Об утверждении Правил предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату жилищно-коммунальных услуг Күшін жойған
Басқа 0
Табысы аз азаматтарға тұрғын үйді ұстауы және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының негізінде Бородулиха ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған табысы аз азаматтарға тұрғын үйді ұстауы және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы
ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
Тармақ 3
2. Осы шешім Бородулиха аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң өз күшіне енеді және 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Табысы аз азаматтарға тұрғын үйді ұстауы және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру ережесі
Аудандық мәслихаттың
2006 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 26-7 шешімімен бекітілген
Табысы аз азаматтарға тұрғын үйді ұстауы және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру ережесі
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, табысы аз азаматтарға тұрғын үйді ұстауы және тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін көмек (бұдан әрі – әлеуметтік көмек) көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Жергілікті жылыту орталығы бар жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрғындардың әлеуметтік қорғалатын тобына әлеуметтік көмек бір рет беріледі.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі – мекен-жайлық әлеуметтік көмектің бір нысаны болып табылады және осы елді мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі немесе оның жалдаушысы (жалгері) болып табылатын азаматтарға (отбасыларға) беріледі. Бір әкімшілік-аумақтық бөлімде тұрғын үй жалдаған адам осы бөлімнің басқа мекен-жайы бойынша тіркелуге алынуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Отбасының тұрғын үйді күтуге және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлеген нақты шығындары осы мақсаттарға арналған рұқсат етілген ең жоғарғы үлестен асып кеткенде тұрғын үй көмегі тағайындалады. Бұл кезде отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегімен есептеледі.
Тармақ 5
5. Тұрғын үйді күтуге және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге арналған шығындардың ең жоғарғы рұқсат етілген үлесі отбасының жиынтық кірістерінің 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік нормалар және тұрғын үй көмегін есептеуге қолданылатын тұрғын үйді күтуге арналған шығындардың көлемі, коммуналдық қызметтерді (сумен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, канализация, электр жарығымен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару және лифтілерге қызмет көрсету) тұтынудың нормативтері жергілікті деңгейде бекітіледі.
Тармақ 7. 2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары
7. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін алынатын барлық коммуналдық қызметтерге және олардың өзгерістеріне тарифтерді қызмет көрсетушілер ұсынады.
2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары
Тармақ 8
8. Жеке меншігінде 1 бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй-жайын жалға (жалдауға) берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде отбасы құрамындағы тұрғын үй иесімен бірге тұратын ерлі-зайыптылар, олардың балалары, жақын туыстары (аға-бауырлары, апай-қарындастары, аталары, апалары және т.б.) есепке алынады.
Ата-анасынан бөлек тұратын 18 жасқа дейінгі балалар ата- анасының жанұясында деп есептеледі. Егер ата-анасы ата-аналық құқығынан айырылған жағдайда болса, бала қорғаншылардың (жанашырының) жанұясында деп есептеледі.
Тармақ 10
10. Егер құрамында 50 жастағы әйелдерді, 55 жастағы ер адамдарды, барлық топтағы мүгедектерді, I, II топтағы мүгедектердің күтімімен айналысатын тұлғаларды, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың күтетіндерді, 80 жастан асқандарды күтетіндерді, 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен, 18 жасқа дейінгі төрт немесе одан да көп бала тәрбиесімен шұғылданатын аналарды, түберкулезбен, онкологиялық, наркологиялық аурулармен ауратындарды, мүгедектігі жоқ, бірақ есепте тұратындарды, жүктілігі 12 аптадан асқан жүкті әйелдерді есептеменгенде жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және еңбекпен қамту қызметінде тіркелмеген жұмысқа жарамды адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқықтары жоқ. Жедел әскери қазметтегі әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.
Тармақ 11
11. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан себепсіз бас тартқан және өз еркімен қоғамдық жұмысқа араласудан, оқыту мен қайта оқытуға қатысудан бас тартқан жұмыссыздар алты айға тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
Тармақ 12
12. Тұрғын үй көмегін алуға құқылы отбасылар мен азаматтар конжоминиумнің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жасауға кеткен шығындарды төлеуге құқылы.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй көмегін алуға өтініш берген кезде коммуналдық қызметтер үшін берекшектері бар отбасыларға ережеге сәйкес олардың қарыздарына қарамастан, есепке тіркелген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу туралы шартпен тұрғын үй көмегі тағайындалады. Бұрынғы қарыздарының өтелуі коммуналдық қызметті ұсынушылармен келісіледі және бақылауға алынады.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта аттестаттау тоқсан сайын жүргізіледі. Бүл кезде отбасының табыстары туралы анықтамалар және өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда коммуналдық қызметтерге ақы төлегендігі туралы түбіртектер қоса беріледі.
