О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы N 64 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Ақпараттық қызмет көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Әділет Министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1035 болып тіркелді, N 1695 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жылғы N 12, 561-құжат "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 143 ; N 1969 болып тіркелген, 2002 жылғы 18 қыркүйектегі N 38 "Заң" газетінде, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жылғы N 39, 700-құжат "Ақпараттық қызмет көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2002 жылғы 23 тамыздағы N 125 ; N 2764 болып тіркелген, 2005 жылғы 2 тамыздағы N 139-140 "Заң" газетінде жарияланған, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2000 жылғы 1 ақпанда N 1035 болып тіркеген "Ақпараттық қызмет көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 19 наурыздағы N 69 ; N 2861 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 17 мамырдағы N 136 ; N 3067 болып тіркелген, 2005 жылғы 2 тамыздағы N 139-140 "Заң" газетінде жарияланған, "N 1035 болып тіркеген "Ақпараттық қызмет көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 7 қыркүйектегі N 256 ; N 3815 болып тіркелген, 2005 жылғы 1 қыркүйектегі N 159 (893) "Заң" газетінде жарияланған, "Ақпараттық қызмет көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 25 тамыздағы N 230 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрықтарымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақта "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталықтармен" деген сөздер алып тасталсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтарымен ақпараттық қызмет көрсету қағидасында: тақырыбында "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтарымен" деген сөздер алып тасталсын; 1-тармақта "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтарымен" деген сөздер алып тасталсын; 2-тармақта "Тіркеу қызметі комитетінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтарымен" деген сөздер "аумақтық органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақта: бірінші абзацта "заңнамаға сәйкес белгіленген ақыға" деген сөздер "тегін негізде" деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзац алып тасталсын; 5-тармақтың екінші абзацында бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: "Тіркеуші орган прокуратура органдарының, құқық қорғау, сот және атқарушы органдардың сұрауы бойынша заңнамада көзделген олардың құзыретіне сәйкес тиісті мәлімет береді."; 13-тармақта: 2) тармақшада ";" тыныс белгісі "." тыныс белгісімен ауыстырылсын; 3) тармақша алып тасталсын; 14-тармақта: бірінші абзацта "осы ережелердiң 16 тармағының 1) және 2) тармақшаларын қоспағанда." деген сөздер алып тасталсын; екінші абзац алып тасталсын; 15, 15-1-тармақтар алып тасталсын; 16-тармақта: 1), 2) тармақшалар алып тасталсын; 3) тармақшада "оның" деген сөзден кейін "1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша" деген сөздермен толықтырылсын; 5) тармақшада "жылжымайтын" деген сөздің алдынан "2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша" деген сөздермен толықтырылсын; 17, 17-1-тармақтар алып тасталсын. осы бұйрыққа 1, 2 қосымшаларына сәйкес 1, 2 қосымшаларымен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу жөніндегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы" Әділет министрінің 2005 жылғы 26 шілдедегі N 197 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3778 болып тіркелді, 2005 жылғы 6 қыркүйектегі N 162 "Юридическая газета" газетінде жарияланған), мынадай өзгерістер енгізілсін: 1, 2-қосымшаларда: жоғарғы оң жақ бұрышында: "Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" РМК" деген сөздер алып тасталсын; "орган" деген сөз "аумақтық әділет орган" деген сөздермен ауыстырылсын; он төртінші жолда "Тіркеу туралы куәлік қажет пе: Ия _______ Жоқ __________ (керегін белгілеу)" деген сөздер алып тасталсын; 3-қосымшада: жоғарғы оң жақ бұрышында: "Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" РМК" деген сөздер алып тасталсын; "орган" деген сөз "аумақтық әділет орган" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-қосымшада: жоғарғы оң жақ бұрышында: "Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" РМК" деген сөздер алып тасталсын; "орган" деген сөз "аумақтық әділет орган" деген сөздермен ауыстырылсын; алтыншы жолда "_ жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;" деген сөздер алып тасталсын; жетінші жолда "_ кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;" деген сөздер алып тасталсын; он төртінші жолда "1. "Төлем туралы құжат: түрі ____N____ күні _____ 200__ ж.____теңге сомасында." деген сөздер алып тасталсын; он бесінші жолда "2." деген сан алып тасталсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары өзінің қызметінде осы бұйрықты басшылыққа алсын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің төрағасына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. ___________________________________________
