О правилах содержания и защиты зеленых насаждений в населенных пунктах Северо-Казахстанской области Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінде жасыл желекті екпелерді күтіп ұстау және қорғау Ережелері туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6 бабы 1 тармағы 8 тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінде жасыл желекті екпелерді күтіп ұстау және қорғаудың Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика, экология, бюджет, салық және қаржы салаларының мәселелері жөнiндегi тұрақты комиссия мен облыс әкiмiнің орынбасары С.І. Сүлейменовке жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Облыстық мәслихат сессиясының 2006 жылғы 21 желтоқсан N 27/7 шешіміне қосымша Солтүстік Қазақстан облысының елдi мекендерiнде жасыл желектi екпелерді күтiп үстау және қорғау Ережелері Осы Ережелер кiнәратсыз қоршаған орта қалыптастыру ұшiн елдi мекендерiн көркейтудiң негiзгi элементi ретiнде оларда жасыл желектi екпелердiң сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында азаматтық және табиғат қорғау заңнамаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Республикасының Заңына сәйкес әзiрленді. Ереже елдi мекендерiнде жасыл желектi екпелерді күтiп ұстау және қорғау саласындағы құқықтық қатынастарды реттейдi және меншiк нысандарына қарамастан барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн мiндеттi.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
Тармақша 1
1) жасыл желектi екпелер - азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мұлiк болып табылтын және елдi мекеннiң бiртұтас жасыл желектi қорын құрайтын табиғи және жасанды жолмен өсiрiлген ағаш, бұта және шөп өсiмдiктерi;
Тармақша 2
2) жасыл желектi құрылыс - елдi мекендерде және басқа объектiлерде жасыл желектi екпелердің алқаптарын, сақтау және ұлғайту. Көлемi едәуір ұлкен учаскелердi көгалдандыру жобалық тапсырманың негiзiнде және оның негiзiнде жасалған дендрологиялық және техникалық жоба бойынша жұргiзiледi.
Тармақша 3
3) жалпы жұрт пайдаланатын жасыл желектi екпелер - елді мекендер халқын рекреациялауға арналған жасыл желектi екпелер аумағы (қала ормандары, орман парктерi, саябақтар, бақшалар, скверлер, бульварлар);
Тармақша 4
4) шектеулi түрде пайдаланылатын жасыл желектi екпелер тұрғын үйлердiң, емдеу, балалар, оқу және ғылыми мекемелердiң, өнеркәсіп орындарының, спорт кешендерiнiң көгалдандырылған аумағы;
Тармақша 5
5) арнайы мақсаттағы жасыл желектi екпелер - санитариялық корғаныштық, су қорғау, қорғаныштық-мелиорациялық, өртке қарсы аймақтардың, зираттардың көгалдандырылған аумағы, жемiс бақтары, питомниктер, гүлзар-оранжерея шаруашылықтары;
Тармақша 6
6) дендрологиялық жоспар - көгалдар мен гүлзарлардың, алаңқайлардың, жолдардың, су айдындарының, шағын сәулет нысандарының ашық учаскелерiмен ұштастыра отырып, өсiп тұрған және жобаланып жатқан ағаш және бұта өсiмдiктерiнiң орналасуы мен түр-түрi керсетiлген 1:500 және одан да iрi масштабтағы сызба;
Тармақша 7
7) өтемдiк көгалдандыру - жойылған немесе бүлiнген жасыл желектi екпелердiң орнына оларды молықтыру;
Тармақша 8
8) жасыл желекті екпелердің өтемақылық қүны -жасыл желекті екпелерді құруға және күтіп ұстауға, сондай-ақ жасыл желекті екпелердің құндылығына, орналасқан жеріне және сапалық жай-күйіне байланысты айқындалатын экологиялық нұқсанды өтеуге жұмсалған шығындарды қоса алғанда, бүлінген немесе жойылған жағдайда жасыл желекті екпелердің құндылығын есепке алу үшін белгіленетін олардың құндық бағасы;
Тармақша 9
9) көгалдандырылған аумақтар - табиғи және жасанды жолмен өсірілген екпелер: бақ-парк кешендері мен объектілері, бульварлар, скверлер, көгалдар мен гүлзарлар орналасатын тұрғын үй қоғамдық, іскерлік, коммуналдық, өндірістік мақсаттағы жер учаскелері;
Тармақша 10
10) жасыл желекті екпелерді қорғау - жасыл желекті екпелерді сақтауға және молықтыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесі;
