Об оказании дополнительных видов социальной помощи инвалидам Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16 бабына сәйкес, «2007 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» (мемлекеттік тіркеу күні 2006 жылғы 26 желтоқсан, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-56, 2006 жылғы желтоқсандағы № 17 «Житикаринские новости» газетінде жарияланған) 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 388 Жітіқара аудандық мәслихаттың шешімін іске асыру мақсатында, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мүгедектерге мынадай әлеуметтік көмектің қосымша түрлері:
Тармақша 1
1) мүгедек балалардың компьютерлік томографын тексеруге байланысты шығындар орынын толтыруға есеп айыратын құжаттар негізінде тексеру құнына жүз пайыз мөлшерінде;
Тармақша 2
2) мүгедектерге операция жасауға 15 мың теңгеге дейін;
Тармақша 3
3) жоғары оқу орындарында оқуына мүгедек-студенттерге оқудың бір жылдық құны мөлшерінде;
Тармақша 4
4) 1 және 2 топтағы көз кемістігі бойынша мүгедектердің жүріп-тұруына 2100 теңге мөлшерінде бір жолғы;
Тармақша 5
5) тиісті жылға белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде балаларды қорғау Күніне мүгедек балаларға.
Тармақ 2
2. Аудан бюджетінде осы мақсатқа қарастырылғандай қаражат шегінде әлеуметтік көмектің басқа түрлеріне қарамастан жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтік көмектің әрбір түрі тағайындалады және төленеді.
Тармақ 3
3. Төлем екінші деңгейлі банктегі алушылардың жеке шотына ақша қаражаттарын аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Мүгедек балалардың компьютерлік томографын тексеруге байланысты шығындар орынын толтыруға мүгедек баланын ата-анасына немесе басқа да мүгедек баланың заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді. Ата-ана құқығынан айырылған ата-аналарға әлеуметтік көмек тағайындалмайды және төленбейді.
Тармақ 5
5. «18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың компьютерлік томографын тексеруге байланысты шығындар орынын толтыруға әлеуметтік көмек көрсету турасындағы Нұсқаулықты бекіту туралы» (мемлекеттік тіркеу күні 2005 жылғы 24 маусым, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-11, 2005 жылғы 6 шілдедегі «Авангард» газетінің № 50 санында жарияланған) 2005 жылғы 30 мамырдағы № 300 әкімдік қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 6
6. Қаулы оның бірінші ресми жарияланғанынан соң 10 күнтізбелік күн өткенінен кейін қолданысқа енеді.