Об утверждении перечня медицинских противопоказаний, имеющихся у больных алкоголизмом, наркоманией и токсикоманией, в отношении которых не применяется направление в наркологические организации для принудительного лечения Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарға жіберу қолданылмайтын алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастардың медициналық қарсы айғақтарының тізбесін бекіту туралы «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз емдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 7 сәуірдегі Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарға жіберу қолданылмайтын алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастардың медициналық қарсы айғақтарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарға жіберу қолданылмайтын алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастардың медициналық қарсы айғақтарының тізбесі
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 725 қаулысымен бекітілген Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарға жіберу қолданылмайтын алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастардың медициналық қарсы айғақтарының тізбесі
Тармақ 1
1. Шизофрения - жеке тұлғасының кемшілігі (тұрақты) бар, үздіксіз және ұстама тектес, ағымы прогредиентті түрдегі аурудың барлық нысаны (Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктемесі (бұдан әрі - АХЖ-10) бойынша коды Ғ20).
Тармақ 2
2. Бас миының ауруы, зақымдануы немесе функциясының бұзылуы салдарынан тұлға мен мінез-құлықтың басқа да органикалық бұзылуы (АХЖ-10 бойынша коды Ғ07.8), басқа бөлімдерде жіктелетін нақтыланған басқа аурулар кезіндегі деменция (АХЖ-10 бойынша коды Ғ02.8)
Тармақ 3
3. Шизоаффектілік бұзылулар (АХЖ-10 бойынша коды Ғ25), психоздық симптомдары бар ауыр депрессиялық эпизод (АХЖ-10 бойынша коды Ғ32.3), психоздық симптомдары бар маниакалдық эпизод (АХЖ-10 бойынша коды Ғ30.2), органикалық кататониялық бұзылу (АХЖ-10 бойынша коды Ғ06.1), органикалық сандырақтық (шизофренияға ұқсас) бұзылу (АХЖ-10 бойынша коды Ғ06.2), органикалық галлюциноз (АХЖ-10 бойынша коды Ғ06.0), тамырлық деменция (АХЖ-10 бойынша коды Ғ01), басқа бөлімдерде жіктелетін басқа аурулар кезіндегі деменция (АХЖ-10 бойынша коды Ғ02), нақтыланбаған деменция (АХЖ-10 бойынша коды Ғ03), алкогольмен немесе басқа психобелсенді заттармен байланысы жоқ органикалық амнестиялық синдром (АХЖ-10 бойынша коды Ғ04), басқа созылмалы сандырақтық бұзылулар (АХЖ-10 бойынша коды Ғ22.8)
Тармақ 4
4. Жеңіл, орташа және ауыр дәрежелі ақыл кемдігі (АХЖ-10 бойынша коды Ғ7).
Тармақ 5
5. Көңіл-күйдің биополярлық аффектілік бұзылуының (АХЖ-10 бойынша коды Ғ31) және рекуренттік депрессиялық бұзылуының ұстамалары (АХЖ-10 бойынша коды Ғ33).
Тармақ 6
6. Органикалық галлюциноз (АХЖ-10 бойынша коды Ғ06.0), органикалық кататониялық бұзылу (АХЖ-10 бойынша коды Ғ06.1), органикалық сандырақтық (шизофренияға ұқсас) бұзылу (АХЖ-10 бойынша коды Ғ06.2), делирия (АХЖ-10 бойынша коды Ғ10.03, Ғ10.4).
Тармақ 7
7. Ми-тамырдың басқа аурулары (АХЖ-10 бойынша коды І67), орталық нерв жүйесінің басқада анықталған зақымдануы (АХЖ-10 бойынша коды С96.8), орталық нерв жүйесінің басқада анықталмаған зақымдануы (АХЖ-10 бойынша коды G96.9).
Тармақ 8
8. Орталық нерв жүйесі туберкулезінің алшақ салдары (АХЖ-10 бойынша коды В90.0).