Тармақша 11
11) қорғау куәлігі - есепке алынған объектінің паспорты негізінде жасыл желекті екпелерді қорғау жөніндегі міндеттер жүктелетін олардың меншік иелеріне (жалгерлеріне) беретін құжат;
Тармақша 12
12) жасыл желекті екпелердің бүлінуі - ағаш-бұта өсімдіктерінің ұшарбасына, діңіне, бұтақтарына, олардың тамыр жүйесіне нұқсан келтіру, шөп өсімдіктерінің өсуін тоқтатпаса да, олардың жердегі бөлігі мен тамыр жүйесін бүлдіру. Бұтақтарының, тамыр жүйесінің механикалық жолмен бүлінуі, қабығының тұтастығының бұзылуы, топырақ үстіндегі жанды қабатының біртұтастығының зақымдануы, жасыл желекті екпелердің немесе тамыр аймағындағы топырақтың зиянды заттармен ластануы, өрттеу және өзге де нұқсан келтіру бүліну болып табылады;
Тармақша 13
13) есепке алу ведомосы -жасыл желекті екпелердің жай-күйінің жалпы сипаттамасын беретін ағаштар мен бұталардың саны туралы ведомость;
Тармақша 14
14) жасыл желекті екпелердің тізілімі - елді мекен аумағындағы жасыл желекті екпелердің тұрпаты, түр құрамы, мөлшері туралы деректер жиынтығы;
Тармақша 15
15) жасыл желекті екпелерді жою - ағаштар, бұталар, гүлзарлар және көгалдар жойылып кететіндей дәрежеде жасыл желекті екпелерді бүлдіру;
Тармақша 16
16) есепке алынатын объект - белгіленген шекарасы 17 уәкілетті орган - жасыл желекті екпелер күтіп ұстау және қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін, әкімдіктермен тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің өкілеттігі жүктелген орган
Тарау 2. 2. Жасыл желекті екпелерді күтіп ұстаудың және қорғаудың негізгі принциптері
2. Жасыл желекті екпелерді күтіп ұстаудың және қорғаудың негізгі принциптері
Тармақ 2
2. Елді мекендер кімнің қарауында екеніне қарамастан олардың аумағында орналасқан барлық жасыл желекті екпелер елді мекеннің біртұтас жасыл желек қорын құрайды және қорғалуға жатады.
Тармақ 3
3. Жеке және заңды тұлғалар жасыл желекті екпелерді сақтау жөнінде шаралар қолдануға, жасыл желекті екпелердің бүлінуіне немесе жойылуына әкеп соғуы мүмкін заңсыз іс-әрекеттерге немесе әрекетсіздікке жол бермеуге міндетті.
Тармақ 4
4. Жасыл желекті екпелер орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері, жалгерлері олардың жай-күйіне бақылау жасап отыруға, жасыл желекті екпелердің қанағаттанарлық жай-күйі мен қалыпты өсіп-өнуін қамтамасыз етуге міндетті. Арнайы агротехникалық іс-шаралар өткізуге байланысты жасыл желекті екпелер отырғызу және оларға күтім жасау жөніндегі жұмыстарды осы қызмет түрімен айналысу құқығын беретін сертификаттың негізінде мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Жеке және заңды тұлғалардың жобалау, құрылыс және шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Ереже белгілеген жасыл желекті екпелерді қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады. Құрылыс, шаруашылық және жобалау құжаттамасы топографиялық негізге салынған жасыл желекті екпелердің жай-күйі туралы толық және шынайы мәліметтерді қамтуға тиіс.
Тармақ 6
6. Белгіленген тәртіппен келісілген елді мекенді дамытудың бас жоспарымен салыну көзделген учаскелерді қоспағанда, елді мекендер аумағының шегінде орналасқан жасыл желекті алқаптар (саябақтар, скверлер, тоғайлар, ағаш отырғызылған жерлер) құрылыс жүргізуге жатпайды.
Тармақ 7
7. Жалпы жұрт пайдаланатын жерлерде жасыл желекті екпелер құру белгіленген тәртіппен бекітілген елді мекендерді көгалдандырудың бас жоспары мен ұзақ мерзімді кешенді схемасына сәйкес сәулет және қала құрылысы органдарының оң қорытындысы, экологиялық сараптама негізінде жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Жасыл желекті екпелер құру жұмысының барлық түрі белгіленген тәртіппен бекітілген дендрологиялық жобалар бойынша орындалады. Жасыл желекті құрылыс жұмысын жүргізу кезінде жоба авторлары орындалып жатқан жұмыстардың сапасын және олардың бекітілген дендрологиялық жобаға, жұмыс сызбаларына сәйкес келуін қадағалап отыруға міндетті.