Тармақ 15
15. Егер отбасының жан басына шыққандағы жиынтық табыстары кедейлік шегіндегі мөлшерден төмен болса, онда тұрғын үйді күтуге және тұрғын үй – коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге арналған тұрғын үй көмегін анықтау кезінде жиынтық табыстары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгілі бір уақыт мерзіміне белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде түзетіледі (шегеріліп есептеледі).
Тармақ 16
16. Жалғыз басты зейнеткерлерге, мүгедектерге, бірге тұратын жалғыз басты зейнеткерлерге, бірге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге және жалғыз тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлер мен мүгедектерге, сондай-ақ құрамында бірыңғай жетім балалары бар отбасыларға көмек беру мақсатында тұрғын үй көмегін есептеген кезде олардың табыстары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгілі бір уақыт мерзіміне белгіленген екі айлық көрсеткіш көлемінде түзетіледі (шегеріліп есептеледі).
Тармақ 17
17. Орталықтандырылған жылу жүйесі бар жеке үйлерде тұратын тұрғындардың әлеуметтік қорғалатын тобына тұрғын үй көмегін есептеген кезде қызмет беруші ұсынған жылуға төленген ақылардың шығыны тұрғын үй көлемінің әлеуметтік нормасының тарифі шегінде есептелсін.
Тармақ 18
18. Жылу беру маусымында орталықтандырылған жылу беру және ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелеріне қосылмаған және пәтерлерін дербес жылыту құралдарымен жылытатын үйлердегі пәтерлердің иелеріне тұрғын үй көмегі тағайындалады. Бүл кезде тұрғыг үй көлемінің нормалары мен қызмет берушінің тарифтеріне сәйкес электр қуаты үшін төленген сома жылу мен ыстық суға төленген ақылардың балама сомасы ретінде есептеледі.
Тармақ 19
19. Тұрғын үй көмегінен үміткер отбасыларға тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде келесі шектеулер есепке алынады:
Тармақша 1
1) өтініш беруші заңды некеде, бірақ зайыбы сол мекен-жай бойынша тіркелмен ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және тұрғын үй көмегі өтініш берушінің мекен-жайы бойынша тағайындалады;
Тармақша 2
2) өтініш беруші заңды некеде, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпейді) және бұл мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш бермеген болса – жәрдемақы тағайындалмайды;
Тармақша 3
3) өтініш берушінің үйінде 18 жасқа дейінгі бала тіркелген, ал оның ата-аналары басқа мекен-жайда тіркелген - өтініш беруші баланың ата-аналарының табыстары туралы да анықтама тапсыруы керек;
Тармақша 4
4) өтініш беруші жалғыз тұрады және оқу орнының күндізгі болімінде оқиды - өтініш беруші ата-аналарының табыстары және олардың тұрғын үй көмегін алған-алмағандығы туралы анықтама тапсыруы қажет;
Тармақ 20
20. Тұрғын үй көмегін алудан үміткер немесе оны алып отырған отбасылар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе селолық және кенттік округ әкімдіктеріне өтінішпен қоса келесі құжаттарды ұсынады:
- төлқұжат немесе жекебас куәлігі(тоқсан сайын);
- отбасы құрамы туралы анықтама (тоқсан сайын);
- отбасы табыстары және басқа табыстар туралы анықтама(өткен тоқсанға);
- барлық коммуналдық қызметке ақы төлегені туралы түбіртектер (өткен тоқсанға);
- сатылып алынған көмір туралы түбіртек немесе қосымшаға сәйкес жеке жабдықтаушылардан сатып алған көмірінің бар екендігі туралы акті;
- жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген жұмыссыздар үшін жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама (тоқсан сайын);
- жеке аулалық шаруашылығының бар-жоқтығы туралы мәліметтер (тоқсан сайын);
- азаматтарды тіркеу кітабы немесе шаруашылық кітабындағы мәліметтерге сілтеме жасалған тұрғылықты жерінен анықтама;
- тұрғын үйге арналған құқығын куәландыратын құжат (жылына бір рет келесі жылғы қайта тағлымдауға дейін немесе басқа да өзгерістер болғанға дейін).
Тұрғын үйге арналған құқықты куәландыратын құжаттардың бірі:
- сатып алу-сату шарты;
- жекешелендіру шарты;
- тұрғын үйді иелену құқығына арналған ордер.
Тармақ 21
21. Отбасыға ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойыынша өтініш-шарт жасалады, бұған отбасы өкілі немесе отбасы атынан әрекет ететін адам және құжаттарды қабылдап алған адам қол қояды.
