О перечне лиц, относящихся к целевым группам населения Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасы негізінде және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2-тармағына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халықтың нысаналы топтарына жататын, тұлғалардың тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М.Қ. Есенбаева) халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қарастырсын.
Тармақ 3
3. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 7 наурыздағы № 84 «Халықтың нысаналы топтарына жататын, тұлғалардың тізбесі туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (мемлекеттік тіркеу нөмері № 9-5-6, 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 12 «Таза-Бұлақ - Чистый родник» газетінде жарияланған).
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Ғ. Таңқыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Халықтың нысаналы топтарына жататын, тұлғалардың тізбесі
Әкімдіктің 2007 жылғы 22 қаңтардағы № 38 қаулысына қосымша Халықтың нысаналы топтарына жататын, тұлғалардың тізбесі Табысы аз адамдар; жиырма бір жасқа дейінгі жастар; балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар; кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар; Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар; зейнеткерлікке шығу алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған мүгедектер; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдар; бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар; оралмандар; ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (бір жыл және одан да көп); оқу орындарын бітірген және үш жыл бойы жұмысқа орналаспаған кәсіби, орта-арнаулы және жоғары білім беру ұйымдарының түлектері.