Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылға 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» №836 қаулысын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы от 22.01.2007 г. № 30 (Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы)
1. Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізбесі бекітілсін (жалғанды № 1 қосымшада).
2. Ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстардың түрлері бекітілсін (жалғанды №2 қосымшада).
3. Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджеттен және жұмыс берушілердің қаражатынан олардың өтінімдері бойынша қаржыландырылады.
4. Қоғамдық жұмысқа қатысқаны үшін жұмыссыздарға нақты атқарған жұмысына қарай еңбекақы тағайындалады, ол Республика бойынша белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс.
5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Қ.Ү.Жаймов) ақылы қоғамдық жұмыстарды келісім – шарт негізінде ұйымдастыру тапсырылсын.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары З.Ж.Сисенғалиға жүктелсін.
2007 жылғы «22» қаңтар № 30
Жаңақала ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген
№ 1 қосымша
Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырылатын мекемелердің тізбесі.
1. Аудан әкімінің аппараты.
2. Жаңақала ауылдық округ әкімі аппараты.
3. Жаңақазан ауылдық округ әкімі аппараты.
4. Көпжасар ауылдық округ әкімі аппараты.
5. Жаңажол ауылдық округ әкімі аппараты.
6. Мастексай ауылдық округ әкімі аппараты.
7. Меңдешев ауылдық округ әкімі аппараты.
8. Қызылоба ауылдық округ әкімі аппараты.
9. Пятимар ауылдық округ әкімі аппараты.
10. Бірлік ауылдық округ әкімі аппараты.
11. Аудандық сот.
12. Аудандық ішкі істер бөлімі.
13. Аудандық әділет бөлімі.
14. Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі.
15. Аудандық №14 мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімі.
16. Аудандық салық комитеті.
17. Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы Министрлігінің аудандық аумақтық инспекциясы.
18. Аудандық статистика бөлімі.
19. Аудандық қоршаған ортаны қорғау инспекциясы.
20. Аудандық қазынашылық бөлімі.
21. Аудандық медицина бірлестігінің мемлекеттік мекемесі.
22. Аудандық өкпе ауруына қарсы ауруханасы.
23. Аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы.
24. Аудандық санитарлық сараптама орталығы.
25. Аудандық газ тарту мекемесі.
26. Аудандық зейнетақы төлеу орталығы.
27. Аудандық пошта байланыс торабы.
28. Аудандық телекоммуникация торабы.
29. Жаңақала ауданы әкімдігінің «Коммунал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
30.Аудандық балабақша мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорыны.
31. Аудандық «Жаңарған өңір» редакциясы.
32. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі.
33. Аудандық қаржы бөлімі.
34. Аудандық жер қатынастары бөлімі.
35. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.
36. Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығының №111 филиалы.
37. Жаңақала ауданы бойынша жалпы және негізгі мектептері
38. Д.Нүрпейсова атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
39. Е.Орақбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
40. Пятимар атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
41. Мирманов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
42. Карманов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-бала бақшасы
43. С.Мендешев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
44. М.Жүнісов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
45. Айдархан атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
46. Жаңақала орта жалпы білім беретін мектебі
47. Ю.А.Гагарин атындағы бастауыш жалпы білім беретін мектебі
48. Аудандық құрылыс бөлімі
49. Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі.
50. Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
51. Аудандық мәдени демалыс орталығы, мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны.
52. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
53. Аудандық кәсіпкерлік бөлімі
54. Аудандық ішкі саясат бөлімі
55. Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі.
56. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
57. «Аудандық білім беру бөлімінің мектептен тыс тәрбие орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
58. «Жер – Май» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
59. «Кушум» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
61. «Айдархан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
62. «Бірлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
63. «Агросервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
64. «Жаңақала – Несие» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
65. Жаңақала ауданының № 8 кәсіптік мектебі.
66. Батыс Қазақстан облысының қозғалмайтын мүлікті тіркеу орталығының аудандық филиалы
67. Жеке тұлғалар
2007 жылғы «22» қаңтар № 30
Жаңақала ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген
№ 2 қосымша
Ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстардың түрлері.
1. Ауыл ішін және мекеме кеңселерін безендіру жұмыстары.
2. Газет-журнал, хат және жеделхаттарды абоненттерге жеткізіп беру.
3. Құрылыс тасын. қамыс плита, мал азығын дайындау.
4. Аула сыпыру, ағаш, гүл егу жұмыстары, ғимарат айналасын тазалау, тазалық жұмыстары.
5. Халық және мал санағын жүргізуге көмектесу.
6. Іс қағаз толтыруға көмектесу.
7. Мәдени шараларды ұйымдастыруға көмектесу.
8. Әр түрлі құжаттарды әзірлеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуде көмек көрсету.