Тармақ 9
9. Негізінен орталық нерв жүйесін зақымдайтын жүйелі атрофиялар (АХЖ-10 бойынша кодтары G10 - G13).
Тармақ 10
10. Экстрапирамидалық және басқа қозғалыстық бұзылулар (АХЖ-10 бойынша кодтары G20 - G026).
Тармақ 11
11. Орталық нерв жүйесінің басқа дегенерациялық аурулары (АХЖ-10 бойынша кодтары G30 - G32).
Тармақ 12
12. Орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші аурулары (кодтары G35 - G37 АХЖ - 10 бойынша).
Тармақ 13
13. Эпизодтық және ұстамалы бұзылулар (АХЖ-10 бойынша кодтары G40 - G47).
Тармақ 14
14. Полиневропатиялар мен шеткі нервілер жүйесінің басқа зақымданулары (АХЖ-10 бойынша кодтары G60 - G64).
Тармақ 15
15. Декомпенсация сатысындағы эндокриндік жүйе аурулары, тамақтану мен зат алмасуының бұзылуы (АХЖ-10 бойынша кодтары Е00 - Е16).
Тармақ 16
16. ІІ-ІІІ сатыдағы НЖФ-мен омыртқаның, қабырғаның, ірі буындардың қозғалуын шектейтін спондилопатиялар (АХЖ-10 бойынша кодтары М45 - М49).
Тармақ 17
17. Қатерлі ісіктер (АХЖ-10 бойынша кодтары С00 - С97).
Тармақ 18
18. ІІ-ІІІ дәрежедегі қанайналым бұзылуларымен жүректің ақауымен бірге ревматикалық созылмалы аурулары (АХЖ-10 бойынша кодтары І05 - І09). Жіті миокард инфаркті.
Тармақ 20
20. ІІ-ІІІ дәрежедегі қанайналым бұзылуларымен инфарктен кейінгі кардиосклероз.
Тармақ 21
21. Жіті миокард инфаргінің бірқатар өтпелі асқынулары (АХЖ-10 бойынша коды І23).
Тармақ 22
22. Жүректің жіті ишемиялық ауруының басқа түрлері (АХЖ-10 бойынша коды І24).
Тармақ 23
23. Өкпелік жүрек пен өкпе қан айналымының бұзылуы (АХЖ-10 бойынша кодтары І26 - І28).
Тармақ 24
24. ІІІ-ІV дәрежедегі ФК-мен жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің ауыр бұзылуларымен жүректің басқа аурулары (АХЖ-10 бойынша кодтары І30 - І52).
Тармақ 25
25. Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы (АХЖ-10 бойынша коды І25).
Тармақ 26
26. Қан қысымының жоғарылауымен сипатталатын аурулар (АХЖ-10 бойынша кодтары І10 - І15) (II - III дәрежедегі гипертониялық ауру, сондай-ақ жиі кризистік жағдайдағы гипертониялық ауру).
Тармақ 27
27. Бас миы тамырларының ауруы (АХЖ-10 бойынша кодтары І60 - І69): бас миы қанайналымының жіті бұзылуы және парез, сал, афазия, атаксия құбылыстары бар бастан өткерген жіті ми бұзылуларынан кейінгі жағдай.
Тармақ 28
28. Артериялардың, артериолалардың және қылтамырлардың аурулары (АХЖ-10 бойынша кодтары І70 - І79).
Тармақ 29
29. II - III дәрежелі өкпе функциясының жетіспеушілігі бар төменгі тыныс жолдарының созылмалы аурулары (АХЖ-10 бойынша кодтары J140 - J147).
Тармақ 30
30. Асқыну, декомпенсация сатысындағы асқазан-ішек жолдарының аурулары (АХЖ-10 бойынша кодтары К20 - К77).
