Об установлении ставки за размещение наружной визуальной рекламы по объектам рекламы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жарнама объектілерінде сыртқы көрнекi жарнаманы орналастыруға ставкаларды белгілеу туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге туралы» Қодексінің 491-бабының 2)-тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жарнама объектілері бойынша көрнекі жарнаманы орналастыруға ставкалары мынадай мөлшерде белгіленсін: жергілікті маңызды ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеулерiнде және елдi мекендерде орналастыратын жарнама – 100 % айлық есептік көрсеткіштегі – 1092 теңге айына бір шаршы метрге жарнама көлемі.
Тармақ 2
2. «Жарнама объектілерінде сыртқы көрнекi жарнаманы орналастыруға ставкаларды белгілеу туралы» Қарасу аудандык мәслихатының 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 175 шешімінің күші жойылды деп танылсың (2006 жылғы 1 маусымдағы 9-13-11 мемлекеттік тіркеу нөмірі, «Қарасу өңірі» 2006 жылғы 11 тамыздағы № 25).
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бакылау Қарасу ауданы бойынша салық комітетінің төрағасы Шоқметов Ғалымбек Қабдешұлына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардаң бастап қолданысқа енгізіледі. Келісілді: «Қарасу ауданы бойынша салық комитеті» мемлекеттік мекемесінің төрағасы __________ Ғ. Шоқметов