Жылыой ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы Қолданыста
Басқа 0
Жылыой ауданының мүгедектері
үшін жұмыс орындарының квотасын
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабына сәйкес аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмысшылар саны елу адамнан асатын Жылыой ауданы жұмыс берушілеріне жалпы жұмыс орнының үш пайызы көлемінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Сағиевке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.