Тарау 3. 3. Азаматтардың және жасыл желекті екпелердің меншік иелерінің (жалгерлердің) құқықтары мен міндеттері
3. Азаматтардың және жасыл желекті екпелердің меншік иелерінің (жалгерлердің) құқықтары мен міндеттері
Тармақ 9
9. Азаматтардың:
Тармақша 1
1) осы Ереженің талаптарын сақтай отырып, өздерінің мәдени-сауықтыру және эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бақтарда, парктерде, скверлерде емін-еркін жүріп-тұруға, серуендеуге, спортпен шұғылдануға және өзге де мақсаттарда болуға құқығы бар. Елді мекендер халқының арнайы мақсаттағы көгалдандырылған аумақтар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген учаскелерін пайдалануына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішінара немесе толық шектеу қойылуы мүмкін;
Тармақша 2
2) елді мекендердің жасыл желекті қорының жай-күйі, оны қорғау шаралары мен дамыту перспективалары туралы шынайы ақпарат алуға;
Тармақша 3
3) жасыл желекті құрылыс жобаларын талқылауға, сондай-ақ жасыл желекті құрылыстың баламалы жобаларын әзірлеуге қатысуға;
Тармақша 4
4) іске асырылуы елді мекендердің жасыл желек қорына зиян келтіруі мүмкін жобалық құжаттамаға қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы бастамашылық жасауға;
Тармақша 5
5) елді мекендерді, ауланы көгалдандыру, көгалдандырылған аумақтарды санитарлық тазалау жөніндегі іс-шараларға қатысуға;
Тармақша 6
6) лауазымды тұлғалардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жасыл желекті екпелерді қорғау жөніндегі талаптарды бұзуына байланысты әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) әкімшілік немесе сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар.
Тармақ 10
10. Жасыл желекті екпелерді қорғау және күтіп ұстау жөнінде міндеттеме қабылдаған жеке және заңды тұлғалар, көгалдандырылған аумақтардың меншік иелері мен жалгерлері:
Тармақша 1
1) жасыл желекті екпелердің сақталуын және оларға білікті күтім жасалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жасыл желекті екпелердің өзгеруі (қазып әкетілгені, қайта жаңартылғаны, қайта отырғызылғаны, отырғызылғаны) туралы оған жыл сайын ақпарат жіберіп тұрады;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның әдістемелік-нұсқаулық ұсыныстарына сәйкес агротехникалық шаралардың бүкіл кешенін, оның ішінде көгалдарды, ағаштар мен бұталарды суаруды, арамшөптермен, зиянкестермен және аурулармен күресуді, көгалдарды тегістеп шауып отыруды жүйелі түрде жүргізіп тұрады
Тармақша 4
4) қала құрылысы, экологиялық, санитариялық-гигиеналық нормаларға сәйкес әзірленіп бекітілген дендрологиялық жобалар бойынша бекітіп берілген аумақта өз есебінен көгалдандыру және жасыл желекті екпелерді ағымды жөндеуден өткізу жұмыстарын жүргізеді;
Тармақша 5
5) осы Ережеге белгілеген тәртіппен ресімделген жасыл желекті екпелерді қазып әкетуді (қайта отырғызуды) жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) уәкілетті органның жазбаша рұқсатымен ғана ағаштарды жасарту мақсатында кеседі, ағаш-бұта өсімдіктеріне олардың нобайын қалыптастыру және оларды санитарлық мақсатта кесу жұмыстарын жүргізеді;
Тармақша 7
7) жіңішке сымдар қорғалатын аймақта (1 метр радиуста), сондай-ақ көше көрсеткіштері мен үйлердің нөмір белгілерін жауып тұрған бұталарды дер кезінде кесіп отырады. Бұталар кесу электр сымдары желісінің иелерімен келісілген кесте бойынша және осы жұмыс түрін орындау жөніндегі технологиялық талаптарды сақтай отырып, олардың бақылауымен жүргізіледі.
Тармақша 8
8) аумаққа санитарлық тазарту жүргізеді, сынған ағаштар мен бұталар тасып әкетеді.
Тармақ 11
11. Жасыл желекті екпелер орналасқан жер учаскелерін сатып алу, сату, сыйға тарту, жалға беру кезінде және жер заңнамасында көзделген жер айналымының басқа нысандарында жасыл желекті екпелерді қорғау және күтіп ұстау жөніндегі құқықтар мен міндеттер жаңа меншік иесіне, жалгерге көшеді. 12 Көгалдандырылған аумақтардың жер айналымын куәландырылатын құжаттама уәкілетті органмен келісуге тиіс. 13 Жасыл желекті екпелерді күтіп ұстауға берілген қорғау куәлігі, ал жекелеген жағдайларда аумақты көркейту мен тазарту шарты жасыл желекті екпелер орналасқан жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар ресімделгенге (қайта ресімделгенге) дейін жасалады.
