О создании государственного учреждения "Научно-исследовательский и аналитический центр по вопросам религии" Министерства юстиции Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Дiн мәселелерi жөнiндегi ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Дiн мәселелерi жөнiндегi ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - мекеме) құрылсын.
Тармақ 2
2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi Қазақстандағы дiни ахуалдың даму үдерiстерiн зерттеу мен талдауды ұйымдастыру, мемлекеттiк органдардың, ұйымдар мен азаматтардың мемлекеттiк-конфессиялық қатынастар саласындағы қызметiн ақпараттық-талдамалық және ғылыми-әдiснамалық қамтамасыз ету, дiнтану сараптамасын жүргiзу болып белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Мекеменi қаржыландыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде: мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 7-жолмен толықтырылсын: "7. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Дiн мәселелерi жөнiндегi ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" мемлекеттiк мекемесi";
Тармақша 2
2) (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен)
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.