Об установлении социальных выплат участникам, инвалидам Великой Отечественной войны и лицам, приравненным к ним Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға тенестірілген тұлғаларға әлеуметтік төлемдер белгілеу туралы Қазақстан Республикасы «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға берілетін женілдіктер мен әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20 бабына, «2007 жылға арналған Жітікара ауданының бюджеті туралы» 2006 жылғы 13 желтоқсандағы Жітікара аудаңдық мәслихатының шешіміне сәйкес, (мемлекеттік тіркеу күні 2006 жылғы 26 желтоқсан, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-56, 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 17 «Житикаринские новости» газетінде жарияланған) әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік төлемдер:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне мынадай түрде: тұрмыстық кажеттіліктеріне 300 теңге мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек; Жеңіс Күніне 10 мың теңге мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға - тиісті жылға белгіленген Жеңіс Күніне бір айлык есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек түрінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Жоғарыда аталған әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органы «Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
Тармақ 3
3. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға тиісті жылға сәйкес, аудан бюджетінде осы мақсатқа қарастырылғандай ақша қаражаттары шегінде жүзеге асырылсын.
Тармақ 4
4. «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға тенестірілген тұлғаларға бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы» (мемлекеттік тіркеу күні 2006 жылғы 12 мамыр, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-44, 2006 жылғы 26 мамырдағы № 21 «Житикаринские новости» газетінде жарияланған) 2006 жылғы 17 сәуірдегі № 297 қаулының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 5
5. Қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енеді.