 7
7) сәйкестендiру нөмiрi бар құжат - тiркеу органы беретiн, сәйкестендiру нөмiрiнiң бар екендiгiн растайтын құжат;
Тармақша 8
8) сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру - нәтижесiнде сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнде жеке және заңды тұлғалар (филиалдар мен өкiлдiктер) туралы мәлiметтердiң негiзiнде уәкiлеттi орган сәйкестендiру нөмiрiн құратын процесс;
Тармақша 9
9) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi - жеке және бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң тiркеу есептерiн жүзеге асыруға арналған цифрлық жүйелер;
Тармақша 10
10) тiркеушi органдар – мәлiметтердi тiркеудi және сәйкестендіру нөмiрi бар құжаттарды берудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы заңнамасының осы бапта көрсетiлмеген арнайы ұғымдары осы Заңның тиiстi баптарында айқындалатын мағыналарда пайдаланылады.
Тармақ 3
3. Құжаттарда сәйкестендiру нөмiрлерiн көрсеткен кезде:
Тармақша 1
1) ЖСН - жеке сәйкестендiру нөмiрi үшiн;
Тармақша 2
2) БСН - бизнес-сәйкестендiру нөмiрi үшiн ресми қысқарту болып танылады.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Бап 3. 3-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасаудың, жүргiзудiң және сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастырудың мақсаты мен мiндеттерi
3-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасаудың, жүргiзудiң және сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастырудың мақсаты мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мен жүргiзудiң мақсаты Қазақстан Республикасында сәйкестендiру нөмiрiн енгiзу негiзiнде белгiлi бiр тұлғаға қатысты мәлiметтердi тiркеудiң бiрыңғай жүйесiне көшу болып табылады.
Тармақ 2
2. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мен жүргiзудiң мiндеттерi:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк органдардың цифрлық дерекқорларына өзектi сипат беру және ақпараттың қайталануын болғызбау;
Тармақша 2
2) цифрлық ресурстарды басқару мен пайдалану тетiгiн жетiлдiру;
Тармақша 3
3) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк органдармен өзара қарым-қатынасын олардың жүгiнуi кезiнде рәсiмдердi жеделдету және оңайлату арқылы жетiлдiру болып табылады.
Тармақ 3
3. Жеке немесе заңды тұлға (филиал мен өкiлдiк) үшiн сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiндегi және мемлекеттiк органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелердiң цифрлық жүйелеріндегі белгiлi бiр жеке немесе заңды тұлғаға (филиал мен өкiлдiкке) қатысты мәлiметтердi сақтау үшiн жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Сәйкестендiру нөмiрi:
Тармақша 1
1) азаматтық хал актiлерiн тiркеу;
Тармақша 2
2) жеке басты куәландыратын құжаттарды беру;
Тармақша 3
3) жылжымайтын, жылжымалы мүлiк объектiлерiн, сондай-ақ жылжымайтын заттарға теңестiрiлген өзге де объектiлердi мемлекеттiк тiркеу;
Тармақша 4
4) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруын қоспағанда, төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару, сондай-ақ салықтық міндеттемелерді орындау;
Тармақша 5
5) шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарын және бейрезидент-заңды тұлғалардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарын қоспағанда, банктерде, бейрезидент-банктердің филиалдарында және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда банктік шоттарды ашу және жүргізу;
Тармақша 6
6) рұқсат беру сипатындағы құжаттарды беру;
Тармақша 7
7) тiркеу сипатындағы құжаттарды беру;
Тармақша 8
8) әскери билеттi, офицердiң жеке куәлiгiн беру;
Тармақша 9
9) статистикалық тіркелімдерді жүргізу;
Тармақша 10
10) сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) сайлаушыларды сайлауларда және республикалық референдумдарға қатысу кезiнде тiркеу;
Тармақша 12
12) орталық мемлекеттiк органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелердiң цифрлық жүйелерін жүргiзу;
Тармақша 13
13) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) немесе филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу (қайта тiркеу);
Тармақша 14
14) дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) кезiнде;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген басқа да жағдайларда қолданылады.
