Азаматтарды шақыру
учаскелеріне тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»
Заңының 33 бабына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу туралы от 23.01.2007 г. № 104 (Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу туралы)
1. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу үшін №1 қосымшаға сәйкес, төмендегі құрамда комиссия құрамы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының 1990 жылы туылған азаматтарын 2007
жылғы қаңтар айынан бастап наурыз айына дейін, Сарыағаш қалалық
қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде тіркеуден өткізу ұсынылсын.
3. Қала, поселке, ауылдық округтері әкімдері:
1) 1990 жылы туылған азаматтардың тізімін Сарыағаш қалалық қорғаныс
істері жөніндегі біріктірілген бөліміне тапсырсын;
2) Азаматтарды тіркеуге алу кезінде шақырушылардың шақыру
учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
4. Есепке алу барысында аудандық денсаулық сақтау бөлімінен
(С. С. Үсіпбеков) медициналық комиссияны маман дәрігерлермен, қажетті
дәрігерлік құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және азаматтарды дәрігерлік
тексеруден өткізудің сапасына бақылау ұйымдастыру сұралсын.
5. Меншік нысанына және бағыныштылығына қарамастан барлық
кәсіпорын, мекеме, ұйым басшыларынан, азаматтарды тіркеуге алу
жұмыстарын қамтамасыз ету үшін, қаңтар-наурыз айларында Сарыағаш
қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне жеткізу үшін,
белгіленген кестеге сәйкес, кезекші автокөліктерді (№2 қосымша) және айлық
жалақысын сақтай отырып, қаңтар-наурыз айларында техникалық
қызметкерлерді бөлу сұралсын (№3 қосымша).
6. Ауданның білім бөлімінен (С.Селтанов) аудандық оқу орындарында
оқитын жасөспірімдерді тіркеуден өткізуді ұйымдастыру бойынша, Сарыағаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне көмек көрсетілсін.
7. Ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімі (А.Ә.Жұмабеков) тіркеуге
алу барысында, дене шынықтыру кешенді нормативтеріне сәйкес, жастардың
дене шынықтыру даярлық деңгейін тексеруді ұйымдастырсын.
8. Аудандық «Отан» қоғамдық бірлестігінен (П.Делішев), Сарыағаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімімен бірлесіп, мамандықтары бойынша «Отан» қоғамдық бірлестігі ұйымдарында оқу үшін қызметкерлерді анықтау жөнінде жұмыстарды жүргізу сұралсын.
9. Аудандық ішкі істері басқармасынан (Н.С.Каттабеков):
1) Сарыағаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімін 1990 жылы туылғандардың ішінде тәртіп бұзуға, ішімдік пен наша қолдануға
бейім, бұрын қылмысты жауапкершілікке тартылған келеңсіз отбасынан шыққан жасөспірімдер туралы толық хабармен қамтамасыз ету;
2) Учаскелік инспекторлар арқылы әскери есептен бас тартып жүрген 1990 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне жеткізуді ұйымдастыру сұралсын.
10. Аудандық баспаханасынан (Ө.Бекмұрзаев), Сарыағаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің сұранысы бойынша шақыру учаскелеріне тіркеуге қажетті бланкілерді дайындау сұралсын.
11. Сарыағаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінен (А.А.Меңдіқұлов):
1) 2007 жылдың мамырында тізімге алу нәтижелері туралы аудан әкіміне хабарлау;
2) Есепке алу барысында жасөспірімдер арасынан жоғары әскери оқу орындарына талапкерлерді кәсіптік іріктеу жұмыстарын жүргізу сұралсын.
12. Осы қаулы аудандық әділет басқармасына мемлекеттік тіркеуге ұсынылсын.
13. Аудан әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ә.Досболовқа жүктелсін.
14. Қаулы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жарияланған күннен бастап күшіне енгізілсін.
Аудан әкімдігінің
« 23 » 01 2007 жылғы
№ 104 қаулысына
№ 1 қосымша
Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу туралы аудандық
комиссияның кұрамы:
Альберт Ақылбекұлы Меңдіқұлов - Сарыағаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша).
Алмас Икрамұлы Сексенбаев - аудандық ішкі саясат бөлім меңгерушісінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары.
Айымхан Тұрашқызы Ауезова -аудандық ауруханасының медбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша).
Комиссия мүшелері:
Сапар Бинабекұлы Темірқұлов - аудандық аурухананың дәрігері,
оташы (келісімі бойынша).
Селтанов Бауыржан Сапаралыұлы - аудандық ішкі істер басқарма бастығының
орынбасары (келісімі бойынша).
Аудан әкімдігінің
« 23 » 01 2007 жылғы
№ 104 қаулысына
№ 2 қосымша
2007 жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында азаматтарды тіркеуге алу жұмыстарына және іздестіруге бөлінетін автокөліктердің кезекшілік тізімі:
Р/с
Мекемелер мен ұйымдар аты
Кезекшілік ету мерзімі
1
ЖШС «Алекс»
01.02.-19.02.
2
Санаторий «Арман»
22.02.-28.02.
3
Келес электр жүйесі
01.03.-16.03.
4
ЖШС «Оңтүстік жарық»
19.03.-09.04.
5
ЖШС «ДИНА-Н»
09.04.-23.04.
6
Аудандық су шаруашылығы
23.04.-02.05.
Аудан әкімдігінің
« 23 » 01 2007 жылғы
№ 104 қаулысына
№ 3 қосымша
2007 жылдың ақпан-сәуір айлары аралығында азаматтарды тіркеуге алу жұмыстарына техникалық қызметкерлер бөлетін мекемелер мен кәсіпорындар тізімі (келісімі бойынша):
Р/с
Мекемелер мен ұйымдар аты
Саны
1
«Арыстанбаб» колледжі
1 адам
2
№ 12 Кәсіптік мектеп
1 адам
3
Санитарлық-эпидемиялоголиялық қадағалау басқармасы
1 адам
4
«Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» РМК-нің Сарыағаш филиалы
1 адам
5
Қапланбек агроэкономикалық гуманитарлық колледжі
1 адам