Қолданыстағы ред. 20.12.2006

Бәйдібек ауданында кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған жиынтық салық ставка мөлшерін бекіту туралы от 20.12.2006 г. № 32/166 (Бәйдібек ауданында кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған жиынтық салық ставка мөлшерін бекіту туралы)

0

Бәйдібек ауданында кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған жиынтық салық ставка мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы”
Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы ”Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Кодексінің /Салық Кодексі/ 394-бабының сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1

1. Бәйдібек ауданында кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған жиынтық салық ставка мөлшері осы шешімнің 1 қосымшасына сай бекітілсін.

2

2. Осы шешім Бәйдібек аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енеді.

3

Бәйдібек аудандық мәслихатының
2006 жылғы 20 желтоқсандағы
№32/166 шешіміне 1 қосымша
Кәсіпкерлік қызметтің жекеленген түрлеріне арналған арнаулы салық
режимінің жиынтық салық ставкаларының мөлшері

Салық салу аймақтарының көрсеткіштері
/АЕК/ Тіркелген салық сомасының базалық ставка мөлшері
1
Ұтыс ақшасыз ойын автоматы бір ойыншыға
10
2
Ұтыс ақшасыз ойын автоматы бір ойыншыдан жоғары, бірнеше ойыншыға
15
3
Дербес компьютерді ойын өткізу үшін пайдалану
50
4
Бильярд ойын столы бір орынға
30
ЕСКЕРТУ- жоғарыда көрсетілген, тіркелген салық сомасына базалық салық ставка мөлшері бір салық салу объектісіне бір жылға бекітілген.