Бап 4. 4-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мен жүргiзудiң және сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастырудың принциптерi
4-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мен жүргiзудiң және сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастырудың принциптерi Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мен жүргiзу, сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру заңдылық, бiрлiк, мiндеттiлiк, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау, құпиялылық, электрондық ақпараттық ресурстардың тұтастығы мен сақталуын қамтамасыз ету принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 5. 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
Бап 6. 6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi Уәкiлеттi орган:
Тармақша 1
1) өз құзыретi шегiнде сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау, жүргiзу және пайдалану жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi;
Тармақша 2
Тармақша 2-1
Тармақша 2-2
Тармақша 3
Тармақша 4
4) сәйкестендiру нөмiрi бар құжаттардың әзiрленуiн ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 5
Тармақша 6
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 7. 7-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жүргiзу
7-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жүргiзу
Тармақ 1
1. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жүргiзу тиiстi ақпараттық жүйелермен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 2
2. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, мекемелерінің және өзге де заңды тұлғаларының ақпараттық жүйелері үшін электрондық ақпараттық ресурстар болып табылады.
Тармақ 3
3. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi:
Тармақша 1
1) сәйкестендiру нөмiрлерi туралы мәлiметтердi;
Тармақша 2
2) тiркеушi және басқа да мемлекеттiк органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелерден алынатын мәлiметтердi;
Тармақша 3
3) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң құрамына кiретiн мәлiметтердiң барлық өзгерiстерi туралы ақпаратты қамтиды.
Бап 8. 8-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жүргiзудi жүзеге асыратын тіркеуші органдардың, мемлекеттiк органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi
8-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жүргiзудi жүзеге асыратын тіркеуші органдардың, мемлекеттiк органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi
Тармақ 1
Тармақ 2
2. Тiркеушi органдар:
Тармақша 1
1) сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға мәлiметтердi, осындай мәлiметтер келiп түскен кезден бастап бiр жұмыс күнi iшiнде уақтылы ұсынуды;
Тармақша 2
2) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi ақпараттық жүйелерiнiң деректерiн толықтыру және өзектiлiк жағдайда ұстау үшiн уәкiлеттi органға мәлiметтердi, осындай мәлiметтер келiп түскен кезден бастап бiр жұмыс күнi iшiнде ұсынуды;
Тармақша 3
3) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнен сәйкестендiру нөмiрлерiн алып тастау немесе шартты түрде алып тастау үшiн уәкiлеттi органға мәлiметтердi, осындай мәлiметтер келiп түскен кезден бастап бiр жұмыс күнi iшiнде ұсынуды жүзеге асыруға мiндеттi.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк органдар және өзге де мемлекеттiк мекемелер:
Тармақша 1
1) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң ақпараттық жүйелерiнiң деректерiн толықтыру және өзектiлiк жағдайда ұстау үшiн уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген мәлiметтердi, осындай мәлiметтер келiп түскен кезден бастап бiр жұмыс күні ішінде ұсынуды;
Тармақша 2
2) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнен сәйкестендiру нөмiрлерiн алып тастау немесе шартты түрде алып тастау үшiн уәкiлеттi органға мәлiметтердi, осындай мәлiметтер келiп түскен кезден бастап бiр жұмыс күнi iшiнде ұсынуды жүзеге асыруға мiндеттi.
Тармақ 4
4. Сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмдерiнiң ақпараттық жүйелерінде электрондық ақпараттық ресурстарды қорғауды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жүргiзу бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. СӘЙКЕСТЕНДIРУ НӨМIРIН ҚАЛЫПТАСТЫРУ, АЛЫП ТАСТАУ НЕМЕСЕ ШАРТТЫ ТҮРДЕ АЛЫП ТАСТАУ
2-тарау. СӘЙКЕСТЕНДIРУ НӨМIРIН ҚАЛЫПТАСТЫРУ, АЛЫП ТАСТАУ НЕМЕСЕ ШАРТТЫ ТҮРДЕ АЛЫП ТАСТАУ
Бап 9. 9-бап. Сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру
9-бап. Сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру
Тармақ 1
1. Сәйкестендіру нөмірін интегралдық микросхемаға енгізуді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Жеке сәйкестендiру нөмiрiн қамтитын интегралдық микросхема осы баптың 3-тармағының «2), 3), 4), 4-1), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттарға орналастырылады.