Тарау 4. 4. Жасыл желекті екпелерді есепке алу, қорғау және күтіп ұстау
4. Жасыл желекті екпелерді есепке алу, қорғау және күтіп ұстау
Тармақ 14
14. Елді мекендердегі жасыл желекті екпелердің санын, түр құрамын және жай-күйін анықтау мақсатында оларды есепке алу есеп объектісінің шекарасында орналасқан жасыл желекті екпелерді түгендеу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Жасыл желекті екпелерді түгендеу және оларды тексерудің өзге түрлері белгіленген тәртіппен әдістемелік-нұсқаулық құжаттармен бекітілген есеп объектісі шекарасында орналасқан жасыл желекті екпелердің әрбір ағашын есепке алу әдістеріне сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Жасыл желекті екпелерді есепке алу:
Тармақша 1
1) елді мекендер аумағындағы жасыл желекті екпелердің сандық және сапалық сипаттамалары туралы шынайы деректер алу;
Тармақша 2
2) жауапты меншік иелерінің көгалдандырылған аумақтарда жүзеге асыратын қызметінің аумақтардың белгіленген функционалдық мақсатына сәйкестігін айқындау;
Тармақша 3
3) елді мекендердің көгалдандырылған аумақтарын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру үшін ақпараттық база құру мақсаттарында жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Жасыл желекті екпелердің барлық түрі: ағаштар, бұталар, көгалдар, гүлзарлар есепке алынуға жатады.
Тармақ 18
18. Бекітілген нысан бойынша (1-қосымша) толтырылатын есеп объектісінің паспорты жасыл желекті екпелерді есепке алу нәтижелерін көрсететін құжат болып табылады.
Тармақ 19
19. Есеп объектісінің паспорты бес жылда 1 рет жоспарлы түрде жаңартылып отыруға тиіс.
Тармақ 20
20. Жылжымайтын мүліктің жауапты иесі өзіне тиесілі жер учаскесіндегі жасыл желекті екпелерді есепке алуды ұйымдастырады және алынған деректерді есеп объектісінің паспортына енгізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 21
21. Есеп объектісінің паспортын жауапты меншік иесі бекітеді және уәкілетті органмен, сондай-ақ тексеру жүргізген мамандандырылған ұйыммен келісіледі. Есеп объектісі паспортының көшірмесі Жасыл желекті екпелер тізіліміне (2-қосымша) деректерді енгізу үшін уәкілетті органға береді.
Тармақ 22
22. Көгалдандырылған аумақтарда орналасқан Жасыл желекті екпелер тізілімінің деректерін жаңартып отыру 2 жылда 1 рет жүргізіледі.
Тармақ 23
23. Жасыл желекті екпелерді күтіп ұстау және қорғау жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстарды ұйымдастыру және орындау мыналарға:
Тармақша 1
1) бақтар, скверлер, бульварлар, жаяу адамдар жүретін аллеялар -уәкілетті органға, мамандандырылған коммуналдық кәсіпорындарға, сондай - ақ көгалдандырылған аумақтардың меншік иелері мен жалгерлеріне жүктеледі;
Тармақша 2
2) мәдениет және демалыс саябақтары, балалар саябақтары, мамандандырылған саябақтар - осы мекемелердің әкімшіліктеріне жүктеледі;
Тармақша 3
3) сауда, қызмет көрсету объектілерінің, банктердің, офистердің, кәсіпорындардың, жеке меншік үйлердің және басқа да жеке иеліктердің бүйірінің (алдыңғы жағының) ажырамас бөлігін құрайтын жалпы жұрт пайдаланатын жасыл желекті екпелер - осы жылжымайтын мүліктің меншік иелері мен жалгерлеріне жүктеледі;
Тармақша 4
4) ұйымдардың аумақтарындағы, сондай-ақ оларға бекітіп берілген учаскелердегі жасыл желекті екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстарды ұйымдастыру мен орындауды тікелей ұйымдар жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) санитарлық-қорғаныштық аймақтарда - жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар санитариялық-қорғаныштық аймақтар шекарасында жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) квартал ішіндегі жасыл желекті екпелер, үй қасындағы аумақтардағы екпелер жер пайдалану шекарасында - тұрғын үй қорының меншік иелеріне (тұрғын үй-пайдалану кәсіпорындарын пайдаланушыларға) жүктеледі.
