Положение о порядке реализации в личную собственность сотрудникам и пенсионерам органов внутренних дел Республики Казахстан автомототранспортных средств, выработавших эксплуатационные сроки и подлежащих списанию Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерінің жеке меншігіне автомотокөлік құралдарын сату тәртібі туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Iшкi Iстер Министрлiгiнің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы N 713 Бұйрығымен. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлеріне автомотокөлік құралдарын сату тәртібін реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерінің жеке меншігіне автомотокөлік құралдарын сату тәртібі туралы" Ереже бекітілсін (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Жол-көлік оқиғасына тап болған және оларды жөндеу экономикалық жағынан тиімді емес автомотокөлік құралдары Қазақстан Республикасы ІІМ 1994 ж. шілденің 27-дегі N 206 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының ІІМ Шаруашылық басқармасына тиісті құжаттар ұсынылғаннан соң және Қазақстан Республикасы ІІМ негізгі құралдарды есептен шығару жөніндегі Орталық комиссиясының тиісті шешім қабылдағаннан кейін осы бұйрықтың 1 тармағымен бекітілген Ережеде көзделген тәртіппен сатылады.
Тармақ 3
3. Алматы қалалық ІІББ, облыстық ІІБ, көліктегі Қазақстан Республикасы ІІМ орындарының бастықтары:
Тармақ 3.1
3.1. Сатылатын автомотокөлік құралдарының техникалық күйіне баға беру және оларды сату құнын белгілеу жөніндегі комиссиясының құрамын бекітсін.
Тармақ 3.2
3.2. Есептен шығарылатын автомотокөлік құралдарын есепке қою және сату мәселелерінде жариялылық пен әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы ІІМ аппаратында осы бұйрықты орындауда есептен шығарылатын автомотокөлік құралдарын сатып алуға өтініш жасаған қызметкерлердің есебін жүргізу бөлігі _______ орталық тұрғын үй-тұрмыс комиссиясына автомотокөлік құралдарына баға беру бөлігі ________ негізгі құралдары есептен шығару жөніндегі Орталық комиссияға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Мыналардың күші жойылды деп саналсын: ________ 1990 жылғы желтоқсанның 25-дегі N 8/3-788 Қазақ КСР ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлерінің жеке пайдалануына есептен шығарылатын автомотокөлік құралдарын сату мәселелері жөніндегі ұсыныстар; ________ 1991 жылғы қазанның 18-дегі N 7/2-435, 1992 жылғы наурыздың 8-дегі N 8/3-85 "Автомобильдердің құнын белгілеу жөніндегі методикалық әдебиеттер".
Басқа 8. Пайдалану мерзімі өткен және есептен шығарылатын автомотокөлік құралдарын Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерінің жеке меншігіне сату тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 27 қыркүйек N 237 бұйрығына қосымша Пайдалану мерзімі өткен және есептен шығарылатын автомотокөлік құралдарын Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерінің жеке меншігіне сату тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер Осы ереже "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабына, "Әскери қызметшілер мен олардың әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының II бабына, "Мемлекеттік кәсіпорынның өзіне бекітіліп берілген мүлікке шаруашылықты жүргізу құқығы мен иелік тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы қарашаның 19-дағы N 1163 қаулысына сәйкес дайындалады және пайдалану мерзімі өткен автомотокөлік құралдарын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Алматы қалалық ІІББ мен Ленинск қалалық ІІБ, облыстық және көліктегі, қалалық, қаладағы аудандық ішкі істер басқармаларының, ішкі істер органдарының поселкелік бөлімшелерінің айрықша және режимді объектілердің, оқу орындарының, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерінің жеке меншігіне сатудың және есеп жүргізудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
Тарау 2. 2. Автомотокөлік құралын сатып алуға өтініш жасаған адамдардың есебін жүргізу тәртібі
2. Автомотокөлік құралын сатып алуға өтініш жасаған адамдардың есебін жүргізу тәртібі
Тармақ 2.1
2.1. Автомотокөлік құралын сатып алуға өтініш жасаған адамдар ІІМ, ІІББ, ІІБ, КІІБ, айрықша және режимді объектілердің, оқу орындарының басшылығына осы туралы рапорт (өтініш) береді. Басшы шешім қабылдамас бұрын рапортты (өтінішті) аталған ішкі істер органының тұрғын үй-тұрмыс комиссиясының төрағасына жібереді.
