Атырау қаласында үй жануарларын ұстау Ережесі туралы Қолданыста
Басқа 0
Атырау қаласында үй жануарларын ұстау Ережесі туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару» Заңының 6 бабын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау қаласында үй жануарларын ұстау Ережесі бекітілсін (жалғанды).
Тармақ 2
2. Атырау қалалық Мәслихатының 2002 жылғы 22 ақпандағы № 163 « Атырау қаласында үй жануарларын ұстау Ережесі туралы» шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімінің орындалысын бақылау қалалық Мәслихаттың заңдылықты, құқық тәртібін, жариялылықты сақтау, азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдау және депутаттық этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Р. Қалниязов) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Алғашқы ресми жарияланғаннаң кейін күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Басқа 5
Атырау қалалық Мәслихатының
2006 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 253 шешіміне қосымша
Атырау қаласында үй жануарларын ұстау ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы
1. Жалпы
Тармақ 1
1. Ереже Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындығы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занының 31 және 37 баптарын басшылыққа ала отып, «Халықтық санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы», «Ветеринария туралы» Зандарына сәйкес және қала көшелерін тазалыққа ұстау мақсатында жасалды.
Тармақ 2
2. Осы ереже Атырау қаласында және селолық, кенттік округтерде барлық үй жануарлары иелеріне, ведомствалық бағыныстылығы мен меншік түріне қарамай барлық кәсіпорындар мен ұйымдарға қатысты.
Тармақ 3
3. Үй жануарлары сатып алынғаннан кейін 2 апта ішінде міндетті түрде тіркелуі қажет, сондай-ақ жыл сайын қайта тіркеліп аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы егуден өткізіліп, алдын алу шаралары мен диагностикалық зерттеу жүргізілуге тиіс.
Тармақ 4
4. Тіркеу куәлігі болса үй жануарлары көрмеге асыл тұқымдық байқауларға қатыстырмайды.
Тармақ 5
5. Үй жануарларын шеттен әкелуге және әкетуге белгіленген үлгідегі ветеринарлық куәлігі рәсімделген жағдайда рұқсат етіледі.
Тармақ 6
6. Үй жануарларын жұқпалы ауруға ұшыраса немесе оны ұстау жағдайы айналадағы адамдарға қауіпті болса, мемлекеттік ветеринарлық қызметтің шешімімен үй жануары иесінен алынып, оқшау ұсталынады.
Тармақ 7
7. Қоғамдық орындарда иесіз жүрген иттер-мысықтар және басқа да үй жануарлар дүкендердің, емханалардың, өзге де мекемелердің жанына уақытша байлап қалдырылғандардан басқасы, иесіз деп саналып, арнайы қызметпен ұстауына және атуына жатады.
Тарау 2. 2. Үй жануарлары иелерінің міндеттері
2. Үй жануарлары иелерінің міндеттері
Тармақ 8
8. Үй жануарларының иелері:
Тармақша 1
1) үй жануарларын олардың биологиялық ерешеліктеріне орай қайырымдылықпен ұстауға, қараусыз қалдырмауға, ауырған жағдайда уақытылы ветеринарлық көмек шақыртуға;
Тармақша 2
2) мемлекеттік ветеринарлық емес қызметкерлерінің талабы бойынша үй жануарларын байқау, диагностикалық зерттеу және емдеу-профилактикалық шаралар жүргізу үшін тиісті орынға апаруға;
Тармақша 3
3) үй жануарларынын айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қолдануға, аулада иттерді байлап ұстауға және арнайы бөлінген жерге орналастыруға, ескертпе белгілері болуға, серуендуге тұмсық қабын кигізген жетелеп жүруге міндетті;
Тармақша 4
4) үй жануарларын бағып ұстауға мүмкідігі болмаса, оны басқа адамға беруі немесе ветеринариялық мекемеге тапсыруы керек;
Тармақша 5
5) сатып алғаны немесе ұрлағаны, жоғалғаны жөнінде тұрған жердегі мемлекеттік ветериналдық қызмет орындарына хабарлауға;
Тармақша 6
6) адамдарды, малдарды қауып алған жағдайда,иттің бұл жөнінде таяудағы медициналық және ветеринарлық қызметке қаратуға, карантин қою үшін апаруға міндетті;
Тармақ 9
9. Өлген үй жануарларының мүрдесін шығару, көму және жою үшін иелері түрлі қатты қалдықтарды таситын арнайы автокөлік кәсіпорындарына хабарласады.Олар иесінің есебінен арнайы бөлінген орынға көмеді. Кез келген жерге тастай салуға немесе бетімен көмуге болмайды.