Тармақ 24
24. Арнайы агротехникалық іс-шаралар өткізуге байланысты жасыл желекті екпелерге күтім жасау жөніндегі жұмыстарды, жасыл желекті екпелерді жөндеу мен қайта жаңартуды уәкілетті орган берген тиісті сертификаты бар мамандандырылған көгалдандыру ұйымдары жүргізеді.
Тарау 5. 5. Жасыл желекті екпелерді құлату және қайта отырғызу
5. Жасыл желекті екпелерді құлату және қайта отырғызу
Тармақ 25
25. Жасыл желекті екпелерді құлатуға
Тармақша 1
1) белгіленген тәртіппен бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс объектілерін орналастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) инженерлік көркейту объектілеріне, жер үстіндегі коммуникацияларға қызмет көрсету;
Тармақша 3
3) авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік көркейту объектілерінде жою;
Тармақша 4
4) санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау органының қорытындылары бойынша тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар үшін нормативтерге сәйкес келетін үйлердің жарық деңгейін қалпына келтіру;
Тармақша 5
5) жасыл желекті екпелердің сапалық және түр құрамын жақсарту қажет болған жағдайларда рұқсат берілуі мүмкін.
Тармақ 26
26. Жасыл желекті екпелерді құлатуға ағаш кесу билеттері бойынша ғана, ал қайта отырғызуға уәкілетті орган беретін рұқсат бойынша жол беріледі. Ағаш құлату, қайта отырғызу, ағаш кесу билеттерін (N 3 қосымша) және қайта отырғызуға рұқсат беру тәртібін жасыл желекті екпелерді қорғау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. Жер учаскесі (бау-бақша және саяжай учаскелері, жеке тұрғын үй құрылысы) жеке немесе заңды тұлғаға меншікке берілгеннен кейін онда шаруашылық қызметтің нәтижесінде немесе табиғи жолмен пайда болған ағаш және бұта өсімдіктерін құлатуды, қайта отырғызуды, қайта жаңартуды олар рұқсат ресімдемей өздерінің қалауы бойынша жүзеге асырады.
Тармақ 27
27. Мемориалдық, тарихи немесе бірегей эстетикалық құндылығы бар, тарихи немесе мәдени мұра ескерткіштері мәртебесі берілген ағаштарды, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, сондай-ақ жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан ағаш және бұта өсімдіктерінің түрлерін құлатуға тыйым салынады.
Тармақ 28
28. Қала құрылысы қызметін іске асыру кезінде жасыл желекті екпелерді құлату немесе қайта отырғызу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) жобалау ұйымы құрылысқа бастапкы рұқсат беру құжаттамасын әзiрлеу кезiнде белгiленген тәртіппен жасыл желектi екпелердi құлату қажеттігін көздейтiн құрылыс жобасын әзiрлейдi;
Тармақша 2
2) жобалау ұйымының хаты мен құрылыс жобасының негiзiнде уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық басқармасымен бiрлесiп, құрыылыс жүргiзу көзделiп отырған учаскенi тексерiп шығып, тексеру актiсiн жасайды, онда ағаштар мен бұталардың саны, олардың түр құрамы, жай-күйi, көгалдардың, шөп қабатыныңi гүлзарлардың бар-жоғы, оның iшiнде құлатындары көрсетiледi;
Тармақша 3
3) тексеру актiсiнiң негiзiнде уәкілетті орган жобалау ұйымына ағаштар мен бұталардың, сондай-ақ құлатылуға тиiс ағаштар мен бұталардың, гүлзарлар мен көгалдардың мөлшерiн барынша ықтимал сактап қалу мақсатымен осы учаскеде құрылыс орналастырудың ерекше шарттарымен құрылыс жүргiзу мүмкiн екенi туралы қорытынды бередi;
Тармақша 4
4) берiлген құжаттардың негiзiнде уәкілетті орган тапсырыс берушiге кесiлетiн ағаштар мен бұталардың, әкетiлетiн гүлзарлар мен көгалдардың белгiленген таксаларға немесе құнды бағалаудың бекiтiлген әдiстемесiне сәйкес анықталатын мөлшерде өтемақылық құнын төлеуге шот жазып бередi;
Тармақша 5
5) әкiмдiктің бағдарламаларына сәйкес бес қабатты және өзге ескi үйлердi құлату кезiнде жасыл желектi екпелердi құлатуға ағаш кесу билеттерiн бергенде өтемақылық құн инженерлiк коммуникациялардың күзет аймақтарында және жарық режимi аймағында орналасқан жасыл желектi екпелердi құлату құны ескерiлмей есептеледi.