Тармақ 2.2
2.2. Пайдалану мерзімі өткен автомотокөлік құралын сатып алуға өтініш жасаған адамдардың есебін жүргізуді ішкі істер органының тұрғын үй-тұрмыс комиссиясы белгілеген тәртіпте жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Автомотокөлік құралын сатып алуға өтініш жасаған ішкі істер органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерінің рапорттарын (өтініштерін) қарау тәртібі
3. Автомотокөлік құралын сатып алуға өтініш жасаған ішкі істер органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерінің рапорттарын (өтініштерін) қарау тәртібі
Тармақ 3.1
3.1. Пайдалану мерзімі өткен автомотокөлік құралдары күнтізбе бойынша есептеумен ішкі істер органдарында 20 және одан көп жыл қызмет атқарған немесе жұмыс істеген, оның ішінде зейнеткер, қызметкерлерге (аттестациядан өткендер мен еркін жалдамалылар құрамы) сатылады. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, оларға теңестірілген адамдар, көп балалы отбасын асырап отырғандар автомотокөлікті жеңілдік жағдайында сатып алуға құқылы.
Тармақ 3.2
3.2. Ішкі істер органының тұрғын үй-тұрмыстық комиссиясы өзінің мәжілісінде келіп түскен рапорттарды (өтініштерді) қарайды және кезектегілердің тізімін жасайды (жалпы тізім және жеңілдіктер берілген адамдардың тізімі), оны ішкі істер органының бастығына бекітуге ұсынады.
Тармақ 3.3
3.3. Ішкі істер органының басшысына автомотокөлік құралын сату туралы шешімді жоғары тұрған органның басшысы қабылдайды. Сату туралы құжаттарды одан әрі ресімдеу осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4. Сатылған автомотокөліктің нақты күйі мен құнын бағалау тәртібі
4. Сатылған автомотокөліктің нақты күйі мен құнын бағалау тәртібі
Тармақ 4.1
4.1. Сатылатын автомотокөлік құралының нақты күйін бағалау жылжымалы құрамның техникалық күйі актісін ресімдей отырып жүзеге асырылады. Оны ішкі істер органында осы мақсатта құрылған комиссия толтырады. Комиссияның жұмысына міндетті түрде мемавтоинспекция, шаруашылық және қаржы қызметтерінің өкілдері қатысады. Осы комиссия автомотокөлік құралын көзбен шолып қарау, техникалық күйін, жинақталуын тексеру және құжаттармен танысу арқылы хаттама толтырады және бағалану құнын анықтайды. Сатылатын автомотокөлік құралының құнын бағалау үшін негіз етіп ішкі істер органының бухгалтерлік есебінің деректері бойынша оны қалпына келтіру құны алынады. Бұл жерде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы қазанның 21-дегі N 1178 қаулысымен бекітілген "Кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің негізгі қорларын (қаражатын) индекстеу тәртібі туралы" Ережеге сәйкес жүргізілетін индекстеу ескеріледі. Сатылатын автомотокөлік құралының бастапқы құны оны қалпына келтіру құнының мөлшерін жеке құрамның амортизациялық қаржысының нормаларын, оларды пайдалану мерзімін басшылыққа ала отырып, бағаланған сәттегі бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептелген және Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті ай сайын белгілеп тұратын инфляция индексімен (баға индексі) түзетілген тозу мөлшеріне келтіру арқылы есептелген қалдық құны бойынша анықталады. 90 проценттен астамы тозған немесе толығымен амортизациядан шығарылған, бірақ пайдаланып жүрген автомотокөлік құралдарының қалдық құны қалпына келтіру құнының 10 проценті мөлшерінде анықталады. Егер сатылатын автомотокөлік құралы бөлшектелген жағдайда, негізгі тораптары мен бөлшектерінде (агрегаттарында) ақаулық болса, онда бағалау комиссиясы автомотокөлік құралының жалпы қалдық құнына қатысты қандай ақауға түсіру коэффициентін (барлық ақауларға кемінде 0,5) қолдануға болатынын анықтайды (автомотокөлік құралын бағалау мысалы осы Ережеге N 2 қосымшада келтірілген).
Тарау 5. 5. Сату тәртібі, қажетті құжаттарды дайындау және ресімдеу
5. Сату тәртібі, қажетті құжаттарды дайындау және ресімдеу
Тармақ 5.1
5.1. Кезекте тұрғандардың тізімін бекіткеннен кейін және пайдалану мерзімі өткен, есептен шығарылатын (соның ішінде одан әрі пайдалану экономикалық тиімсіз) және сатылатын автомотокөлік болған жағдайда ішкі істер органының басшысы жиналысының (аукционның) барысына бақылау жасауға және автомотокөлік құралдарын сатуға құқық беру туралы рұқсат сұрап, аумақтық Жекешелендіру комитетіне өтініш жасайды. Автомотокөлік құралдары аумақтық Жекешелендіру комитетінің шешімі бойынша басқа ұйымдар арқылы сату үшін де берілуі мүмкін.