Тарау 3. 3. Үй жануарлары иелерінің құқығы
3. Үй жануарлары иелерінің құқығы
Тармақ 10
10. Кез келген үй жануары иесінің меншігі болып табылады және басқа меншікті сияқты заңмен қорғалады.
Тарау 4. 4. Ит пен мысықты ұстау
4. Ит пен мысықты ұстау
Тармақ 11
11. Рұқсат етіледі.
Тармақша 1
1) үй жануарларын тұрғын үйлерде, оның ішінде туыстық байланыстағы емес жанұялар бірге пәтерлерде, олардың келісімімен, көшелерінде ұстауға болатындығы жөнінде медициналық растамасы болса,ұстауға;
Тармақша 2
2) көліктің барлық түрімен жолаушылардың мазасын алмайтын жағдайда байлаулы, тұмсық қап кигізіліп,жетектегіші бар иттерді тасымалдауға.
Тармақ 12
12. Тыйым салынады:
Тармақша 1
1) жетектегішсіз және тұмсық қапсыз итті қоғамдық орындарға серуенге шығаруға;
Тармақша 2
2) мас күйіндегі адамдар мен 14 жасқа дейінгі балалар үй жануарларын серуендетуге;
Тармақша 3
3) жалпы пайдаланылатын орындарда, балконда иттерді ұстауға;
Тармақша 4
4) ит пен мысықтарды көпшілік жүретін және пайдаланылатын жерлерде яғни, пәтерлердің кіре берістерінде, басқыш алаңында, лифтлерде, балалардың ойын және спорт алаңдарында, газондарда, жағажайларда серуендетуге ұстауға және жаяу жүргіншілер жолдарын ластауға тиым салынады;
Тармақша 5
5) жануарлардың қи қалдықтарын және қоқыстарын иелері жинап алуға тиіс.
Тарау 5. 5. Үй жануарлары мен құстарды ұстау
5. Үй жануарлары мен құстарды ұстау
Тармақ 13
13. Рұқсат етіледі:
Тармақша 1
1) үй жануарлары мен құстар жеке меншікті арнайы жабдықталған жабық орынжайда, аумағы қоршалған қаланың санитарлық аймағына жатпайтын жерлерде, объектілерден тиісті нормативтік қашықтықта арнайы жабдықталған орындарда ұстауға тиіс;
Тармақша 2
2) үй жануарлары мен құстарды жеке меншікті үй жайлардан тыс жерлерде (қосалқы шаруашылық, тағы басқа), сондай-ақ экзотикалық үй жануарларымен құстарды тек қаланың мемлекеттік ветеринарлық стансасының рұқсатымен ұсталынады;
Тармақша 3
3) үй жануарлары мен құстардың иелері зоотехникалық және ветеринарлық-санитарлық талаптарды орындауға тиіс;
Тармақша 4
4) мемлекеттік ветеринарлық стансасының рұқсатымен үй жануарлары мен құстарды ( тұмсық қабы бар иттерді, мысықтар мен басқа да ұсақ жануарларды сөмкелермен есбеттерге салып, құстарды торға ұстап жүрү) көліктін барлық түрімен тасымалдауға.
Тармақ 14
14. Тыйым салынады:
Тармақша 1
1) үй жануарларын көпшілік пайдаланатын орындарды, малды айдап шығаратын жолдар мен алаңдардан басқа жерлерге жаюға;
Тармақша 2
2) қаланың және қала маңындағы ашық аумақтарда мал қиымен, түрлі қалдықтармен ластауға.
Тармақ 15
15. Егерде үй жануарларының иелері осы ереженің 5 тармақтың 2 тармақшасында көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда және қаланың қоғамдық жерлерінде иесіз жайылып жүрген үй жануарларын қалалық әкімияты жанынан құрылған уәкілетті органы ( қалалық әкімиятпен айқындалатын) үй жануарларын уақытша ұстап оқшаулайды.
Тарау 6. 6. Үй жануарлары иелірінің осы ережелерді орындаудағы міндеттері
6. Үй жануарлары иелірінің осы ережелерді орындаудағы міндеттері
Тармақ 16
16. Осы ережелерді орындамағаны үшін үй жануарларының иелері Қазақстан Республикасынынң «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне және басқа да заң актілеріне сәйкес жауапқа тартылады.
Тармақ 17
17. Азаматтардың денсаулығына, мүлкіне үй жануарларының келтірген шығыны мен зиянына зңдарда белгіленген тәртіп бойынша үй жануарлары иелерінің есебінен өтеледі.