Тармақ 29
29. Инженерлiк коммуникациялардың күрделi немесе ағымды жөндеуден өткiзу кезiнде жасыл желектi екпелердi құлатуды және (немесе) қайта отырғызуды келiсiп алу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
Тармақша 1
1) инженерлiк коммуникациялардың күрделi немесе ағымды жөндеуден өткiзу кезiнде жасыл желектi екпелердi құлату ағаш кесу билетiнiң негiзiнде жүргiзiледi;
Тармақша 2
2) инженерлiк коммуникациялардың күзет аймақтарында өсіп тұрған жасыл желектi екпелердi кесу кезiнде колданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес айқындалатын өтемақылық құн алынбайды;
Тармақша 3
3) жөндеу жұмыстары барысында бүлiнген көгалдар мен гүлзарларды қалпына келтiру тапсырыс берушiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады;
Тармақша 4
4) инженерлiк коммуникациялардың күзет аймағынан тысқары жерлерде жұмыс жүргiзу аймағында өсiп тұрған ағаштар мен бұталарды кесу кезiнде өтемақылық құн толық калпына келтiру құны мөлшерiнде алынады.
Тармақ 30
30. Iрi ағаштардың құлауы адамдардың өмiрi мен денсаулығына, үйлер мен құрылыстардың жай-күйiне, көлiк қозғалысына, коммуникациялардың жұмыс iстеуiне қатер төндiретiн төтенше және авариялық жағдайларда - көрсетiлген екпелердi құлату алдын ала рұқсат ресiмдемей-ақ жүргiзiледi:
Тармақша 1
1) құлату фактiсi аумақ иесi, уәкілетті орган, аварияльқ және өзге төтенше жағдайды жою жөнiнде жұмыс жүргiзген ұйым өкiлдерiнiң, тиiстi аудан әкiмi өкiлiнің құрамындағы комиссия белгiленген нысанда ресiмделген ағаш кесу орнын куәландіру актiсiмен расталады;
Тармақша 2
2) уәкiлеттi орган ағаш кесу билетiн белгiленген тәртіппен ресiмделген құлату орнын куәландыру актiсi болған жағдайда жұмыстар басталған сәттен бастап 72 сағат iшiнде бередi.
Тармақ 31
31. Үйлер мен құрылыстардан 5 метр жақын өскен, үйлердi тым қараңғылап жiберетiн ағаштарды құлатуға рұқсатты санитариялық эпидемиологиялық қадағалау органдарыньң қорытындылары негiзiнде азаматтардың өтiнiштерi бойынша уәкілетті орган тегiн бередi.
Тармақ 32
32. Құрғақ, кеуiп бара жатқан және ауру ағаштар мен бұталардың кайда орналасканына қарамастан оларды есепке алуды және таңбалауды азаматтар мен заңды тұлғалардың, көгалдандырылған аумақтардың пайдаланушыларының, меншiк иелерiнiң және жалгерлерiнiң өтiнiштерi бойынша уәкілетті орган жүргiзедi.
Тармақ 33
33. Жасыл желектi екпелердi өсiру және күтiп ұстауға мамандандырылған ұйымдарға тиесiлi аумақтарда жасыл желектi екпелердi құлату осы Ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 34
34. Келiсiлген жобаға және санақ ведомосына сәйкес жататын барлық жасыл желектi екпелердi жұмыс жүргiзушi қызыл бояумен, қайта отырғызылуға арналған екпелердi - сары бояумен белгiлейдi.
Тармақ 35
35. Кесiлген ағаш пен кесiндi қалдықтарын құлату, көлденеңiнен бөлу, тиеу және әкету жұмыс басталған сәттен бастап бiр тәулік iшiнде жүргiзiледi. Кесiлген ағаштар мен кесiндi қалдықтарын жұмыс жүргізілген жерде сақтауға тыйым салынады. iшінде жүргізіледі. Кесiндi қалдықтарын құлату, көлденеңiнен бөлу, тасымалдау жөнiндегi барлық жұмыс осы жұмыс түрiне арналған қауiпсiздiк техникасының талаптарына толық сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 36
36. Ағаш кесу аумағына жақын көгал, гүлзар, жасыл желектi екпелер бүлiнген жағдайда жұмыс жургiзушi оларды аумақ иесiмен және уәкілетті органмен келiсiлген мерзiмде, бiрақ барлық зақым келтiрiлген сәттен бастап жарты жылдан кешiктiрмей мiндеттi түрде қалпына келтiредi.