Тармақ 31
31. II - III дәрежелі органдар функциялары бұзылған дәнекер тіннің жүйелік зақымдану (АХЖ-10 бойынша кодтары М30 - М36).
Тармақ 32
32. II - III дәрежелі өкпе-жүрек функциясының жетіспеушілігі бар өкпенің сыртқы агенттер тудырған аурулары (АХЖ-10 бойынша кодтары J160 - J170).
Тармақ 33
33. Декомпенсацияның орташа және ауыр дәрежесіндегі қанның, қан өндіру ағзаларының аурулары және иммундық механизмді қамтитын жеке бұзылулар (АХЖ-10 бойынша кодтары D50 - D89).
Тармақ 34
34. Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі бар несеп-жыныс жүйесінің аурулары (АХЖ-10 бойынша кодтары N00 - N99).
Тармақ 35
35. Ауыстырылып қондырылған ағзалар мен тіндердің өлуі мен ажырауы (АХЖ-10 бойынша коды Т86).
Тармақ 36
36. Туберкулездің деструктивті және бациллалы нысандарындағы туберкулез (АХЖ-10 бойынша кодтары А15 - А19).
Тармақ 37
37. Көз аурулары:
Тармақша 1
1) көз шарасының аурулары (АХЖ-10 бойынша коды Н05);
Тармақша 2
2) тамырлы қабық пен торқабықтың аурулары (АХЖ-10 бойынша кодтары Н30 - Н36);
Тармақша 3
3) глаукома (АХЖ-10 бойынша кодтары Н40 - Н42);
Тармақша 4
4) көру нерві мен көру жолдарының аурулары (АХЖ-10 бойынша кодтары Н46 - Н48);
Тармақша 5
5) көрудің бұзылулары мен соқырлық (АХЖ-10 бойынша коды Н53 - Н54);
Тармақ 38
38. Декомпенсация немесе асқынулар сатысындағы ішкі органдардың туа біткен аурулары:
Тармақша 1
1) қанайналым жүйесінің туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері) (АХЖ-10 бойынша кодтары Q20 - Q28);
Тармақша 2
2) тыныс алу ағзаларының туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері) (АХЖ-10 бойынша кодтары Q30 - Q34);
Тармақша 3
3) ас қорыту ағзаларының туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері) (АХЖ-10 бойынша коды Q38 - Q45);
Тармақша 4
4) жыныс ағзаларының туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері) (АХЖ-10 бойынша кодтары Q50 - Q56);
Тармақша 5
5) несеп жүйесінің туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері) (АХЖ-10 бойынша кодтары Q60 - Q64);
Тармақша 6
6) сүйек-бұлшық ет жүйесінің туа біткен ауытқулары мен деформациялары (даму кемістіктері) (АХЖ-10 бойынша кодтары Q65 - Q79);
Тармақша 7
7) туа біткен басқа ауытқулар (даму кемістіктері) (АХЖ-10 бойынша кодтары Q80 - Q89);
Тармақ 39
39. Психиатриялық ауруханада стационарлық емдеуді талап ететін кез келген генездегі (оның ішінде есірткі заттары мен алкогольді тұтынудан туындаған) жіті психоздар*.
Тармақ 40
40. Жедел мамандандырылған стационарлық емдеуді талап ететін алкогольге, есірткілерге немесе басқа да психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелді науқастың барлық қосалқы аурулары*.
Тармақ 41
41. Емдеудің тазарту курсын өткізгенге дейінгі мерездің манифестік нысандары (АХЖ-10 бойынша коды А51), жаңадан пайда болған гонорея (АХЖ-10 бойынша коды А54), хламидиоз (АХЖ-10 бойынша коды А56), трихомоноз (АХЖ-10 бойынша коды А59); ауыр, атап айтқанда, асқыну сатысындағы жүйелі дерматоздар (АХЖ-10 бойынша кодтары L10 - L14, L98)* Ескертпе: * 39-41-тармақтарда көрсетілген қарсы айғақтары бар алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдар тиісті мамандандырылған ем жүргізілгеннен кейін мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарға мәжбүрлеп емдеуге жіберіледі.