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) туу туралы куәлік;
Тармақша 1-1
1-1) баланың туу туралы медициналық куәлігі;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
Тармақша 4
4) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;
Тармақша 4-1
4-1) қандас куәлігі;
Тармақша 5
5) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;
Тармақша 8
8) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін тіркеу куәлігі;
Тармақша 9
9) жол жүру құжаты жеке сәйкестендіру нөмірі бар құжаттар болып табылады.
Тармақ 4
4. Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi бар құжаттар:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2
2) резидент заңды тұлғалар, олардың филиалдары (өкілдіктері) үшiн – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама, филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;
Тармақша 3
3) қызметiн филиал мен өкiлдiк арқылы (тұрақты мекеме құра отырып) Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшiн – филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;
Тармақша 4
4) мыналар: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенттері болып табылатын; Қазақстан Республикасында салық салу объектілерін иеленетін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері болып табылатын; «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 220-бабының 9-тармағына сәйкес қызметін өзінің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар үшін тіркеу куәлігі болып табылады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттiк органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркеу, рұқсат беру және өзге де сипаттағы құжаттарды берген кезде сәйкестендiру нөмiрiн ескеруге мiндеттi. Банктер, бейрезидент-банктердің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар сәйкестендіру нөмірін ескеруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қалыптастыру алгоритміне сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірінің және (немесе) есептеу алгоритміне сәйкес жеке сәйкестендіру нөміріндегі бақылау разрядының дұрыс көрсетілуін бақылауға міндетті.
Тармақ 6
6. Жеке сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн бірінші рет: баланың туу туралы медициналық куәлігін; туу туралы куәлiктi; Қазақстан Республикасы азаматының паспортын; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін беру кезiнде;
Тармақша 2
2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін бірінші рет: баланың туу туралы медициналық куәлігін; тіркеу куәлігін; Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат; азаматтығы жоқ адамның куәлігін беру кезінде;
Тармақша 2-1
2-1) этникалық қазақтар үшін қандас мәртебесін беру кезінде жүзеге асырылады.
Тармақша 3
Бала асырап алу, сондай-ақ жеке сәйкестендіру нөміріндегі бақылау разрядының есептеу алгоритміне сәйкес келмеу жағдайларынан басқа, осы тармақта көрсетiлген құжаттарды қайтадан және одан кейiн беру кезінде жаңа жеке сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру жүргізілмейді. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру олар Қазақстан Республикасының аумағында болған кезде және тіркеу органдарына тек жеке өзі жүгінген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке басын сәйкестендіру мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын жеке тұлғаны дара кәсiпкер ретiнде тiркеу жеке сәйкестендiру нөмiрi бойынша жүргiзiледi. Өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу кезiнде жаңа жеке сәйкестендiру нөмiрi берiлмейдi.
Тармақ 8
8. Бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру:
Тармақша 1
1) бiрлескен дара кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер үшiн бiрлескен дара кәсiпкерлiктi мемлекеттiк тiркеу кезiнде бiр мезгiлде;
Тармақша 2
2) резидент заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшiн оларды тiркеу кезiнде бiр мезгiлде;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасында филиалдар мен өкiлеттiктер арқылы (тұрақты мекеме құра отырып) қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшiн оларды есептiк тiркеу кезiнде бiр мезгiлде;
Тармақша 4
4) мыналар: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенттері болып табылатын; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері болып табылатын; «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 220-бабының 9-тармағына сәйкес қызметін өзінің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын; филиал, өкілдік ашпай қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын; Қазақстан Республикасында салық салу объектілерін иеленетін; резидент-банктерде, бейрезидент-банктердің филиалдарында ағымдағы шоттар ашатын бейрезидент-заңды тұлғаларды мемлекеттік кірістер органында салық төлеушілер ретінде тіркеу кезінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Сәйкестендiру нөмiрiнiң құрылымына кiретiн мәлiметтер өзгерген жағдайда қайта тiркеу рәсiмi жүргiзiлмейдi.
