Об упорядочении предоставления льгот по проезду в общественном пассажирском автотранспорте Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоғамдық жолаушылар автокөлігімен жүруге жеңілдіктер беруді реттеу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 24.08.2004 № 8-87 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Азаматтардың жекелеген топтарына жеңілдіктер беру және оларға байланысты шығындарды министрліктерге, мемлекеттік комитеттерге, орталық, жергілікті атқарушы органдарға және басқа да заңды тұлғаларға қайтарудын Тәртібін бекіту туралы" 1996 жылғы 29 сәуірдегі № 527 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" 1996 жылғы II қарашадағы №1365 қаулысын атқаруда облыс әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 1997 жылдың I наурызынан бастап әкімшілік-аумақтық бірлік /аудан, қала/ көлеміндегі облыс аумағында жеңілдікпен пайдаланушыларды қоса есептегенде халықтың барлық санаттағы қоғамдық көлікте жүру үшін бір жолғы немесе бір айлық жол жүру билеті негіз болып табылады.
Тармақ 2
2. Қызмет куәліктері және басқа да құжаттар бойынша жол жүруге берілген жеңілдіктердің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Қапшағай қаласында және облыстың аудандарында қоғамдық жолаушылар көлігінде жол жүруге азаматтардың жекелеген топтарына жеңілдіктер беру Тәртібі бекітілсін /№І қосымша/.
Тармақ 4
4. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, ауруы жөніндегі I, II, Ш топтағы мүгедектер және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін Алматыға жылына 4 дүркін қатынау /әрі-бері 2 рет/ белгіленсін, жолаушылар автокөлігі тарифі бойынша жол жүру билеті шығыны облыстық бюджет есебінен төленсін.
Тармақ 5
5. Баға және антимонополиялық саясат жөніндегі комитет қоғамдық көлікте жолаушылар тасымалдау тарифін және жол жүру билеттерінің бағасын жолаушылар тасымалдайтын автокәсіпорындардың дотациясыз жұмысы есебінен қайта қарасын.
Тармақ 6
6. Облыстық қаржы басқармасы, облыстық халықты әлеуметтік қорғау басқармасы аудандар және Қапшағай қаласы женілдік алушылар контингентін және шығындар саласын анықтасын, шығындарды жабуды әкімнің жанындағы жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру және басқару жөніндегі Дирекция арқьілы қамтамасыз етсін.
Басқа 7
Алматы облысы әкімінің 1997 жылғы 3 сәуірдегі № 4-95 шешіміне қосымша Алматы облысының аудандарында және Қапшағай қаласында қоғамдық жолаушылар автокөлігімен жүруге азаматтардың жекелеген санаттарын жол жүру билеттері бойынша женілдіктер беру ТӘРТІБІ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы II қарашадағы № 1365 Қаулысын атқаруда азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру және министрліктерге, мемлекеттік комитеттерге, орталық, жергілікті атқарушы органдарға және басқа да заңды тұлғаларға жолаушылар автокөлігінде жүруге байланысты шығындардың орнын толтыру Тәртібі енгізіледі.
Тармақ 1
1. Қалалық жолаушылар автокөлігінің барлық түрінде /таксиден басқа/ және аудандардың әкімшілік аумағындағы селолық жерлерде жүруге бір жолғы немесе бір айлық жол жүру билеті негіз болып табылады. Жолаушылар автокөлігінде таксиден басқа жүруге жеңілдігі бар азаматтың әлеуметтік статусын растайтын құжаттың негізінде тұрған жері бойынша әкімшілік-аумақтық /аудан, Қапшағай қаласы/ бірлік көлемінде жеңілдік негіздегі жол жүру билеті беріледі. Ұзақ мерзімді /I ай, тоқсан, жыл/ жол жүру билеті қала ішінде және селолық жерлердегі автобустарда жүруге құқық беретін негізгі құжат болып табылады. Жолаушылар тасымалдау жөніндегі Дирекция ұзақ мерзімді жол жүру билеттерін бір ай, тоқсанға, жылға жасайды және таратады. Транспортпен жүруге жеңілдіктер беру туралы куәлік облыстың жолаушылар тасымалдау автокөліктерінде тегін жүруге құқық бер- мейді.
Тармақ 2
2. Селолық жерлерде жол жүру билеті сол ауданның аумағында жүретін маршруттарға беріледі, оған ауданның атауы, жолаушының аты=жөні жазылып, дирекцияның мәрі басылады, жеңілдік алушының қай саңатта екендігі, билеттің сериясы, нөмірі, қай мерзімге берілгені көрсетіледі. Қала ішінде жол жүру билеттері селолық және қалааралық автобустарда жарамсыз. Өз атына жазылған билетті басқаға беруге тыйым салынады. Жол жүру билеті тек билетте керсетілген әкімшілік-аумақтық бірлікте /қалада немесе ауданда/ жүретін маршруттарда ғана жарамды. Билетті жоғалтқан жағдайда ол қайта берілмейді және ақша қайтарылмайды.
Тармақ 3
3. Жол жүру билеттерін облыстық, аудандық /қалалық/ ішкі істер басқармалары, әскери бөлімдер, әскери комиссариаттар, тергеу және ұлттық қауіпсіздік комитеттері, халықты әлеуметтік қорғау басқармалары /бөлімдері/, сондай=ақ жеке тұлғалар ағымдағы айдын 20=шы жұлдызына дейін ақысын алдын=ала қолма=қол ақша төлеп немесе аудару арқылы ала алады. Дирекциянын есеп шоты №42520І, код 307, РНН 060100000489 Тұранбанктың Москва бөлімшесі, Алматы қаласы. Мекен=жайы: 480029, Алматы қаласы, 2=ші Ключевая, 6.