О начальной военной подготовке Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.10.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бастапқы әскери даярлық туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен. «Бастапқы әскери даярлық туралы». Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1340 қаулысына сәйкес 1997-1998 оқу жылында облыстың оқу орындарында бастапқы әскери даярлық (бүдан былай БӨД) жөнінде белгілі жүмыс аткарылды. Облыстың оқу орындарында жүргізілген тексерулердің нәтижесінде бастапқы әскери даярлықты, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мен денешынықтыруға әзірлеуді ұйымдастыр мен өткізуде айтарлықтай кемшіліктер ашылды. Қалалар мен аудандар әкімдердін барлық дерлік аппараттарында шақырылуға дейінгі және шақырылуға тиісті жастармен жұмыс жөнінде мамандық лауазымы - қоғамдық-спорттық сауықтыру лагерінің (бұдан былай ҚССЛ) лагерінің бастығы енгізілмеген, оқу орындарының бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушылармен толықтырылуы 30% қана болуда,күнкөріс қауіпсіздігінің негіздеріне (бұдан былай КҚНО) оқыту курсымен бірге қысқа бағдарлама бойынша жүргізілуде. Оқу-материалдық базасының элементтері жарым-жарты сақталған, ҚССЛ-нін оқу базасын қалпына келтіру және кадрлармен толықтыру талап етіледі. Сондай-ақ оқу орындары мен ҚССЛ материалдық- техникалық қамтамасыз етуді, бастапқы әскери даярлық жөнінде оқу- көрнекі қүралдармен және оқулықтармен жабдықтауды талап етеді. Облыстын кәсіпорындары мен ұйымдарында БӘД жөнінде оқу пункттері жоқ. Жекеменшік, кәсіптік-техникалық мектептерде (КТМ) және орта арнайы оқу орындарында (ОАОО) бастапқы әскери дайындық осы уақытқа дейін енгізілмеген. Жоғарыда баяндалғандарға байланысты және «Бастапқы әскери даярлық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінін 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1340 қаулысын толық орындау мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысынын оқу орындарында, әскери комиссариаттарында бастапқы әскери даярлықты (БӘД) ұйымдастыру мен өткізуді жақсарту жөнінде 1998-1999 оқу жылына арналған негізгі шаралар жоспары бекітілсін. (№1 қосымша).
Тармақ 2
2. Оқу орындары мен оқу пункттерінде БӘД-тын, жастарды әскери- патриоттық және денешыныктырулық әзірлікке тәрбиелеудін жағдайын тексеру үшін комиссия құрылсын. (№2 қосымша). Оқу орындары мен оқу пункттерін тексеру бағдарламасы мен кестесі қоса берілуде. (№№ 3, 4 қосымшалар).
Тармақ 3
3. Облыстық білім департаменті (Видова О.И.), облыстық мәдениет, спорт және туризм басқармасы, облыстық төтенше жағдайлар басқармасы (Темный Г.В.), облыстық денсаулық басқармасы (Жігітаев Х.Т.), облыс қалалары мен аудандарынын әкімдері, қалалық және аудандық әскери комиссарлар «Бастапқы әскери даярлық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы №1340 қаулысын толық орындау жөнінде шұғыл шаралар қолдансын, жастарды әскери қызметке даярлауды түбірлі жақсартсын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін (ҚРҚК) Қазақстан Республикасын қорғау жөнінде өз борышын орындауға моральдық және денешынықтыру жағынан дайын жеке құраммен қамтамасыз етсін, бұл үшін:
Тармақша 1
1) БӘД-ты ұйымдастырушы оқытушылармен оқу орындары толық қамтамасыз етілсін. БӘД-ты ұйымдастырушы оқытушыларды тағайындау және жұмыстан шығару әскери комиссариаттармен келіскеннен кейін жүргізілсін;
Тармақша 2
2) Мектептердін, кәсіптік-техникалық мектептердін 10-11 сыныптарының, меншіктік нысандарына қарамастан орта арнайы оқу орындарының 1-3 курстарынын оқушыларын бастапқы әскери даярлықпен толық қамтуды қамтамасыз етсін, кейін олар КССЛ-де оқу- дала жиындарына қатыстырылсын;
Тармақша 3
3) Әскери комиссариатпен бірге Қарағанды және Талдықорған педагогтік институттарында физкультура факультеттерінде оқыту үшін запас офицерлерін даярлау талаптарына сай келетін 25 жастағы еркектер арасынан БӘД оқытушыларын даярлауға кандидаттар іріктеу жөнінде жұмыс жүргізілсін;
Тармақша 4
4) БӘД-ды ұйымдастырушы оқытушылар білім қызметкерлерінін мамандығын арттыру жүйесіндегі курстарға үш апта мерзіміне оқуға жіберілсін. Медициналық-санитарлық даярлық оқытушылары қысқы және көктемгі каникулдар күндерінде денсаулық сақтау, білім және төтенше жағдайлар басқармаларымен бірге әдістемелік сабақтарға жіберілсін;
Тармақша 5
5) Оқу орындарында БӘД-тін оқу-материалдық базасын толық толықтыру қамтамасыз етілсін;
Тармақша 6
6) Әрбір оқу орнында көрнекі үгіт құралдары ресімделсін, оларда әскери-патриоттық тақырып көрсетілсін, Қазақстан халқының, соғыс батырлары мен ардагерлерінін. табыстары, әскери қызметтін ерлігі мен романтикасы насихатталсын.
