Об организации оплачиваемых общественных работ Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақылы қоғамдык жұмыстарды ұйымдастыру туралы «Тұрғындарды жұмыспен қамту» туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 20 – бабына сәйкес және «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және жұмыссыздардың кәсіби даярлығын, біліктілігін арттыруды, қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі Ережені бекіту жөнінде» (2001 жылғы 30 шілдедегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 398) Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі № 38 қаулысы негізінде, «Облыс әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі № 38 қаулысына өзгертілер мен толықтырулар енгізу туралы» (2001 жылғы 30 шілдедегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 398), «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды және жұмыссыздардың кәсіби даярлығын, біліктілігін арттыруды, қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі Ережені бекіту жөнінде» (2002 жылғы 28 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 792) 2002 жылғы 19 желтоқсандағы №195, «Облыс әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі №38 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» (2001 жылғы 30 шілдедегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 398), «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды және жұмыссыздардың кәсіби даярлығын, біліктілігін арттыруды, қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі Ережені бекіту» (2003 жылғы 15 сәуірдегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 883) 2003 жылғы 31 наурыздағы № 71, «Облыс әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі №38 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы 2006 жылғы 29 наурыздағы №74 (2001 жылғы 30 шілде мемлекеттік тіркеу нөмірі 398) «Облыс әкімдігінің 2001жылғы 19 шілдедегі №38 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» (2001 жылғы 30 шілдедегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 398) «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру, кәсіби даярлығын, біліктілігін арттыруды, қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі Ережені бекіту жөнінде» (2006 жылғы 11 сәуірдегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 1561), «Облыс әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі №38 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» (2001 жылғы 30 шілдедегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 398) «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру, кәсіби даярлығын, біліктілігін арттыруды, қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі Ережені бекіту жөнінде» (2006 жылғы сәуірдегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 1610) 2006 жылғы 28 наурыздағы № 57 қаулыларын негізге ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап төмендегі ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілсін:
Тармақша 1
1) тұрмыстық шаруашылық ұйымдарына қалалардың, елді мекендердің аулаларын жинауға көмек көрсету;
Тармақша 2
2) жол құрылысы және жолды жөндеу, су, газ құбырын, канализацияларды салу, кеспе тас және жол жиегінің тастарын салу, сондай-ақ сол жұмыстар үшін қосалқы материалдарды (құрылыс тастарын, қиыршық тас, плиталар, кұм, т.б.) дайындау. Елді мекендердегі жолдарды ағымдағы жөндеу (шұңқырларды және жол жиегін қолда бар материалдармен жабу, көпір алу, кіре беріс жолдарды жөндеу);
Тармақша 3
3) мелиоративтік жұмыстар, сондай-ақ көктемгі күзгі су тасқындарына айланысты жұмыстарды жүргізу;
Тармақша 4
4) тұрғын үйлер құрылысына, оларды қайта салу және күрделі жөндеуге қатысу. Әлеуметтік және мәдениеттік маңызы бар (коммуналдық меншік болып табылатын мәдениет үйі, денсаулық сақтау (ауруханалар, фельдшерлік-акушерлік пункттер) және білім беру объектілері, селолық округ әкімдерінің аппараттары және басқа да бюджеттік ұйымдар үшін жалға берілген ғимараттар, егер осы мақсатқа жергілікті бюджетте қаражат қарастырылмаған болса немесе объектілерді тиісті түрде ұстау үшін ол қаражат жеткіліксіз болса) объектілерде қысқа дайындау, жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу жөнінде көмек көрсету;
Тармақша 5
5) тарихи-сәулет ескерткіштерін, кешенін және қорық аймақтарын қалпына келтіру;
Тармақша 6
6) Өңірді экологиялық сауықтыру (аумақтарды көгалдандыру және көркейту, ағаш отырғызу, гүлшаттар егу), орман шаруашылығын, дем алатын жерлерді және туризм аймақтарын сақтау және жетілдіру, қаңғырма жануарларды аулау);
Тармақша 7
7) спорттық іс-шараларды, мерейтой салтанаттарын, мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шараларды дайындауға қатысу, соның ішінде мұз қалашықтарын салудағы қосалқы жұмыстарды да орындау;
Тармақша 8
8) Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандарға (сауалнама жүргізу, халық санағы, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі статистикалық тексеріс) қатысу;
Тармақша 9
9) халықтың аз қамтамасыз етілген жіктері және жалғызбасты қарттар, жаңадан қоныс аударған оралмандар, сондай-ақ қала мен аудандардың әлеуметтік-тұрмыстық мәдениет объектілері үшін отын және жемазық дайындауға, көмірді артуға, жеткізуге және түсіруге көмек көрсету;
Тармақша 10
10) үй шаруашылығы санағын жүргізуге және шаруашылық кітабын жасауға көмек көрсету;
Тармақша 11
11) аудан әкімінің коммуналдық меншігіндегі әлеуметтік-мәдени бағыттағы маңызы бар объектілерді, сондай-ақ бос тұрған ғимараттарды күзету;
Тармақша 12
12) шалғай елді мекендерде тұратын тұрғындардың төлқұжаты жөніндегі ұымдастыру жұмыстарына (халықты төлқұжаттау үшін қажетті құжаттарды жинау және ресімдеу жөніндегі көмек) уақытша көмек көрсету;
Тармақша 13
13) ауылдық елді мекендерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде құқық қорғау органдарына жәрдемдесу отрядтарына қатысу;
Тармақша 14
14) есірткі заттарын тарату және пайдаланудың болжамалы жерлерінде, сенім пункттерінде волонтер ретіндегі жұмыс;
Тармақша 15
15) балалардың, жасөспірімдердің, жастардың бос уақытын балалар жасөспірімдер клубтары арқылы ұйымдастыру жөніндегі бір жолғы жұмысты (мерекелік және мерейтой даталарына дайындық) өткізу;
Тармақша 16
16) саябақтар, скверлер аумағын (жеке меншік объектілерінен басқа) көркейту және күзету;
Тармақша 17
17) зираттарды, қоқыс үйілетін жерлерді көгалдандыру, соның ішінде қалдықтар жинауды ұйымдастыру;
Тармақша 18
18) бюджеттік ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерде жылыту мерзімінде от жағушы ретіндегі жұмыс;
Тармақша 19
19) жалғызбасты ауру қарт азаматтарды күту (тамақ, дәрі-дәрмек сатып әкелу, үй ішін жинау, ағарту, еден сырлау, кір жуу, көкөніс отырғызу, арам шөп жұлу және көкөністерді жинау);
Тармақша 20
20) иесіз қалған жылжымайтын мүлікті айқындауға көмек көрсету;
Тармақша 21
21) тұрғындарды тұрақты жері бойынша құжаттауда және тіркеуде техникалық қызмет көрсету;
Тармақша 22
22) оралмандарды қабылдау және жайластыру жөніндегі тапсырмаларды орындау;
Тармақша 23
23) мемлекеттік тілдегі өтініштер бойынша ісжүргізуге көмек көрсету;
Тармақша 24
24) құжаттарды сактау үшін өңдеуге және даярлауға көмектесу;
Тармақша 25
25) жұмыспен қамту мәселелері және 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау кезінде қажетті құжаттарды жинау жөнінде көмек көрсету;
Тармақша 26
26) жылжитын және жылжымайтын мүліктерді жариялау бойынша аудан азаматтарынан түскен құжаттарды даярлауға және өңдеуге көмек көрсету.
Тармақ 2
2. Селолық округтардың әкімдері және қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үі-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің «ТКШ Базис» шаруашылығы жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық шаруашылығы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырсын. Қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайы, еңбек ақысының көлемі жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы жеке еңбек келісімшартында көрсетілген.
Тармақ 3
3. Жамбыл аудандық қаржы бөлімі аудандық мәслихаттың сессиясында 2007 жылға бекітілген бюджеттің қаржысы шегінде ақылы қоғамдық жұмыстарды 6408000 тенге 00 тиын сомаға қаржыландырсын.
Тармақ 4
4. Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне «Жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республиқасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20- бабы 2-тармағына сәйкес азаматтардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы т тіркелген күнінен бастап тізімге тұру тәртібімен жүзеге асырсын, мақсатты топтарға енген жұмыссыз азаматтардың қоғамдық жұмысқа қатысу құқығы басыңқы.
Тармақ 5
5. Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қоғамдық жұмыспен қамтамасыз етілген азаматтарға ақы төлеу қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды және жұмыссыздардың кәсіби даярлығын, біліктілігін арттыруды, кайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі Ережені бекіту жөнінде» облыс әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі №38 (2001 жылғы 30 шілдедегі тіркеу №398) қаулысы негізінде төленеді.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығына жүктеледі.
Тармақ 7
7. «Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 406 (2006 жылғы 17 қаңтардағы тіркеу №13-7-24) және «Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы «Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы № 406 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы (2006 жылғы 3 мамырдағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 13-7-34) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 8
8. Аудан әкімінің қаулысы ресми жарияланған сәттен бастап күшіне енеді