Қызылорда облысы бойынша түбірімен босатылатын ағаш төлемақысы ставкаларын бекіту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылорда облысы бойынша түбірімен босатылатын ағаш төлемақысы ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Салық Кодексінің 473-бабына жэне «Өсіп тұрған сүрек үшін төлемнің базалық ставкаларын, орманды пайдаланғаны үшін төлемді есептеу және бюджетке енгізу ережесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 431 қаулысына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Түбірімен босатылатын ағаш төлемақысы ставкалары төмендегі мөлшерде бекітілсін: № Ағаш түрі Ставка мөлшері, теңге/текшеметр 1 Сексеуіл (отындық ағаш) 1000 2 Жыңғыл, шеңгел және тағы басқа бұталы ағаштар (отындық ағаш) 150
Тармақ 2
2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді жэне баспасөзде жариялауға жатады.