«О коректировке средних цен на некоторые виды продукции сельского хозяйства» Күшін жойған
Басқа 0
«Ауыл шаруашылығы өнімдерінің кейбір түрлерінің орташа бағасына түзетулер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы «Балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Ақмола облысы бойынша статистика басқармасының ұсынған 2006 жылғы сүттің орташа бөлшекті бағасын қосымшаға сәйкес төмендету жағына қарай 21% түзетсін.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 23 қаңтардағы «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің кейбір түрлерінің орташа бағасына түзетулер енгізу туралы» (2006 жылдың 20 ақпанында №1-13-21 Жақсы ауданының әділет басқармасында тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Б. Мұғаловаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Жақсы ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілді.
Басқа 5. Ақмола облысы бойынша статистика басқармасының мәліметі бойынша Ақмола бөлшек саудадағы 2006 жылы сатылған сүттің орташа бағасы туралы МАҒЛҰМАТ
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы
26 қаңтардағы № А-1/17
қаулысына қосымша
Ақмола облысы бойынша статистика басқармасының мәліметі бойынша Ақмола бөлшек саудадағы 2006 жылы сатылған сүттің орташа бағасы туралы МАҒЛҰМАТ
Жыл айлары
1 литрдің бағасы (теңге)
Қаңтар
56
Ақпан
58
Наурыз
50
Сәуір
48
Мамыр
45
Маусым
44
Шілде
42
Тамыз
42
Қыркүйек
43
Қазан
45
Қараша
49
Желтоқсан
54
Орташа баға
48,0