Тармақ 37
37. Жасыл желектi екпелердi қайта отырғызу уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттың негiзiнде жүргiзiледi.
Тарау 6. 6. Құлатылғаннан кейiн жасыл желектi екпелерге келтiрiлген нұқсанның орнын толтыру және оларды қалпына келтiру
6. Құлатылғаннан кейiн жасыл желектi екпелерге келтiрiлген нұқсанның орнын толтыру және оларды қалпына келтiру
Тармақ 38
38. Лауазымды тұлғалардың, азаматтар мен заңды тұлғалардың iс-әрекеті немесе әрекетсiздiгi салдарынан көп жылдық жасыл желектi екпелердiң жоғалуы (құлауы, жойылуы) ақшалай немесе заттай нысанда толық өтелуге жатады.
Тармақ 39
39. Өтемақылық көгалдандыру, мына талаптар ескерiле отырып жүргiзiледi:
Тармақша 1
1) қалпына келтiрiлетiн жасыл желектi еклелердiң саны құлатылғандар санынан кем болмауы тиiс;
Тармақша 2
2) қалпына келтiрiлетiн жасыл желектi екпелердiң түр құрамы мен нобайы сәулеттік, экологиялық және эстетикалық сипаттамалары бойынша жақсартылуға жатады;
Тармақша 3
3) қалпына келтiру әдетте ағаш құлатылған аумақ шегiнде жүргiзiлiп, ағаштар тамыр топырағымен бiрге отырғызылады;
Тармақ 40
40. Өтемақылық көгалдандыру құлату мүддесi үшiн жүргiзiлген азаматтар мен заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Заңсыз құлату, жою фактiлерi бойынша өтемақылық көгалдандыру кiнәлi адамды анықтау мүмкiн болмағанда, жасыл желектi екпелер табиғи жолмен курап қалғанда қала бюджетiнiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi. Жасыл желектi екпелер мүддесi үшiн құлатылған азаматтар мен заңды тұлғалар ақшалай түрде өтемақылық құнды жергiлiктi бюджетке аударады. Мамандандырылған ұйыммен, көгалдандыру кәсіпорнымен жасалған шарт бойынша, уәкілетті органмен келiсе отырып жеке және заңды тұлғалар өтемақы заттай түрiнде жасалуы мүмкiн.
Тармақ 41
41. Өтемақылық көгалдандыру:
Тармақша 1
1) 20 данадан астам ағаш-бұта өсiмдiктерi қалпына келтiрiлген кезде - бекiтiлген дендрологиялық жобаға сәйкес;
Тармақша 2
2) 20 данадан кем ағаш-бұта өсiмдiктерi қалпына келтiрiлген кезде - уәкілетті органмен келiсiлген сызбаға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 42
42. Құрылыс жұмыстары жүргiзiлген кезде құлатуға жататын жасыл желектi екпелер құрылыс салушының қаражаты есебiнен қалпына келтiрiледi. Құрылыстың бекiтiлген жобалау құжаттамасына сәйкес құрылыс салушылар жүргізетін көгалдандыру өтемақылық көгалдандыру жұмыстары ретінде есепке алынбайды.
Тарау 7. 7. Жасыл желекті екпелерді күту және қорғау саласындағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік
7. Жасыл желекті екпелерді күту және қорғау саласындағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік
Тармақ 43
43. Жасыл желекті екпелерді заңсыз зақымдау немесе жою үшін әкімшілік жауапкершілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.
Тармақ 44
44. Жеке, лауазымды және заңды тұлғалар осы Ереженің баптарын бұзған жағдайда “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 45
45. Осы бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар қолданылатын Әкімшілік кодексіне сәйкес лауазымды тұлғалармен толтырылады.
