О реорганизации государственных учреждений Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерiн қайта ұйымдастыру туралы
Әдiлет органдары қылмыстық-атқару жүйесiнiң бюджет қаражаты мен штат санын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң "ЛА-155/13 мекемесi" мемлекеттiк мекемесi оған Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң "ЛА-155/17 мекемесi" мемлекеттiк мекемесiн қосу жолымен;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң "ЕЦ-166/24 мекемесi" мемлекеттiк мекемесi оған Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң "EЦ-166/21 мекемесi" мемлекеттiк мекемесiн қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Мемлекеттiк мекемелер" деген 2-бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 9, 23-жолдар алынып тасталсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi заңнамада белгiленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.