Тармақ 5.2
5.2. Есептен шығарылатын және сатылатын автомотокөлік құралдары, сондай-ақ аумақтық Жекешелендіру комитетінің тиісті рұқсаты болған жағдайда ішкі істер органының тұрғын үй-тұрмыс комиссиясы автомотокөлік сатып алуға рапорт (арыз) берген адамдардың жалпы жиналысын шақырады. Жалпы жиналысқа кезекте тұрғандардың жартысынан астамы қатысса, ол өкілетті болып саналады.
Тармақ 5.3
5.3. Жалпы жиналыс автомотокөлікті сату тәртібі туралы төмендегі шешімнің бірін қабылдайды.
Тармақ 5.3.1
5.3.1. Сатылатын автомотокөлік құралын жалпы немесе жеңілдік берілгендердің тізімімен кезек бойынша иелікке алу құқын беру туралы;
Тармақ 5.3.2
5.3.2. Барлық кезекте тұрғандардың арасында аукцион өткізу туралы. Бұл жағдайда автомотокөлік құралы сауда барысында ең жоғары баға ұсынған адамға сатылады. Жалпы жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді және егер ол үшін қатысып отырған кезектегі адамдардың жартысынан артығы дауыс берген жағдайда құқылы болып есептеледі.
Тармақ 5.4
5.4. Автомотокөлік құралын нақты адамға сату туралы ұсынған материалдарды (жалпы жиналыс немесе аукцион хаттамалары) қараған ішкі істер органының басшысы шешім қабылдайды және оны ішкі істер органы бойынша бұйрықпен ресімдейді.
Тармақ 5.5
5.5. Дайындалған құжаттар қарау және келісу үшін аумақтың Жекешелендіру комитетіне ұсынылады. Аумақтың жекешелендіру комитеті оңды шешім қабылдаған жағдайда ішкі істер органы бастығының бұйрығында көрсетілген адамға автомотокөлік құралын сатуға рұқсат ететін құжат береді.
Тармақ 5.6
5.6. Автомотокөлік құралы сатылатын адаммен жазбаша түрде сатып алусату шарты жасалады. Келісімге келген екі жақ: "Сатушы"-ішкі істер органының бастығы және "Сатып алушы"-автомотокөлік құралын сатып алатын адам болып табылады. Сатып алу-сату келісімінің негізгі болып кезекте тұрғандардың жалпы жиналысының (аукцион нәтижесі) шешімі мен ішкі істер органы басшысының бұйрығына сәйкес сатылатын автомотокөлік құралы болып табылады.
Тармақ 5.7
5.7. Сатып алу-сату келісімінде келесі пункттер болуы керек:
Тармақ 5.7.1
5.7.1. Автомотокөлік құралының аты, түсі және кузов нөмірі (рама), двигатель, шасси, шыққан жылы.
Тармақ 5.7.2
5.7.2. Сатып алу-сату бұйымының бағасы.
Тармақ 5.7.3
5.7.3. "Сатып алушының" міндеттері: - тиесілі соманы банкілік жеті күн ішінде толық төлеу; - "Сатушыдан" сатып алынған автомотокөлік құралын төлемнен кейін қабылдау және қабылдау-беру актісіне қол қою; - қабылдау-беру актісіне қол қойылмағаннан кейін автомотокөлік құралын ұстауға жұмсалатын шығынын өзіне алуы.
Тармақ 5.7.4
5.7.4. "Сатушының" міндеттері: - қабылдау-беру актісіне қол қойғанға дейін автомотокөлік құралының бұзылмай сақталуын қамтамасыз ету; - автомотокөлік құралын белгіленген тәртіп бойынша Мемлекеттік автомобиль инспекциясында есептен шығару; - ішкі істер органының есебіне аударылған немесе ішкі істер органының кассасына сатылған автомотокөлік құралы үшін ақша түскен уақытта 3 күннен асырмай "Сатып алушыға" автомотокөлікті тапсыру; - мемлекеттік автомобиль инспекциясында (техникалық паспорт, N ОС-1 формалы негізгі құралдарды қабылдау-беру акті, төлем құжаты) сатып алынған автомотокөлік құралын тіркеуге қажет құжаттарды "Сатып алушыға" осы мерзім ішінде тапсыру.
Тармақ 5.8
5.8. "Сатып алушыға" сатып алу-сату келісіміне сәйкес тиесілі соманы төлеп, автомотокөлік құралын жазбаша түрде қабылдау-беру актімен растағанда және бұл құжаттардың бәрі көрсетілгенде ғана автомотокөлік құралы тапсырылады. Акті екі дана болып жасалады: бірі-"Сатып алушыға" берілсе, екіншісі-ішкі істер органының іс қағаздарында қалады.
Тармақ 5.9
5.9. Автомотокөлік құралын сатудан түскен сомадан ішкі істер органы заңмен белгіленген тәртіпте бюджетке қосылған құнға салынатын салықты аударады.
