Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтардың жекелеген санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне әлеуметтік көмек көрсету туралы
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Азаматтардың жекелеген санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне әлеуметтік көмек көрсету қамтамасыз етілсін:
Тармақша 1
1) зейнетақы және жәрдемақы мөлшерлеріне айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгілінетін күн көріс мөлшерінің 1,36 коэффициентінен аспайтын зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңістірілген арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар.
Тармақ 2
2. 2007 жылға арналған әлеуметтік көмек көрсету мөлщері бір айға 700 теңге көлемінде белгіленсін.
Тармақ 3
3. Азаматтардың жекелеген санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне әлеуметтік көмек қалалық бюджеттен төленсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім 2007 жылғы 1 ақпаннан бастап қолдаңысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәрпіт және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (төрағасы Борисов Петр Евгеньевич).