Басқа 115
Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінде жасыл желекті екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау ережесіне 1-қосымша Түгендеу өткізетін ұйымның атауы __________________________________ Түгендеу нөмірі __________________ Есеп объектісінің ПАСПОРТЫ Объектінің атауы___________________________________________________ Сыныптық коды______________________________________________________ ____________________________________________________________________ (жердің функционалдық мақсаты бойынша) Әкімшілік-аумақтық қатысы__________________________________________ ___________________________________________________________________ (әкімшілік маңызының коды) Жауапты иесі_______________________________________________________ Қорғау және пайдалану режимі, қала құрылысы қызметін реттеу режимі ___________________________________________ Келісілді: Келісілді: Келісілді: Құрылыс Жауапты Уәкілетті департаменті иесі орган _______________ ___________ _______________ 200-жылғы»____»_______ 200-жылғы»____»______ 200-жылғы»____»_______ Есеп объектісінің паспортына қосымша: Жағдайлық жоспар (есептік объектінің _______________ қаласында, __________________ кентінде орналасуы) Есеп объектісінің түгендеу жоспары (дендрожоспар) М1: 500; М1: 1000 Есеп объектісінің орман екпелерінің жоспары (түгендеу жоспары) М1:2000; М1:10000 Жасыл желекті екпелердің әрбір ағашын есепке алу ведомосы Түгендеуді өткізген ұйымдардың тізімі
Басқа 116. Жасыл желекті екпелердің тізілімі
Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінде жасыл желекті екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау ережесіне 2-қосымша __________________________ қаласының, кентінің ______жылғы 1 қаңтардағы жасыл желекті екпелерінің ТІЗІЛІМІ Жасыл желекті екпелер объектілерінің (учаскелерінің) көлемін жердің санатына, өсімдіктер түрлеріне және функционалдық мақсатына қарай бөлу Елді_мекен________________ Әкімшілік аудан: (коды)________________ Жауапты иесі:____________________________ Жасыл желекті екпелердің тізілімі Р/с № Түгендеу № Объект паспорты Жердің функционалдық мақсаты, жасыл желекті екпелер объектілерінің (учаскелерінің) мақсаттылық түрлерінің тобы, атауы Сыныптық коды Объектілердің (учаскелердің) көлемі га, жасыл желекті екпелердің көлемі га/түп (ағаш, бұта) А Б В 1 Саябақ түріндегі жасыл желекті екпелер Ағаш өсімдіктері, текше м. га/түп Бұта өсімдіктері Санаулы ағаштар Топ­тар, Бө­лік­тер Ал­қап­тар, то­ғай­лар, бақ­тар га Ал­ле­я­лар, қа­тар­лар Барлығы га/түп Жалғыз бұталар Жа­сыл же­лек­ті қор­шау Қа­тар­лап отыр­ғы­зу Бар­лы­ғы га/түп 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Ашық кеңістіктер Гүлзарлар, га Көгалдар, га жылдық Кө­п­жыл­дық­тар аралас кон­тей­нер­лік барлығы партерлік кәдімгі То­пы­рақ бе­ті­нің қа­ба­ты Барлығы 11 12 13 14 15 16 17 18 19 Саябақ түріндегі өсімдіктер барлығы Орман, табиғи үлгідегі өсімдіктер Табиғи және аралас түрлі сүрекдің Дақылдар Табиғи алаңқайлар, ағаш ала-құла өскен жерлер 20 21 22 23
Басқа 117
Қазақстан Республикасының елді мекендерінде жасыл желекті екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау ережесіне 3-қосымша 200____жылғы “___”_________ N№_________ АҒАШ КЕСУ БИЛЕТІ (Жасыл желекті екпелерді санитарлық және қайта жаңарту мақсатында кесу) __________________________________________________________________________________ (мекен-жайы, әкімшілік аудан, қала, ауыл, жұмыс учаскесінің мекен-жайы) Жұмыстардың түрі:___________________________________________ Мынадай тапсырылған құжаттардың негізінде:__________________________ ____________________________________________________________________ құжаттардың негізінде Қоса берілген санақ ведомысына, жобаға және сызбаға сәйкес: ___________________________________________түп ағашты, ___________________________________________түп бұтаны кесуге, ___________________________________________түп ағашты, _________________________________түп бұтаны қалпына келтіруге рұқсат етіледі. Кесу түрі___________________________________түп ағаш, ___________________________________________түп бұта Мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт: _____________________________________________________________________ Жұмыстар_____________________________________________________________ (уәкілетті органның, аумақтық ҚОҚ басқармасының бөлімшесі) ____________________________________өкілінің қатысуымен жүргізілсін. Жасыл желекті екпелерді құлату жұмыстары басталатын күн ___________ _____________________________________________________________________ (уәкілетті органның, аумақтық ҚОҚ басқармасының бөлімшесі) тағайындалған мерзімнен бұрын 5 күннен кешіктірмей (______тел.) хабарлансын. Ағаш кесу билетінің қолданылатын мерзімі___________________________________________ Уәкілетті орган басшысының орынбасары_______________________ ӨТЖ бастығы______________________________________ (қолы, күні) М.О Ағаш кесу билетін алдым___________________________________________________________ (лауазымы, ұйым, қолы,Т.А.Ж., телефоны) Ағаш кесу билеті ___________________________________________жабылды. (қолы, күні)