Тармақ 22
22. Тұрғын үй жәрдемақысын үсыну үшін уәкілетті органның шешімі негіз болып табылады.
Тармақ 23
23. Электр қуатымен, газбен, канализациямен, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету, сумен қамтамасыз ету және тұрғын үйді пайдалану бойынша шығындар түбіртектер арқылы өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсанға орташа есеппен есептеледі.
Тармақ 24
24. Тұрғын үй көмегі осы көмекті тағайындауға қажетті өтініш және басқа құжаттарды тапсырған айдан бастап тағайындалады.
Тармақ 25
25. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй қызметіне өз тұрғын үйінің меншіктік нысандарындағы, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табыстарындағы, сондай-ақ мәртебесіндегі кез-келген өзгерістер туралы 10 күн ішінде хабарлауға тиісті.
Тармақ 26. 3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
26. Берілген ақпараттардың шынайылығына күмән туған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындайтын қызметкер отбасы табыстары, тұрғын үй шығындары және отбасы мүшелерінің шынайы тұрғылықты жерлері туралы қосымша құжаттар талап етуге құқылы. Заңды және жеке тұлғалар шынайы ақпарат беруге міндетті. Талап етілген құжаттар берілмеген жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындалмайды. Тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті органға әдейі жалған мәлімет тапсырса, ал бұл жоғары көлемдегі немесе заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға әкеліп соқса меншік иесі (жалгер) заңсыз алған сомасын өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен қайтарылады.
3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
Тармақ 27. 4. Тұрғын үй көмегін алудан үміткер азаматтардың (отбасылардың) жиынтық табысын есептеу
27. Тұрғын үй көмегінің мөлшері меншік иесінің (жалгердің) тұрғын үйді ұстауғаны және коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін өтемақылық шараларды қамтамасыз ететін нормалар шегінде төлеген нақты төлемі мен осы отбасының осы мақсаттарға арналған шекті ұйғарында шығындары арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формуласы:
П = МСПЖ – (t х д);
бұл жерде: П – тұрғын үй көмегінің мөлшері;
МПСЖ – тұрғын үй үшін ең жоғарғы әлеуметтік төлем;
t – тұрғын үйге ақытөлеуге арналған нормативтік шығын (=20%)
д – отбасының жиынтық табысы.
4. Тұрғын үй көмегін алудан үміткер азаматтардың (отбасылардың) жиынтық табысын есептеу
Тармақ 28
28. Тұрғын үй көмегін алудан үміткер азаматтардың (отбасылардың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегін жүзеге асырушы өкілетті органдармен есептеледі.
Тармақ 29
29. Отбасының жиынтық табысын есептеген кезде табыстардың төмендегілерден басқа барлық түрлері есептеледі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы;
Тармақша 3
3) тұрғын үй көмегі;
Тармақша 4
4) қайтыс болған адамды жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;
Тармақша 5
5) баланың туылғанына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
Тармақша 6
6) есеп беру кезеңде көрсетілген белгіленген ең төменгі күн көріс сомасының шамасынан төмен ақшалай және заттай қайрымдылық көмектер;
Тармақша 7
7) жеке меншік ісін немесе жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға арналған материялдық көмектер;
Тармақша 8
8) төтенше жағдайлар салдарынан отбасы адамдарының денсаулықтарына және мүліктеріне келтірілген шығынды өтеу мақсатында отбасыға көрсетілген көмектер, жергілікті өкілетті органдардың шешімдерімен жекелеген санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемақылар;
Тармақша 9
9) Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге берілетін біржолғы ақшалай өтемақы;
Тармақша 10
10) асырап алушылардың табыстарына асырап алынғандардың табыстары қосылмайды.
Тармақ 30
30. Ауылдық жерлердің тұрғындары үшін жеке қосалқы шаруашылығынан, саяжай учаскелерінен, бау-бақшалардан түсетін табыстар бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
Тармақ 31
31. Кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс, мүліктік және жер пайынан түсетін табыстар мәлімделген табыс болып есептеледі.
Тармақ 32
32. Құжаттамалы расталған табыстардың түрлеріне еңбек қызметінен, зейнетақыдан, жәрдемақыдан және алименттен түсетін табыстар жатады. Отбасының жиынтық табысына келесі жағдайларда алименттер қосылмай есептеледі, егер төлем төлеуші:
Тармақша 1
1) жұмыс істемесе және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелсе (анықтама ұсынылған жағдайда);
Тармақша 2
2) бас бостандығынан айыру орындарында немесе уақытша ұстау изоляторында болса (анықтама ұсынылған жағдайда);
Тармақша 3
3) туберкулез немесе психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), емдеулу-еңбек профилакториларында (ЕЕФ) емделіп жатса немесе есепте болса (анықтама ұсынылған жағдайда);
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасымен сәйкес келісімі жоқ мемлекеттерге тұрақты тұру үшін кетсе (анықтама ұсынылған жағдайларда).