Тармақ 4
4. Облыс қалалары мен аудандарынын әкімдері атқарушы органдардын штатына шақырылуға дейінгі және шақырылуға тиісті жастармен жұмыс жөнінде маман - ҚССЛ бастығы қызметін енгізсін, ҚССЛ-ді қалпына келтірсін, ҚССЛ-де оқу-материалдық базасын құру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қаржыландыру мен енбек акы төлеу жөнінде шаралар қолдансын.
Тармақ 5
5. Облыстық, калалық және аудандық әскери комиссариаттар облыста БӘД жөніндегі оқу-әдістемелік жұмысқа басшылықты қамтамасыз етсін. Бұл үшін әскери комиссариаттарда штаттан тыс әдістемелік кеңестер (бұдан былай ШӘК) құрылсын. ШӘК жұмысы бір жылға жоспарлансын, 3 күндік әдістемелік жиындар (оқу жылының басталуы алдында) және оқу орындарының БӘД ұйымдастырушы- оқытушылармен бір күндік әдістемелік жиындар, сондай-ақ оқу пункттерінің бастықтарымен және нүсқаушыларымен ай сайын әдістемелік әзірлік өткізілсін. Оқу орындары мен оқу пункттерін тексеру актілер жасаумен жүргізілсін. БӘД, жастарды әскери-патриоттық және денешынықтырулық тәрбиелеудін жағдайы туралы атқарушы және жоғарғы органдарға хабарлансын. Атқарушы органдар шешімдерінің жобалары әзірленсін.
Тармақ 6
6. Облыстық төтенше жағдайлар басқармасы (Темный Г.В.) жастарды адамнын күнкөріс қауіпсіздігі мен медициналық-санитарлық даярлық негіздері бойынша оқытуға басшылық пен бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Облыстық денсаулық басқармасы (Жігітаев Х.Т.) медициналық- санитарлық даярлау оқытушыларын іріктеуді, даярлауды және олардын жұмысына бақылау жасауды қамтамасыз етсін. Оқушылармен практикалык сабақтар өткізу үшін оқу орындарына емдеу мекемелері бекітілсін және оларды даярлауға бақылау жасау жүзеге асырылсын.
Тармақ 8
8. Облыстық мәдениет, спорт және туризм басқармасы облыс қалаларында, аудандарында, оқу орындарында шақырылуға дейінгі және шақырылуға тиісті жастарды денешынықтырулық даярлауға басшылық пен бақылау жасауды жұзеге асырсын.
Тармақ 9
9. Осы шешімнін орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінін орынбасары Т.Ж.Абайділдинге жүктелсін.