Тармақ 10
10. Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкiлдiктердiң) сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыруға арналған өтiнiштерiн тiркеу не қабылдау:
Тармақша 1
1) нақты болатын жері бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру үшін;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) бiрлескен дара кәсiпкерлiктiң уәкiлеттi адамының тұрғылықты жерi бойынша;
Тармақша 4
4) орналасқан жерi бойынша: заңды тұлғалар (филиалдар мен өкiлдiктер) үшiн, соның iшiнде Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшiн;
Тармақша 5
5) мүлкі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғаның өткізілген акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 және одан көп пайызын құрайтын, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленетін резиденттің немесе консорциумның тұрған жері бойынша;
Тармақша 6
6) салық салу объектiлерiнiң орналасқан және (немесе) тiркелген жерi бойынша: Қазақстан Республикасында салық салынатын объектілерді сатып алатын және (немесе) оларға иелiк ететiн резидент еместер үшiн;
Тармақша 7
7) резидент-банктің, бейрезидент-банк филиалының орналасқан жері бойынша: резидент-банктерде, бейрезидент-банктердің филиалдарында ағымдағы шоттар ашатын және осы тармақтың 2) – 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру жүргізілмейтін бейрезиденттер үшін жүзеге асырылады.
Бап 10. 10-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнен сәйкестендiру нөмiрiн алып тастау немесе шартты түрде алып тастау
10-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнен сәйкестендiру нөмiрiн алып тастау немесе шартты түрде алып тастау
Тармақ 1
1. Жеке сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнен жеке сәйкестендiру нөмiрi:
Тармақша 1
1) жеке тұлға қайтыс болғанда алып тасталады.
Тармақша 2
Тармақша 3
Тармақша 4
Тармақша 5
Тармақша 6
Тармақ 2
2. Жеке сәйкестендiру нөмiрi:
Тармақша 1
1) ол туралы мәлiметтер өз құзыретi шегiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен, көлемде және мерзiмде ұсынылатын жеке тұлғаны хабарсыз кеткен деп тану туралы сот шешiмi күшiне енгеннен кейiн;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасынан кеткен кезде;
Тармақша 2-1
2-1) Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар кеткен кезде;
Тармақша 3
3) асырап алынған бала туралы мәліметтер, оның дербес деректері өзгерген кезде бала асырап алу туралы сот шешiмi күшiне енгеннен кейін;
Тармақша 4
4) соттың жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі күшіне енгеннен кейін;
Тармақша 5
5) жеке тұлға республиканың шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты тұруға кеткен жағдайда;
Тармақша 6
Тармақша 7
Тармақша 8
Тармақша 9
9) соттың бала асырап алу туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, Жеке сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен шартты түрде алып тасталады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 2-1) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, жеке тұлғаларды қайтадан және кейiннен тiркеу кезінде бұрын қалыптастырылған жеке сәйкестендiру нөмiрi бар құжат берiледi. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірі соттың бала асырап алу туралы не жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімінің күші жойылғаннан кейін қалпына келтіруге жатады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көзделген жағдайда жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірі соттың бала асырап алу туралы шешімінің күшін жою туралы сот шешімінің күші жойылғаннан кейін қалпына келтіруге жатады.
Тармақ 3
3. Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен бизнес-сәйкестендiру нөмiрi:
Тармақша 1
1) заңды тұлға (филиал, өкiлдiк) таратылған кезде;
Тармақша 1-1
1-1) қызмет нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының қызметі тоқтатылған кезде;
Тармақша 2
2) бiрлескен дара кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыруды тоқтатқан кезде;
Тармақша 3
3) резидент емес заңды тұлғаның салық салу объектiлерiне және салық салумен байланысты объектiлерге құқығы тоқтатылған кезде;
Тармақша 4
4) бейрезидент-заңды тұлға резидент-банктегі, бейрезидент-банк филиалындағы ағымдағы шотын жапқан жағдайда;
Тармақша 5
5) резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатқан және Қазақстан Республикасынан кетiп қалған жағдайда алып тасталады.
