Об организации оплачиваемых общественных работ на предприятиях и в организациях города Петропавловска Күшін жойған
Басқа 0
Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149-ІІ Заңының 7 бабының 5 тармағына, 20-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелеріне», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы қарашадағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы «Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақысын толеу жүйесі туралы» №41 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» № 1156 қаулысы, Солтүстік Казақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 19 шілдедегі «Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздардың кәсіби дайындығын, біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі ережені бекіту туралы» № 38 қаулысына (әділет органдарындағы 2001 жылғы 30 шілдедегі мемлекеттік тіркеу № 398, «Северный Казахстан» газетінің 2001 жылғы 7 тамыздағы саны) сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қоғамдық жұмыстардың түрлері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі, түрлері, көлемдері және еңбекақы мөлшерлері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қала бюджетінде қоғамдық жұмыстарды жүргізуге қарастырылған қаражат шегінде «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (В.И. Мишнёв) бекітілген Тізбеге сәйкес жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. «Петропавл қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.И. Дорофеева) қоғамдық жүмыстарға қамтылған жұмыссыздардың енбекақысын төлеуге ақшалай қаражаттың уақытылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Петропавл қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 16 қарашадағы «Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 1701 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Қ.Кәрібаевқа жүктелсін,
Тармақ 6
6. Осы қаулы 2007 жылғы 01 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Келісілді:
Петропавл қаласының
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» ММ бастығы
Ш.Бәшірова
«Петропавл қаласынның
қаржы бөлімі» ММ бастығы
Г.Дорофеева
14 қаңтар 2007 ж.
«Петропавл қаласынның жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» ММ бастығы
В.Мишнев
14 қаңтар 2007 ж.
«Петропавл қаласының
жер қатынастары бөлімі» ММ бастығы
Р. Жапаров
14 қаңтар 2007 ж.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің
облыстық наркологиялық орталығы»
ММ бас дәрігері
А.Санин
14 қаңтар 2007 ж.
«Солтүстік Қазақстан мемлекеттік
мұрағаты» ММ директоры
С.Мәлікова
14 қаңтар 2007 ж.
«ЖИТС-тің алдын алу және күрес
жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық
орталығы» ММ бас дәрігері
Л.Степанова
14 қаңтар 2007 ж.
«Көші - қон жөшіндегі комитеттің
Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша басқармасы» ММ бастығы
С.Тоқболатов
14 қаңтар 2007 ж.
«Солтүстік Қазақстан облысы
әділет департаментінің Петропавл
қаласы әділет басқармасы»
ММ бастыгының м.а.
Н.Елмұратова
14 қаңтар 2007 ж.
«Коммунхоз» МКК директоры
А.Немилостивый
14 қаңтар 2007 ж.
Басқа 7
Петропавл қаласы әкімдігінің
2007 ж. «15» қаңтар № 56
қаулысына қосымша
Кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері бойынша түрлері, көлемдері және еңбекақы мөлшерлері
Кәсіпорындардың атауы
Ай сайын берілетін
жұмыс
орындар
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Разрядтар
Коэффициенттер
1. «Коммунхоз» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын
160 адам
Қала аумақтарын тазарту; аумақтарды көғалдандыру және көркейту;
мұз қалашықтарын салу барысында қосалқы жұмыстарды орындау;
жолдарды ағымдағы жөндеу (шұңқырлар мен ойықтарды жабу, кюветтер қазу, ағынды су канализациясын қоқыстардан тазарту және т.с.с.)
II
III
III
III
1,49
1,59
1,59
1,59
2.СПИД-тің алдын алу және күрес жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық орталығы
14 адам
Есірткі заттар тарату және пайдаланудың болжамалы жерлеріндегі, сенім пунктеріндегі жұмыс.
G-14
1,43
3.Солтүстік Қазақстан облысы әділет департаментінің Петропавл қаласы әділет басқармасы
20 адам
Халықты тұрғылықты жері бойынша қүжаттандыруда және тіркеуде техникалық қызмет көрсету
G-14
1,43
4. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көші-қон комитеті басқармасы
1 адам
Оралмандарды қабылдау және орналастыру бойынша тапсырыстарды орындау
G-14
1,43
5. «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеументтік бағдарламалар бөлімі» ММ
20 адам
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша республикалық және аймақтық қоғамдық науқандарға, статистикалық зерттеуге қатысу
G-17
1,43
6. «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
30 адам
Республикалық және өңірлік қоғамдық науқандарға қатысу (бірінші ұлттық ауылшаруашылық санақ)
G-14
1,43
7. «Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағаты ММ
2 адам
Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға көмек көрсету
G-14
1,43
8. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің облыстық наркологиялық орталығы» ММ
10 адам
Республикалық және өңірлік қоғамдық науқандарға қатысу (Жастар, қаланың оқу орындарындағы инъекциялық есірткіні және алкогольді пайдаланушылар арасында нашақорлыққа қарсы профилактикалық жұмыс жүргізу)
G-14
1,43
9. «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің аппараты» ММ
55 адам
Құжаттарды өндеуге және сақтауға дайындауға көмек көрсету
G-14
1,43
Жиынтығы
312