Об утверждении ставок фиксированного суммарного налога Күшін жойған
Басқа 0
Тіркелген жиынтық салықтың ставкасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 393,394-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы» 2006 жылғы 23 қазандағы № 1016 қаулысына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тіркелген жиынтық салықтың бірынғай ставкасы бекітілсін:
Тармақша 1
1) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін:
бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматы - 50 айлық есептік көрсеткіштері,
букмекерлік кеңсе кассасы - 100 айлық есептік көрсеткіштері;
Тармақша 2
2) ақшасыз ұтыс ойын автоматтары қызмет көрсететін салық төлеушілер үшін:
ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер - 10 айлық есептік көрсеткіштері;
Тармақша 3
3) бильярд бойынша қызмет көрсететін салық төлеушілер үшін:
бильярд үстелі - 30 айлық есептік көрсеткіштері.
Тармақ 2
2. Лисаков қалалық мәслихатының қосымшаға сәйкес кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Шешімнің орындалуына бақылау жасау экономика, экономикалық даму, бюджет және бағдарламалар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Н.А.Желтяковқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Лисаков қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Лисаков қалалық мәслихатының
2007 жылғы 23 қаңтардағы
№ 339 шешіміне
қосымша
Лисаков қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Лисаков қалалық мәслихатының «Тіркелген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1222 болып тіркелген, 2002 жылғы 1 наурызда № 9 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған) 2002 жылғы 7 қаңтардағы № 182 шешімі;
Тармақ 2
2. Лисаков қалалық мәслихатының «Тіркелген жиынтық салық ставкасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1788 болып тіркелген, 2002 жылғы 17 қазанда № 42 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған) 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 231 шешімі;
Тармақ 3
3. Лисаков қалалық мәслихатының «Ойын бизнесі саласында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін акциз бен тіркелген жиынтық салығының бірынғай ставкасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілтілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2573 болып тіркелген, 2003 жылғы 20 қарашада № 47 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған) 2003 жылғы 21 қазандағы № 13 шешімі;
Тармақ 4
4. Лисаков қалалық мәслихатының «Ойын бизнесі саласында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін акциз бен тіркелген жиынтық салығының бірынғай ставкасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2820 болып тіркелген, 2004 жылғы 1 сәуірдегі № 14 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған) 2004 жылғы 16 наурыздағы № 48 шешімі.