Тармақ 33
33. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғындарын құжаттау және тіркеуге алу ережелеріне сәйкес тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тіркелген адамдар отбасының құрамында есептеледі. Отбасының жиынтық табыстары өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан бойынша отбасының барлық мүшелерінің және осы мекен-жай бойынша тіркелген басқа да адамдардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.
Тармақ 34
34. Бір тоқсаннан көп мерзім бойы төленетін бір жолғы төлемді алғанда, жиынтық табыста табыстың жалпы сомасын оны алған айларға бөліп, үш айға көбейткенде шыққан табыс мөлшері есептеледі. Егер отбасы мүшелерінің біреуі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, отбасының жиынтық табысында оның осы тоқсанда жұмыс істеген уақыттың табысы есепке алынады.
Тармақ 35
35. Отбасының бір ай ішіндегі жан басына шаққандағы табыстары отбасының бір тоқсандағы жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу жолымен есептеледі.
Тармақ 36. 5. Өздері жылытатын жеке меншік үй
құрылыстарында тұратын табысы аз тұрғындардың
әлеуметтік қорғалатын тобына тұрғын үй көмегін
ұсыну тәртібі
36. Өтініш берушілер ұсынған мәліметтердің шынайылығы үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапкершілікте болады.
5. Өздері жылытатын жеке меншік үй
құрылыстарында тұратын табысы аз тұрғындардың
әлеуметтік қорғалатын тобына тұрғын үй көмегін
ұсыну тәртібі
Тармақ 37
37. Жергілікті жылыту орталықтары бар жеке меншік үй құрылыстарында тұратын табысы аз тұрғындардың әлеуметтік қорғалатын тобына берілетін тұрғын үй көмегі тұрғын үйді жалға алу шарты болған жағдайда тұрғын үй иелеріне, жалдаушыларға беріледі.
Тармақ 38
38. Жергілікті жылыту орталығы бар жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үй құрылысының жалпы ауданының 1 шаршы метріне 129,8 кг, алайда бір үйге 5000 кг. мөлшерінен аспайтын көмір шығынының әлеуметтік нормасы есепке алынсын.
Тармақ 39
39. Көмірдің құнын есептеу үшін қала бойынша, аудан бойынша аудандық (қалалық) статистика және ақпарат басқармасы ұсынған тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдаймен алғандағы орташа баға қолданылсын.
Тармақ 40
40. Тұрғын үй көмегін есептеген кезде жеке меншік үй құрылысының жергілікті жылыту орталығына қолданылған жанармайдың басқа түрінің шығынының нормасы мен құны шығынының нормасы мен құнына балама ретінде есептеледі.
Тармақ 41
41. Көмір сатып алудың маусымдылығына байланысты тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үйге арналған көмір шығынының барлық әлеуметтік нормасы өтініш берілген тоқсандағы үш ай үшін бір рет есептелсін.
Тармақ 42
42. Тұрғын үй көмегін есептеген кезде жеке меншік үй құрылысында тұратын отбасының орташа табысы өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға арналған есептелсін.
Тармақ 43
43. Бір үйдің бірнеше иесі болса, онда тұрғын үй көмегі әр үй иесіне (отбасына) тағайындалады, бұл кезде көмірдің әлеуметтік нормасының құны әр отбасының алып отырған ауданына сайма-сай етіліп бүкіл үйге бөлінеді.
Тармақ 44. 6. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру мен төлеу
44. Электр қуатымен, газға, суға, қоқыс шығаруға кеткен шығындар өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсандағы түбіртектер бойынша орташа көлеммен есепке алынады.
6. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру мен төлеу
Тармақ 45
Тармақ 46
45. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаттарының есебінен көрсетіледі және ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
Тармақ 47
46. Тұрғын үй көмегін беру осы мақсаттарға арналып жергілікті бюджеттен бөлінген қаржаттар есебінен азаматтардың салымы бойынша жеке шоттарына аудару жолымен екінші деңгейдегі банкілер арқылы жүзеге асыралады. Тұрғын үй көмегі беру тәртібі мен шарты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен тиісті банкілер арасында жасалған агенттік келісіммен белгіленеді.
Шығыс Қазақстан облысы
Бородулиха аудандық
жұмыстылық қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
Бектембаева Ф.