Тармақ 4
4. Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн шартты түрде алып тастау жүргiзiлмейдi.
Тармақ 5
5. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнен сәйкестендiру нөмiрiн алып тастау немесе шартты түрде алып тастау мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi негiзiнде жүргiзiледi. Алып тасталған немесе шартты түрде алып тасталған сәйкестендiру нөмiрлерi сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң ақпараттық жүйелерiнiң базасында сақталуға тиiс.
Бап 11. 11-бап. Мәлiметтер құпиясы
11-бап. Мәлiметтер құпиясы
Тармақ 1
1. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнде қамтылған, жалпыға қолжетімді болып табылатын ақпараттан басқа, мәлiметтер:
Тармақша 1
1) уәкiлеттi органның жазбаша рұқсатының негiзiнде сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң ақпараттық жүйелерi деректерiн өзектiлiк жағдайда ұстау мақсатында тiркеушi органдарға;
Тармақша 2
2) заңға сәйкес қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдарға;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылықтар үшiн жауаптылық белгiлеу туралы iстердi қарау барысында соттарға;
Тармақша 3-1
3-1) кредиттік тарих дерекқорын қалыптастыру мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюроға;
Тармақша 3-2
3-2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйесінің және электрондық ақпараттық ресурстарының деректерін қалыптастыру мақсатында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына;
Тармақша 3-3
3-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бизнес-әріптестердің тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына;
Тармақша 3-4
3-4) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін жүргізу мақсатында орталық депозитарийге;
Тармақша 3-5
3-5) заң көмегін көрсету шеңберінде адвокаттық сұрау салуды жазбаша нысанда немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберу кезінде адвокаттарға;
Тармақша 3-6
3-6) қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөнінде өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті мемлекеттік органға;
Тармақша 3-7
3-7) электрондық құжат айналымы шеңберінде электрондық абоненттік пошта жәшіктері бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі мақсатында Ұлттық пошта операторына;
Тармақша 3-8
3-8) елді мекендер шекараларының шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және елді мекендер шекараларының шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын тұрғын үй инспекциясына;
Тармақша 3-9
3-9) нысаналы талаптарға қатысушылар мен нысаналы жинақтарды алушылардың дерекқорын қалыптастыру және ақпараттық жүйеде олардың есебін жүргізу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына;
Тармақша 3-10
3-10) алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының қызметі және алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын болғызбауға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында, сондай-ақ клиенттерді қашықтан биометриялық сәйкестендіру қызметтерін көрсету үшін банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операциялық орталығына;
Тармақша 3-11
3-11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметті жүзеге асыру мақсатында ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіне;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де реттерде мәлiметтердi беру жағдайларын қоспағанда, жария етуге жатпайды.
Тармақ 2
2. Жалпыға қолжетімді ақпаратты қоспағанда, жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ақпарат Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жеке немесе заңды тұлғаның келісімімен беріледі.
Тармақ 3
3. Жеке және заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi қамтитын ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк дерекқорының құжаттарын немесе өзге де ақпарат жеткiзгiштердi жоғалтуға, сол сияқты қызметтiк iс-әрекетiне байланысты аталған ақпаратқа қол жеткiзе алатын адамдардың оларды заңсыз өзгертуiне жол берiлмейдi.
Бап 12. 12-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
12-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 13. 13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Тармақ 1
1. Осы Заң, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн осы Заңның 3-бабы 4-тармағының 4) және 5) тармақшаларын, 9-бабы 5-тармағының екiншi бөлiгiн қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Туу туралы куәлiктi қоспағанда, осы Заңның 9-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетiлген құжаттарда қалыптастырылған сәйкестендiру нөмiрi болмаған жағдайда, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап олар жарамсыз деп танылады. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін Кәсiпорындар мен ұйымдардың жалпы сыныптауышының сәйкестендiру коды, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, әлеуметтiк жеке коды пайдаланылады.
Тармақ 4
4. Алып тасталды - ҚР 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 5