Басқа 16. Шығыс Қазақстан облысының оқу орындарында, әскери комиссариапарыпда бастапқы әскери даярлықты (БӘД) ұйымдастыру мен өткізу жөнінде 1998-1999 оқу жылына арпалған негізгі шаралар
Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 1998 жылғы «26 » қазандағы № 600 шешіміне № 1 қосымша Шығыс Қазақстан облысының оқу орындарында, әскери комиссариапарыпда бастапқы әскери даярлықты (БӘД) ұйымдастыру мен өткізу жөнінде 1998-1999 оқу жылына арпалған негізгі шаралар ЖОСПАРЫ Облыс Әкімі аппаратының басшысы Т.Ибраева
Басқа 17. Шығыс Қазақстан облысының оқу орындарына, оқу пунктеріне және ҚССЛ-де бастауыш әскери даярлықтың (БӘД), әскери-патриоттық тәрбиелеудің және денешынықтыруға әзірлеудің жағдайын тексеру жөніндегі комиссия
Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 1998 жылғы «26 » қазандағы № 600 шешіміне № 2 қосымша Шығыс Қазақстан облысының оқу орындарына, оқу пунктеріне және ҚССЛ-де бастауыш әскери даярлықтың (БӘД), әскери-патриоттық тәрбиелеудің және денешынықтыруға әзірлеудің жағдайын тексеру жөніндегі комиссия ҚҰРАМЫ Облыс Әкімі аппаратының басшысы Т.Ибраев
Басқа 18. Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарындағы оқу орындарында, оқу пунктерінде, ҚССЛ-де шақырылуға дейнгі және шақырылуға тиісті жастарды бастапқыәскери даярлаудан (БӘД) және денешынықтыруға әзірлеудің жағдайын тексеру
Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 1998 жылғы «26 » қазандағы № 600 шешіміне № 3 қосымша Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарындағы оқу орындарында, оқу пунктерінде, ҚССЛ-де шақырылуға дейнгі және шақырылуға тиісті жастарды бастапқыәскери даярлаудан (БӘД) және денешынықтыруға әзірлеудің жағдайын тексеру БАҒДАРЛАМАСЫ Облыс Әкімі аппаратының басшысы Т.ИБРАЕВ
Басқа 19. Шығыс Қазақсган облысының қалалары мен аудандарындағы оқу орындарында, оқу пункттерінде, ҚССЛ-де БӘД, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мен денешынықтыруға әзірлеудің жағдайын тексерудің
Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 1998 жылғы «26» қазандағы № 600 шешіміне № 4 қосымша Шығыс Қазақсган облысының қалалары мен аудандарындағы оқу орындарында, оқу пункттерінде, ҚССЛ-де БӘД, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мен денешынықтыруға әзірлеудің жағдайын тексерудің КЕСТЕСI Облыс Әкімі аппаратының басшысы Т.ИБРАЕВ «Бастапқы әскери даярлық туралы» ҚР Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1340 қаулысымен енгізілген «Жастарды бастапқы әскери даярлау туралы Ережеден» үзінді Оқу орындарындағы жасөспірімдердің бастапқы әскери даярлығының жағдайына жалпы баға беру жасөспірімдердің Бағдарламаны меңгеру сапасына және осы даярлықты өткізу үшін оқу- материалдық базасынын жай-күйіне берілген бағадан шығарылады. Осы мәселелерді тексеру және баға беру негізінде, бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларының оқу Бағдарламасын орындауын, оқу сабақтарын сапалы өткізуін есепке ала отырып, мектегі директоры тарапынан бастапқы әскери даярлыққа басшылық жасау денгейі, бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушысының кәсіптік және әдістемелік даярлығы жөнінде қорытынды жасалады.
Тармақ 86
86. 10, 11 кластардағы (2-3 курстардағы), кем дегенде бір взводты (20-25 адам) құрайтын, жасөспірімдердің Бағдарламаның өткен материалдарың меңгеру сапасы, әдетте баға коюмен тексеріледі. Бір взводты тексеру үшін бастапқы әскери даярлыққа бөлінген оқу уақытының кем дгенде үш сағаты беріледі. Жеке баға алу үшін әрбір жасөспірім бір тексеру сауалына жауап береді және Бағдарламаның бір бөлімі бойынша бір практикалык жұмысты (нормативті) орындайды. Практикалык жұмыстың (норматитін) орындалуына берілген баға айқындаушы болып табылады. Жасөспірімдердің алған жеке бағалары негізінде Бағдарламаны менгеру сапасы үшін оқу орындарына мынадай: егер тексерілген барлық оқушылардың кем дегенде 90 проценті дұрыс баға, онын ішінде 50 проценті «үздік» деген баға алғанда - «үздік»; егер тексерілген барлық оқушылардың кем дегенде 80 проценті дұрыс баға, онын ішінде 50 проценті «үздік» және «жақсы» деген бағалар алғанда - «жақсы»; егер тексерілген барлық оқушылардың кем дегенде 70 проценті дұрыс баға алғанда - «қанағаттанарлық»; егер тексерілген барлық оқушылардын кем дегенде 30 проценті қанағаттанарлықсыз баға алғанда - «қанағаттанарлықсыз» деген баға беріледі.
