Азаматтарды аудандағы шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтарды аудандағы шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарын басшылыққа алып, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шыңғырлау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Измайлов) 2007 жылдың қаңтар және наурыз айларының аралығында 2007 жылы он жеті жасқа толатын және оданда жоғары жастағы азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу және жастарды тіркеу кезінде екі әскери міндетті адамдарды коменданттық қызметке тарту ұсынылсын (келісім бойынша).
Тармақ 2
2. Азаматтарды аудандағы шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу үшін аудандық комиссия № 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. Әскери тіркеу мезгілінде әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін 26 қаңтардан 30 наурызға дейін № 2 қосымшадағы тізімге сәйкес мекеме басшылары бір қызметкерлерін босату және олардың жұмыс орындарын, орта еңбек ақыларын сол күйінде сақтау ұсынылсын.
Тармақ 1
1. Селолық округ әкімдері, Шыңғырлау аудандық аумақтық медицина бірлестігі (Қалмен), Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі (Қаленов), Шыңғырлау ауданының ішкі істер бөлімі (Османғалиев) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңынан және осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдау ұсынылсын (келісім бойынша).
Тармақ 2
2. Аудан әкімінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 4 «Азаматтарды аудандағы шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы» (Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданының әділет басқармасында 2006 жылы 21 наурызда тіркелген, тіркеу № 7-13-19) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары С.Н. Хангереевке жүктелсін.
Басқа 7. Азаматтарды аудандағы шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу үшін аудандық комиссия
Аудан әкімінің 2007 жылғы
11 қаңтардағы 2007 жылғы
№ 1 шешіміне №1 қосымша
Азаматтарды аудандағы шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу үшін аудандық комиссия
Комиссия төрағасы - Шыңғырлау ауланының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Измайлов Ават Мұғалімұлы
Комиссия төрағасының орынбасары - Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының бас маманы Ботанов Нұржан Ибрагимұлы
Шыңғырла аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары – Сарсенов Эдуард Айтқалиұлы
Шыңғырлау аудандық аумақтық медицина бірлестігінің дәрігері, медициналық комиссия төрағасы – Жазықбаев Қылыш Жолдабайұлы
Шыңғырлау ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бастығы – Абдугазиев Хамит Салаватұлы
Шыңғырлау аудандық аумақтық медицина бірлестігінің медбикесі, комиссия хатшысы – Нұржанова Қаламқас
Басқа 8. Әскери тіркеу мезгілінде әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін мекеме басшыларының бір қызметкерлерін босату кестесі
Аудан әкімінің 2007 жылғы
11 қаңтардағы 2007 жылғы
№ 1 шешіміне №2 қосымша
Әскери тіркеу мезгілінде әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін мекеме басшыларының бір қызметкерлерін босату кестесі
№
Мекеменің атауы
Мезгілі
1.
Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
26 қаңтар – 30 наурыз
2007 жыл
2.
Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі
26 қаңтар – 30 наурыз
2007 жыл
3.
Шыңғырлау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
26 қаңтар – 30 наурыз
2007 жыл