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 31 бұйрығына 1 қосымша Қазақстан Республикасының Әділет аумақтық органдарымен Ақпараттық қызмет көрсету Қағидаларына 1 қосымша Жылжымайтын мүлікке құқықтары (ауыртпалықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасының түрі ___________________________________________ Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамасы туралы анықтама N __________                     200__ жылғы "___"» _________ ___________________________________________________________________                 (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, ____________________________________________________________________ алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, берген мекеме) ____________________________________________________________________  мынадай жылжымайтын мүлік объектілерін растау үшін берілді: Жы­л­жы­май­тын мү­лік тү­рі Ка­дастр нө­мі­рі Ала­ңы Ор­на­лас­қан же­рі Жа­сау. са­ны Қа­бат­ты­лы­ғы, қа­бат Жал­пы ала­ңы Тұр­ғын, пай­да­лы ала­ңы Бө­лі­ні­сі (ЗУ) Ес­кер­ту
Тармақша 1
1) құқық тіркелді: Құқық тү­рі Маз­мұ­ны Құқық  ие­ле­ну­ші Жал­пы мен­шік ны­са­ны, үле­сі Құқық­тың пай­да бо­лу негі­зі Тір­кел­ген кү­ні, уа­қы­ты
Тармақша 2
2) құқық ауыртпалығы тіркелді: Ауырт­па­лық тү­рі Маз­мұ­ны Құқық  ие­ле­ну­ші неме­се уәкі­лет­ті ор­ган (мүд­де­лі адам) Жал­пы мен­шік ны­са­ны, үле­сі Ауырт­па­лық­тың пай­да бо­лу негі­зі Тір­кел­ген кү­ні, уа­қы­ты Орындаушы           _____________           _____________________                        (қолы)             (Тегі, аты, әкесінің аты) Бөлім бастығы       _____________           _____________________                        (қолы)             (Тегі, аты, әкесінің аты) Басшы               _____________           _____________________                        (қолы)             (Тегі, аты, әкесінің аты) М.О. _______________________________________________________________       Ескерту:       Анықтамада қамтылған мәліметтер берілген сәтте жарамды болып табылады.
Басқа 2. ______________________________________________
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 31 бұйрығына 2 қосымша Қазақстан Республикасының Әділет аумақтық органдарымен Ақпараттық қызмет көрсету Қағидаларына 2 қосымша Жылжымайтын мүлікке құқықтары (ауыртпалықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасының түрі ______________________________________________ Жылжымайтын мүліктің жоқтығы (барлығы) туралы анықтама N __________                           200__ жылғы "___" __________ ___________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, берген мекеме - жеке тұлға және оның өкілі үшін; ___________________________________________________________________ атауы, мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің тіркеу нөмірі - ____________________________________________________________берілді. заңды тұлға үшін және оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты) Оның атында _______________________________________________________ (жылжымайтын мүлкі болса _______________________________________________________елді мекенде оның орналасқан жері ) ___________________________________________________________________ (жылжымайтын мүліктің мақсатты тағайындалуы) жылжымайтын мүлікке меншік құқығы тіркелген (тіркелген жоқ) . керек емесі сызылады Орындаушы _____________ _________________________ (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты) Бөлім бастығы _____________ _________________________ (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты) Басшы _____________ _________________________ (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты) М.О. ___________________________________________________________________ Ескерту: Анықтамада қамтылған мәліметтер берілген сәтте жарамды болып табылады.