Аудан халқының әлеуметтік жағынан қорғалатын кейбір топтарына мемлекеттік тұрғын үй қорынан үйлерін немесе пәтерлерін жекешелендіру Ережесі туралы Қолданыста
Басқа 0
Аудан халқының әлеуметтік жағынан қорғалатын кейбір топтарына мемлекеттік тұрғын үй қорынан үйлерін немесе пәтерлерін жекешелендіру Ережесі туралы
Үшінші сайланған Индер аудандық Мәслихатының XXY сессиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2,12,68 және 101 баптарына, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қаңтардағы «қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Ережесін бекіту туралы» Қаулысына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 8 бабының 3 тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан халқының әлеуметтік қорғалатын кейбір топтарына мемлекеттік тұрғын үй қорынан үйлерін немесе пәтерлерін жекешелендіру Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың әлеуметтік саясат, білім беру, денсаулық сақтау, жастар ісі, құқық қорғау, депутат этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (С.Базарбаев) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізілсін.
Тармақ 4
4. Аудандық Мәслихаттың 2006 жылғы 18 қазандағы №198-III шешімінің күші жойылсын.
Басқа 5
Аудандық мәслихаттың
2006 жылғы 9 желтоқсандағы
XXY сессиясының №209-III
шешімімен бекітілген
Аудан халқының әлеуметтік жағынан қорғалатын кейбір топтарына мемлекеттік тұрғын үй қорынан үйлерін немесе пәтерлерін жекешелендіру туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Бұл ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Ережесін бекіту туралы» қаулысын басшылыққа алып әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы ережеде төмендегідей ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) Тұрғын үй-жанұя құрамымен тұрақты тұруға арналған, белгіленген техникалық, санитариялық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй (жеке-дара тұрғын үй, пәтер);
Тармақша 2
2) Тұрғын үйдің жекешелендіру-азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қоры үйлеріндегі өздері тұратын үй-жайларды меншігіне сатып немесе өтеусіз тегін алуы, ол заңдарға сәйкес жүзеге асырылады;
Тармақша 3
3) Репатрианттар-Қазақстан Республикасында тұрақты тұру үшін басқа мемлекеттерден тарихи отанына қайтып оралушы адамдар;
Тармақша 4
4) Мемлекеттік тұрғын үй қорының меншік иесі-жергілікті мемлекеттік атқарушы орган.
Тармақ 3
3. Тұрғын үйді жекешелендіру мүмкіндігінің санаттары және жекешелендіру тәртібі
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы өздері тұратын үйлерді немесе пәтерлерді жекешелендіру құқығы төмендегі санаттағы азаматтарға берілсін:
Жасына қарай зейнеткерлік демалысына шыққан, бұрын жекешелендіру құқығын пайдаланбаған зейнеткерлер, ауданның Құрметті азаматы атағын алған тұрғындар;
Репатрианттар (оралмандар);
Кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма жасқа жетпеген жетім балалар;
Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
2. Мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік мекемелер қызметкерлерінің қызметтік тұрғын үйге теңестірілген үйлерді жекешелендіруі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 101 бабының талаптарына сәйкес айқындалады.
3. Аудан халқының әлеуметтік жағынан қорғалатын кейбір топтарына жататын азаматтардың тұрғын үйлерін немесе пәтерлерін жекешелендіру Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерді немесе пәтерлерді жекешелендіру мемлекеттік тұрғын үй қорының меншік иесінің келісімімен жүргізіледі.
5. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерді немесе пәтерлерді жекешелендіру кәмелетке толған барлық жанұя мүшелерінің жазбаша түрдегі келісімін алу арқылы жасақталады.
6. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерді немесе пәтерлерді жекешелендіру жергілікті мемлекеттік атқарушы органмен келісім шарттар жасасу негізінде қолданыстағы заң талаптары бойынша жүзеге асырылады.
7. Жергілікті мемлекеттік атқарушы орган мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерді немесе пәтерлерді мемлекеттік тіркеуден өткізілуін іске асыра отырып, алыс беріс актісі арқылы берілуін қамтамасыз етеді.