Аудан көлеміндегі елді мекендерде және автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыратын жарнама объектілері туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан көлеміндегі елді мекендерде және автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыратын жарнама объектілері туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы ”Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Кодексінің /Салық Кодексі/ 491-бабына, аудан әкімінің 11 желтоқсан 2006 жылғы №102 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аудан көлеміндегі елді мекендерде және автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыратын жарнама объектілерінің ставкалары осы шешімнің 1 қосымшасына сай бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Бәйдібек аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енеді.
Басқа 3
Бәйдібек аудандық мәслихаттың 20 желтоқсан 2006 жылғы №32/165 шешіміне 1 қосымшасы
Тармақ 1. 1. Республикалық маңызы бар жолдар үшін
1. Республикалық маңызы бар жолдар үшін Бетінің алаңы 3 м2 дейінгі республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ставкасы мыналарға тең белгіленеді: Жолдардың санаты Ақының айлық есептік көрсеткіштердегі ставкалары Қалаға кіре беріс 25 I, II 20 Ш 10 IV 5 Көлемнен тыс жарнамалық ақпаратты орнату кезінде ақының ставкасы ақпараттық парақтың көлемінің 3 м2- қатысты өсуіне бара-бар көбейеді. 2. Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын аптомобиль жолдары үшін Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын және елді мекендерде орналастырылатын жарнама объектілері үшін ставкасы төмендегі кестеге сәйкес белгіленеді: Салық салу көрсеткіші Салық сомасының базалық ставкасы /айлық есептік көрсеткіш/ Сыртқы /көрнекі/ жарнама орналастырудың 1 шаршы метрі үшін 1 ЕСКЕРТУ- жоғарыда көрсетілген, тіркелген салық сомасына базалық салық ставка мөлшері бір салық салу объектісіне бір жылға бекітілген.