Тармақ 5.10
5.10. Сатылған автомотокөлік құралынан ішкі істер органына түскен қаржы сомасы аумақтық Жекешелендіру комитетіне жолданып, төмендегі формуламен анықталады: А к.с. = ҚБ + 0,01 х (П-ҚБ-ҚҚС), мұндағы А к.с. - аумақтың Жекешелендіру комитетіне жолданған ақшалай қаржы сомасы; ҚБ - бухгалтерлік есеп деректері бойынша автомотокөлік құралының қалдық бағасы; П - сатудан түскен пайда сомасы; ҚҚС - қосылған құнға салынатын салықтың сомасы.
Тармақ 5.11
5.11. Автомотокөлік құралын сатудан қалған ақшалай сома мақсатты бағытта жұмсалады: - автомотокөлік құралдарының қалдық бағасын өтеу; - жаңа автомотокөлік құралдарын, оларға қосалқы бөлшектер мен автодоңғалақ сатып алу арқылы өндірісті дамыту.
Басқа 1. Жылжымалы құралды техникалық тексеру АКТІСІ
Ережеге N 1 қосымша Жылжымалы құралды техникалық тексеру АКТІСІ 1. _______________________________________________________________ 2. _______________________________________________________________ 3. _______________________________________________________________ 4. _______________________________________________________________ 5. _______________________________________________________________ (фамилиясы, аты, әкесінің аты) құрамындағы комиссия төмендегі автомотокөлік құралын тексеріп шықты: Автомобиль, мотоцикл маркасы ______________________________________________ Мемлекеттік нөмірі ________________________________________________________ Двигательдің нөмірі _______________________________________________________ Кузовтың нөмірі ___________________________________________________________ Шасси нөмірі ______________________________________________________________ Шығарылған жылы ___________________________________________________________ Пайдалануға берілген жылы _________________________________________________ Жүрген жылы _______________________________________________________________ Тексеру барысында аталған автомотокөлік құралы техникалық жағынан ____ ___________________________________________________________________________ (ақауы жоқ, ақаулығы бар) Сыртқы түрі __________________________________________ жүріп тұр (жүрмейді) әрі қарай пайдалануға _____________________________________________________ (жарамды, жарамсыз) Двигательде және БӨП ______________________________________________________ ___________________________________________________________________________ (табылды, табылған жоқ) Тексерудің басқа нәтижелері __________________________________________ ___________________________________________________________________________ Комиссия төрағасы: ____________________ қолы
Басқа 2. Автокөлік құралын БАҒАЛАУ
Ережеге N 2 қосымша Автокөлік құралын БАҒАЛАУ (1995 жылғы 1 мамырдағы күйі жөніндегі үлгісі) __________________________________________________________________ NN | Техникалық | Өлшем | Автомобиль |маркасы п/п | мәліметтер | бірлігі | ГАЗ-2410 |ЗИЛ-130 | | | |(жүк) ____|_________________________|___________|______________|________ 1 | 2 | 3 | 4 | 5 ____|_________________________|___________|______________|________ 1. |Жүк көтерімі немесе | т | - | 6 |сыйымдылығы | адам | 5 | - | | | | 2. |Шығарылған жылы | жыл | 1988 | 1988 | | | | 3. |1994 жылдың | теңге | 18600 | 26200 |1 қазанындағы күйі | | | |бойынша қайта бағалауды | | | |ескере отырып, қалпына | | | |келтірілген бағасы | | | | | | | 4. |Амортизациялық аударым | жылына | 1860 | 3082 |(тозу) нормасы | теңге | | | | | | 5. |Пайдалану сәтінен бастап | теңге | 13020 | 21574 |тозу сомасы | | (1860 7 жыл) | (3082 7 | | | | жыл) | | | | 6. |Қалдықты бағасы | теңге | 5580 | 4626 |(3 жол - 5 жол) | | | | | | | 7. |есеп үшін қабылданады | теңге | 5580 | 4626 | | | | 8. |Бағалау сәтіндегі | коэф | 4,65 | 4,65 |инфляция коэффициенті | | | | | | | 9. |Инфляция коэффициенті | теңге | 25947 | 21511 |ескерілген қалдық | | | |бағасы | | | | | | | 10. |Техникалық тексеру | | | |кезінде келесі ақаулар | | | |анықталды: | | | |- сол жақ қанаты | | - | 1 | зақымдалған | | | |- артқы көпірі істен | | 1 | 1 | шыққан | | | |- алдыңғы көпірі | | - | 1 | зақымдалған | | | | | | | 11. |Комиссия түсірген | | 20 | 25 |бағасы | | | | | | | 12. |Анықталған ақаулықтарды | | | |ескере ұсынылатын сату | | | |бағасы | | | | | | | |(9 жол - (9 жол х 11 жол)| теңге | 20757,6 | 16133,2 | | | | __________________________________________________________________ Ескерту: Аталған қосымша сатып алу-сату келісімінің ажырамас бөлігі болып есептеледі.