О проведении приписки граждан к призывному участку Қолданыста
Басқа 0
Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабаның 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2003 жылғы 24 ақпандағы № 60 «Қазақстан Республикасының азаматтарын шақыру учаскелеріне тіркеуді дайындау және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты қолданысқа енгізу туралы» бұйрығына сәйкес, азаматтарды әскери есепке алу мақсатында ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Щучинск қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі 2007 жылдың қаңтар - наурызында тіркеуге тұратын жылы он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізсін.
Тармақ 2
2. Щучинск қаласының, Бурабай кентінің және селолық округтердің әкімдері, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің басшылары меншік нысанына қарамастан, Щучинск қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне шақыру учаскесіне тіркеуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімдерін берсін және олардың уақытында келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің бастығы (Қ.Ж.Әшімянов) тіркеу аяқталғанға дейінгі кезеңге қоғамдық жұмысқа жұмыссыздар арасынан алты техникалық қызметкер бөлсін.
Тармақ 4
4. Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына ұсынылсын, меншік нысанына қарамастан:
әскер жасына дейінгілерді тіркеу комиссиясынан өтуіне байланысты жұмыстан немесе оқудан, уақытша босату, әскер жасына дейінгілерді іссапарлардан, демалыстан шақырту және оларды хабарландыруды ұйымдастыру мен уақытында Щучинск қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне келуін қамтамасыз ету.
Тармақ 5
5. Щучье аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (Б.Р.Баймурзин) шақыру учаскесіне тәртіпті және тіркеуден бұлтарған адамдарды іздестіруді қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Щучинск қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі (Б.Қ. Тұлақов) азаматтарды тіркеу аяқталғаннан кейін 10 күндік мерзім ішінде өткізілген тіркеудің нәтижесі туралы ақпарат берсін.
Тармақ 7
7. Азаматтарды шақыру уаскесіне тіркеу бойынша іс-шараларды орындаумен байланысты шығындар аудандық бюджетте көзделген қаржы бөлу есебінен жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Осы шешім Щучье ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің күші 2007 жылғы 1 қаңтардан туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.К.Алтаеваға жүктелсін.