Тармақ 87
87. Оқу орны оқу-материалдык базасынын жағдайы: егер арнайы жабдықталған бастапқы әскери даярлық кабинеті, бастапқы әскери даярлық өміт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтық қорғаныс бойынша арнаулы мүліктерді сақтау бөлмесі, саптық әзірлік сабақтары аланы, кезекші міндеттерін практикалық зерделеу орны, дене тәрбиесі бойынша оқу-жаттығу орны бар болса, табельдік оқу-мүлкі мен техниканы сақтау және есепке алубелгіленген талаптарға сәйкес қатан түрде ұйымдастырылса - «үздік»; егер «үздік» деген бағаға сай оқу-материалдық базаның барлық элементтері болып, бірақ кезекші міндеттерін практикалық зерделеу орны толық жабдықталмаған болса, оқу мүлкі Мен техниканы сактау және есепке алу белгіленген талаптарға сәйкес қатаң түрде ұйымдастырылса - «жақсы»; егер «үздік» деген бағаға сай оқу-материалдық базанын барлық элементгері болып, бірақ мүліктерді сақтау бөлмесі, кезекші міндеттерін практикалық зерделеу орны толық жабдықталмаса, оқу мүлкі мен техниканы сақтау және есепке алу белгіленген талаптарға сәйкес қатан ұйымдастырылса - «қанағаттанарлық»; егер барлық тиісті элементтердін үш немесе одан да көп элементтері жабдықталмаса, «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланады.
Тармақ 88. БАҒА КӨРСЕТКІШТЕРІ
88. Оқу орындарындағы шакыруға дейінгі және шақырылу жасындағы жасөспірімдерді бастапқы әскери даярлаудын жалпы жағдайы: Әекери комиссариаттарды жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет етуге әзірлеу және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мәселелері бойынша тексерудің БАҒА КӨРСЕТКІШТЕРІ 1. Басқарушы және жоспарлаушы құжаттар: егер оқып жүргендердін Бағдарламаны меңгеру сапасы «үздік» деп бағаланса, ал оқу-материалдық базасынын жағдайы «жақсы» деген бағадан төмен болмаса - «үздік»; егер оқып жүргендердің Бағдарламаны менгеру сапасы «жақсы» деп бағаланса, ал оқу-материалдық базасынын жағдайы «қанағазтанарлық» деген бағадан төмен болмаса - «жақсы»; егер оқып жүргендердің Бағдарламаны менгеру сапасы, оқу- материалдық базасының жағдайы «қанағаттанарлық» деген бағадан төмен болмаса - «қанағаттанарлық»; егер көрсеткіштердің бірі «қанағаттанарлықсыз» болса «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланады. Жеке мәселелерді тексеру кезінде оқу орнындағы бастапқы әскери даярлықтың жағдайына жалпы баға қойылмайды. Тексеру аяқталған сон талдау жасалады. Оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлықтан өтпеген шақырылу жасындағы жасөспірімдермен жүргізілетін оқу-дала жиындарын тексеру кезінде қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлеріндегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру деңгейі, оқу-материалдық базасынын Бағдарламаға сәйкес келуі, ішкі тәртін жағдайы мен күн тәртібінің орындалуы, тиісті атқарушы органдар, әскери комиссариаттар, жастар ісі, туризм және спорт жөніндегі комитеттер тарапынан осы жиындарға оқу- әдістемелік басшылық жасаудын деңгейі жайлы қорытынды жасалады. Жасөспірімдердің білім сапасы мен дағдысы тек Бағдарламада көзделген тексеру сабақтарында ғана тексеріледі. Оқу орындарындағы жасөспірімдердін бастапқы әскери даярлық, сондай-ақ аудандағы, қаладағы, облыстағы қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерінде жасөспірімдермен оқу-дала жиындарын ұйымдастыру және өткізу жағдайын тексерудің нәтижелері жөнінде тексеру қорытындысының актісі мен талдауы жасалады.
Тармақ 1
егер барлық басқарушы және жоспарлаушы құжаттар барлық тексерілетін тараулар бойынша сапалы әзірленсе жәие қолда бар болса, «»үздік» бағасы; егер барлық басқарушы және жоспарлаушы құжаттар барлық тексерілетің тараулар бойынша сапалы әзірленсе және қолда бар болса, ал әзірленген құжаттардың сапасы басқарушы құжаттардың талаптарына толық емес сай келсе, «жақсы» бағасы; егер барлық басқарушы және жоспарлаушы құжаттар барлық тексерідетін тараулар бойынша қолда бар болса, бірақ әзірленген құжаттардың сапасы басқарушы құжатгардың талаптарына сай келмесе немесе кемінде екі құжаттар жоқ болса, «қанағаттанарлық»; егер барлық басқарушы және жоспарлаушы құжаттар негізінен әзірленсе, бірақ әзірленген құжаттардын сапасы оларды пайдалануға мүмкіндік бермесе немесе үш және оданда көп құжаттар жоқ болса, «қанағаттанарлықсыз».
Тармақ 2
2. Бастапқы әскери даярлық. Облыс Әкімі аппаратының басшысы Т.Ибраева