О закреплении водоемов области для промыслового и любительского рыболовства Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың су қоймаларын кәсіпқой және әуесқой балық аулаушыларға бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 06.08.2001 № 145 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы қазанның 21-дегі «Жануарлар дүниесі қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» № 2463-XII және 1997 жылғы шілденің 15-дегі «Қоршаған ортаны қорғау туралы» № 160-1 Заңдарына сәйкес, сонымен бірге балық өндіруші ұйымдардың су қоймаларың тиімді пайдалануы, әуесқой - спорттық балық аулауды реттеу мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Облыстың балық шаруашылығы су қоймалары оларға белгіленген лимиттер шеңберінде кәсіпқойлық мақсатта балық аулауға, қайта өңдеуге және балық өнімдерін сатуға құқық бере отырып, қосымшаға сәйкес табиғатты пайдаланушыларға бекітілсін.
Тармақ 2
2. Балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі облыстық мемлекеттік қызметі:
табиғатты пайдаланушылармен су қоймаларын пайдалануға арналған келісім шарттар жасассын;
белгіленген лимитті игермегені және табиғи ресурстарды пайдалану ақысын шартта көрсетілген мерзімде төлемегені үшін балық аулау құқығынан айырсын;
табиғатты пайдаланушылардың өздеріне бекітілген су қоймаларында балық мелиоративтік және санитарлық – сауықтыру шараларын жыл сайын өткізулерін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстың табиғатты пайдаланушыларына бекітілмеген су қоймалары бос қорлар деп есептеліп, оны балық шаруашылығы мақсатында пайдалану тендерлік негізде жүзеге асырылатын болсын.
Тармақ 4
4. Облыстық барлық су қоймаларында қармақпен спорттық және әуесқойлық балық аулау балық қорларын қорғау мен балық аулауды реттеу жөніндегі облыстық мемлекеттік қызметтің рұқсатымен белгілі мөлшерде ақы төлеген жағдайда ғана жүзеге асырылатын белгіленсін.
Тармақ 5
5. Халық депутаттары облыстық Кеңесі атқару комитетінің 1990 жылғы мамырдың 4-дегі «Карбышев айлағы туралы» № 103/8 шешімі, облыс әкімінің 1995 жылғы тамыздағы 7-дегі «Кәсіпкерлік, әуесқойлық және спорт түрі ретінде балық аулайтын су айдындарын қайта бекіту туралы» № 133 қаулысы мен облыс әкімінің 1997 жылғы маусымның 19-дағы № 1-135-ө өкімі күшін жойған деп есептелсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.И. Кошевойға жүктелсін.