Азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер туралы от 22.01.2007 г. № 31 (Азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер туралы)
1. Тиісті аудандық бюджет есебінен төмендегі белгіленген санаттарға әлеуметтік төлем төленсін:
1) жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлерге;
2) бейбітшілік уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына;
3) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерге Жеңіс күніне орай;
4) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге Жеңіс күніне орай;
5) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілгендерге Жеңіс күніне орай;
6) Ұлы Отан соғысының қаза болған жауынгерлердің қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне Жеңіс күніне орай;
7) Ұлы Отан соғысына қатысқан, оралып қайтыс болған, жауынгерлердің қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне;
8) тыл еңбеккерлеріне Жеңіс күніне орай;
9) 1941-1945 жылдары тылда 6 айдан кем емес жұмыс істеген еңбек ардагерлеріне Жеңіс күніне орай;
10) бейбітшілік уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына Жеңіс күніне орай.
2. Аталған санаттарға берілетін төлемдердің мөлшері мен мерзімі:
1) дербес зейнеткерлер үшін бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерлерінде ай сайын 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1092 теңге;
2) бейбітшілік уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына ай сайын 2007 жылдың 1 қаңтар айынан бастап 1 мың теңге.
3. Жеңіс күніне орай бір жолғы берілетін төлем:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерге – 30000 теңге;
2) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге – 5000 теңге;
3) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілгендерге – 5000 теңге;
4) Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне – 10000 теңге;
5) Ұлы Отан соғысына қатысқан, оралып қайтыс болған жауынгерлердің қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне – 5000 теңге;
6) Тыл еңбеккерлеріне – 5000 теңге;
7) 1941-1945 жылдары тылда 6 айдан кем емес жұмыс істеген еңбек ардагерлеріне – 3000 теңге;
8) бейбітшілік уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына – 5000 теңге.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары З.Ж.Сисенғалиға тапсырылсын.