Қолданыстағы ред. 21.12.2006

Бірлік ауылдық округінің Жаңа тіршілік елді мекенінің шегіне, Қошқарата ауылдық округіндегі Алғабас, Бесқұбыр, Мақташы, Жамбыл елді мекендерінің шегіне және Тегісшіл ауылдық округінің Таскескен, Тегісшіл, Мәдениет елді мекендерінің шектеріне өзгерістер енгізу туралы от 21.12.2006 г. № 30-11-326 (Бірлік ауылдық округінің Жаңа тіршілік елді мекенінің шегіне, Қошқарата ауылдық округіндегі Алғабас, Бесқұбыр, Мақташы, Жамбыл елді мекендерінің шегіне және Тегісшіл ауылдық округінің Таскескен, Тегісшіл, Мәдениет елді мекендерінің шектеріне өзгерістер енгізу туралы)

0

Бірлік ауылдық округінің Жаңа тіршілік елді мекенінің шегіне, Қошқарата ауылдық округіндегі Алғабас, Бесқұбыр, Мақташы, Жамбыл елді мекендерінің шегіне және Тегісшіл ауылдық округінің Таскескен, Тегісшіл, Мәдениет елді мекендерінің шектеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6,3-баптарына, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 107,108-баптарына сәйкес және Бірлік ауылдық округі, Қошқарата ауылдық округі, Тегісшіл ауылдық округі әкімдерінің ұсыныстары негізінде Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Бірлік ауылдық округы аумағындағы ауданның арнайы жер қорынан 18,0 га жайылым жер учаскесі Жаңа тіршілік елді мекенінің шегіне және Қошқарата ауыл округы аумағындағы ауданның арнайы жер қорынан 43,0 га жайылым жер учаскесі Алғабас елді мекенінің шегіне, 9,2 га жайылым жер учаскесі Бесқұбыр елді мекенінің шегіне, 77,7 га жайылым жер учаскесі Жамбыл елді мекенінің шегіне, 30,1 га жайылым жер учаскесі Мақташы елді мекенінің шегіне, Тегісшіл ауылдық округі аумағындағы ауданның арнайы жер қорынан 77,0 га жайылым жер учаскесі Таскескен елді мекенінің шегіне, 70,0 га жайылым жер учаскесі Мәдениет елді мекенінің шегіне, 54,0 га жайылым жер учаскесі Тегісшіл елді мекенінің шегіне, барлығы 379,0 га жайылым жер учаскелері елді мекендердің шегіне жеке өзіндік қосалқы шаруашылық және тұрғын үй құрылысы үшін енгізілсін.