«Шет ауданының Құрметті азаматы атағын беру туралы» Ережені бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
«Шет ауданының Құрметті азаматы атағын беру туралы» Ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» ҚР Заңының 6 бабының 1 тармағының 12-1 тармақшасына және 33 бабының 1 тармағының 3-8) тармақшасына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Шет ауданының Құрметті азаматы атағын беру туралы» Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық Мәслихаттың 2005 жылғы 14 сәуірдегі XYI-сессиясының «Шет ауданының Құрметті азаматы атағын беру туралы» Ережені бекіту туралы №16/172 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Басқа 3. «Шет ауданының Құрметті азаматы атағын беру туралы» Ереже
Аудандық Мәслихаттың
2007 жылғы 10 қаңтардағы XXXY-сессиясының
«Шет ауданының Құрметті азаматы
атағын беру туралы Ережені бекіту туралы»
№ 35/344 шешіміне
қосымша
«Шет ауданының Құрметті азаматы атағын беру туралы» Ереже
Тармақ 1
1. «Шет ауданының Құрметті азаматы» атағын беру азаматтардың айрықша сіңірген еңбегіне, қабілетіне, дарыны мен талантына, қоғамдық бағалауды білдіретін маңызды-моральдық ынталандыру белгісі болып табылады. Ол адамдардың еңбектегі әлеуметтік-экономикалық, мәдени-білім, денсаулық сақтау, денешынықтыру және спорт салаларын дамытуға, халықтар достығын нығайтуға, ұлтаралық қатынастарды үйлестіруге үндейді.
Тармақ 2
2. «Шет ауданының Құрметті азаматы» атағы аудан аумағында тұратын аудан шаруашылықтарының, кәсіпорын мекемелерінің меншік түріне қарамастан дамуына зор үлес қосқан, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық, мәдени-білім денсаулықты сақтау, денешынықтыру және спорт, рухани (мәдениет, өнер) салаларының өсіп-өркендеуіне айрықша еңбек сіңірген, мемлекеттік органдардағы мінсіз қызметі, қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене қатысқан, Шет ауданының көлемінде жемісті еңбек еткен, аудан аумағында белгілі, беделді адамдарға беріледі.
Тармақ 3
3. «Шет ауданының Құрметті азаматы» атағына ұсынылатын адамның жеке басының адамгершілік, моральдық қасиеттері, отбасындағы беделі, бала тәрбиелеуі, көпшілік қауымның көзқарасы т.б. жағдайлары еске алынады.
Тармақ 4
4. «Шет ауданының Құрметті азаматы» атағы кент, ауылдық (селолық) округ әкімдерінің, мекеме, қоғамдық ұйымдардың және Мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен депутаттар тобының ұсыныс-хаты арқылы осы атаққа ұсынылады.
Ұсыныс-хаттар «Шет ауданының Құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі жұмысшы комиссиясының отырысында қаралып, лайықты деп тапқан кандидатуралар аудан әкімінің қарауына ұсынылады, ал аудан әкімі аудандық Мәслихаттың сессиясына «Шет ауданының Құрметті азаматы» атағын беруге ұсыныс енгізеді.
Ұсынылған кандидатуралар сессияда қаралып, талқыланған соң, сессиясының шешімімен атақ беріледі немесе қабылданбайды.
Тармақ 5
5. «Шет ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы аудандық жұмысшы комиссиясының отырысы тоқсанына бір рет өткізіледі және осы атақты беру туралы ұсынысты қарағанда кент, ауылдық (селолық) округ әкімдеріне, мекеме, қоғамдық ұйымдарға және жекелеген адамдарға жауап беруге міндетті емес, түскен ұсыныстар қайтарылмайды.
«Шет ауданының Құрметті азаматы» атағы жылына бір рет, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, салтанатты түрде бес адамға беріледі. сонымен қатар, атаулы мерекеге байланысты, ерекше жағдайды ескере отырып «Шет ауданының Құрметті азаматы» атағы бес адамнан жеті адамға дейін берілуі мүмкін. Қайтыс болған азаматтарға «Шет ауданының Құрметті азаматы» атағы берілмейді.
Тармақ 6
6. Құрметті атақты беру үшін мынадай құжаттар керек: кент, ауылдық (селолық) округ әкімдерінің, мекеме және қоғамдық ұйымдарының жалпы жиналысының ұсыныс-хаттамасы және олардың берген мінездемесі 2-дана, 3х4 фотосуреті, негізінде аудан әкімінің ұсынысы.
Тармақ 7
7. «Шет ауданының құрметті азаматы» атағын алған адамға белгіленген нұсқада құрмет дипломы, куәлік және көгілдір түсті ұзындығы 2,5 метр жібек матадан тігілген «Шет ауданының Құрметті азаматы» деген жазуы бар лента және омырауға тағатын белгішек (значок) тапсырылады.
Тармақ 8
8. «Шет ауданының Құрметті азаматы» деген атқа ие болған адамның аты жөні ауданның Құрмет кітабына жазылады. Бұл жөнінде жергілікті баспасөзде міндетті түрде хабарлануы керек.
Тармақ 9
9. «Шет ауданының Құрметті азаматы» атағын қайтарып алу аудандық Мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында қаралып, аудан әкімінің ұсынысы арқылы сессиясының шешімімен қайтарылып алынады.
Тармақ 10
10. «Шет ауданының Құрметті азаматы» атағы сотұкімі арқылы қылмыстық жауапқа тартылған жағдайда кері қайтарылып алынады.
Тармақ 11
11. «Шет ауданының ұүрметті азаматы» атағы ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени-білім, денсаулық сақтау, дене шынықтыру мен спорт салаларын және рухани (әдебиет, өнер) дамуына ерекше ұлес қосқан жағдайда Республиканың басқа аумағында тұратын және шетел азаматтарына да беріледі.
Тармақ 12
12. Құрметті азамат атағын алған адамға жергілікті бюджет есебінен 30 (отыз) есе белгіленген айлық есепті көрсеткіш көлемінде ақшадай сыйлық беріледі.