О внесении изменений и дополнений и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының " 1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1998 жылғы 16 желтоқсандағы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңды тұлғалары мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерін қаржыландыру мәселелері жөніндегі кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойған кейбір шешімдерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 6. Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1999 жылғы 7 маусымдағы
N 708 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың тiзбесi
Тармақ 1
1. Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.01.13. N 32 қаулысымен .
Тармақ 2
2. Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 168 қаулысымен .
Тармақ 4
4. Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.28. N 407 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.10.08. N 1037 қаулысымен.
Басқа 12. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшін жойған кейбір шешімдерінің Тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 7 маусымдағы
N 708 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшін жойған кейбір шешімдерінің Тізбесі
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының есепшотына есептелген өсімнен түскен қаражатты есепке алу мен пайдалану тәртібі туралы Ережені бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 2 маусымдағы N 771 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 20, 224-құжат).
Тармақ 2
2. "Денсаулық сақтаудың емдеу-профилактикалық мекемелерінде ақылы медициналық және профилактикалық қызмет көрсетудің шарты мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 6 қарашадағы N 1460 қаулысы .
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 сәуірдегі N 505 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 15, 121-құжат).
Тармақ 4
4. "Атқарушылық санкция ретінде түскен ақша қаражатын пайдалану тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 3 тамыздағы N 732 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 26, 222-құжат).