Об установлении стоимости разовых талонов для физических лиц, деятельность которых носит эпизодический характер Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Іс-әрекеттері эпизодтық сипаттағы жеке тұлғаларға арналған біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы, 1 тармағының 15 тармақшасына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 373 бабына сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ETTI:
Тармақ 1
1. Іс-әрекеттері эпизодтық сипаттағы жеке тұлғаларға арналған біржолғы талондардың құны қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалысын бақылау қалалық Мәслихаттың тұрақты тексеру комиссисяна жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Қалалық Мәслихаттың 2006 жылғы 15 желтоксандағы XXXVI сессиясының № 207/36 шешіміне қосымша Іс-әрекеттері эпизодтық сипаттағы жеке тұлғаларға арналған біржолғы талондардың құны № р/р Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 30 қазандағы № 1469 «Біржолғы талондарды беру Ережелерін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген іс-әрекет түрлерінің атаулары Біржолғы талондардың бір күндік құны айлық есептік көрсеткіш пайызында 1 Сату (тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылатын қызметтен басқасы): 1) газеттер мен журналдар; 7 2) тұқым, сондай-ақ отырғызу материалдар (тікпе көшет, көшет); 10 3) бақша дақылдары; 13 4) саяжай және үй жанында өсірілген тірі гүлдер; 10 5) үй жанындағы ауыл шаруашылығы, бау, бау-бақша және саяжай учаскелерінің өнімдері. 4 2 Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді алып өткізу: 1) жақын шетелден; 129 2) алыс шетелден. 129 3 Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері. 24 4 Жолаушылар мен жүктерді (лицензиялы тасымалдардан басқасы) тасымалдау бойынша жеке жеңіл және жүк автомобильдері иелерінің қызмет көрсетулері. 23