О присоединении к Соглашению о совместном финансировании Постоянного Секретариата Межправительственной Комиссии ТРАСЕКА (ПС МПК ТРАСЕКА) между правительствами Сторон Основного многостороннего соглашения о международном транспорте по развитию коридора Европа-Кавказ-Азия Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісім Тараптарының үкіметтері арасындағы ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының Тұрақты Хатшылығын (ТРАСЕКА ҮАК ТХ) бірлесіп қаржыландыру туралы келісімге қосылу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. 2005 жылғы 21 сәуірде Баку қаласында жасалған Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісім Тараптарының үкіметтері арасындағы ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының Тұрақты Хатшылығын (ТРАСЕКА ҮАК ТХ) бірлесіп қаржыландыру туралы келісімге қосылсын.
Тармақ 2. Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісім Тараптарының үкіметтері арасындағы ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының Тұрақты Хатшылығын (ТРАСЕКА ҮАК ТХ) бірлесіп қаржыландыру туралы КЕЛІСІМ
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісім Тараптарының үкіметтері арасындағы ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының Тұрақты Хатшылығын (ТРАСЕКА ҮАК ТХ) бірлесіп қаржыландыру туралы КЕЛІСІМ Бұдан әрі»"Тараптар"»деп аталатын, 1998 жылғы 8 қыркүйекте Баку қаласында қол қойылған, бұдан әрі "Негізгі келісім" деп аталатын Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісім Тараптарының үкіметтері, ТРАСЕКА ҮАК ТХ-ты дербес қаржыландыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ ТРАСЕКА ҮАК пен Негізгі келісімнің ережелеріне сәйкес құрылған оның Жұмыс топтарының мәжілістерін ұйымдастыру қажеттілігін негізге ала отырып, Негізгі келісімнің 9-бабы 3-тармағының негізінде, бұдан әрі»"Қаржыландыру туралы келісім" деп аталатын осы Келісімді жасасуға келісті.
Бап 1. 1-бап
1-бап Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қаржыландыру туралы келісімнің ережелері ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының Тұрақты Хатшылығының (ТРАСЕКА ҮАК ТХ) қызметін бірлесіп қаржыландыруды регламенттейді.
Тармақ 2
2. Әрбір келесі жылға арналған жылдық бюджет ТРАСЕКА ҮАК шешімімен оның жыл сайынғы мәжілісінде бекітіледі. Осы шешімнің осы Келісімнің барлық Тараптары үшін міндетті сипаты бар.
Тармақ 3
3. Қаржы жылы 1 қаңтарда басталады және 31 желтоқсанда аяқталады.
Тармақ 4
4. Егер ТРАСЕКА ҮАК-тің тиісті шешімінде өзгеше көзделмесе, ТРАСЕКА ҮАК ТХ мақсаттары үшін Тараптардың жарналары мен тиісті бухгалтерлік есеп Еуро-да жүргізіледі.
Бап 2. 2-бап
2-бап Бірлесіп қаржыландыру қағидаттары
Тармақ 1
1. Жыл сайынғы бюджеттің қаржы қаражаты осы Қаржыландыру туралы келісімнің Тараптары төлейтін ақшалай жарналар, сондай-ақ басқа да көздерден түсетін түсімдер есебінен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2
2. Тараптардың жарналары тең үлестермен төленеді.
Тармақ 3
3. Жыл сайынғы бюджеттің мөлшері және оған сәйкес Тараптардың жарналары:
Тармақша а
а) алдағы қаржы жылына көзделген шығыстар;
Тармақша б
б) алдағы қаржы жылында күтілетін кірістер (түсімдер);
Тармақша в
в) өткен қаржы жылынан қалған қаражат қалдығын (теңгерім);
Тармақша г
г) басқа да түсімдер негізге алына отырып, айқындалады.
Бап 3. 3-бап
3-бап Жылдық бюджеттің құрылымы
Тармақ 1
1. ТРАСЕКА ҮАК ТХ жылдық бюджетінің кіріс бөлігі мыналарды қамтиды:
Тармақша а
а) ағымдағы қаржы жылы үшін Тараптардың жарналары;
Тармақша б
б) өткен жылдың бюджетінен (теңгерімінен) қалған сома;
Тармақша в
в) банк пайыздарынан, валюта бағамынан кірістер;
Тармақша г
г) донорлар мен ұйымдардың гранттары;
Тармақша д
д) өзге де түсімдер.
Тармақ 2
2. ТРАСЕКА ҮАК ТХ жылдық бюджеттің шығыс бөлігі мыналарды қамтиды:
Тармақша а
а) ТРАСЕКА ҮАК ТХ басшылығы мен қызметкерлеріне төлемдер Еңбек ақыны тұрақты төлеуге, медициналық сақтандыруға, ТРАСЕКА ҮАК ТХ басшылығы мен қызметкерлерін және Ұлттық хатшыларды ұстауға арналған шығыстарды, олардың тұруына арналған шығыстарды төлеуге байланысты барлық шығындар;
Тармақша б
б) Кеңсе шығыстары Коммуникациялар төлемін, іссапар шығыстарын, автомобильдерді ұстауды қамтитын, ТРАСЕКА ҮАК ТХ-тың Бакудегі Штаб-пәтерін және Негізгі келісімнің Тараптары тұрақты өкілдіктерінің қызметіне байланысты барлық шығыстар, ТРАСЕКА веб-сайтын, дерекқорын ұстауға байланысты шығыстар, материалдар таратудың, басудың, жариялаудың, кеңсе керек-жарақтарының құны;
Тармақша в
в) Қайта инвестициялау ТРАСЕКА ҮАК ТХ Штаб-пәтерінің және оның тұрақты өкілдіктерінің қызметі үшін қажетті жаңа жабдықты жеткізуімен байланысты және бағдарламалық пен техникалық қамтамасыз етуді, кеңсе жабдығын, автомобильді, үй-жайларды жөндеуді/жаңартуды қамтитын барлық шығындар;
Тармақша г
г) ҮАК пен Жұмыс топтарының мәжілістері Көлік шығыстарынан, тұруға, тамақтануға, құжаттарды дайындау мен таратуға, жергілікті көлікке арналған шығыстардан тұратын ТРАСЕКА іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуге байланысты барлық шығындар;
Тармақша д
д) Басқа да шығыстар Банк шоттарына қызмет көрсетуге, валюта бағамдарындағы айырмашылыққа байланысты шығыстар, осы тізбеде көрсетілмеген кез келген басқа да шығыстар.
Бап 4. 4-бап
4-бап Жарналарды аудару
Тармақ 1
1. Тараптар Штаб-пәтері Әзірбайжан Республикасы, Баку қаласында орналасқан ТРАСЕКА ҮАК ТХ-тың шотына келесі қаржы жылына арналған өздерінің мүшелік жарналарын ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін, бірақ келесі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей аударуға тиіс.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағының ережелері сақталмаған жағдайда, ТРАСЕКА ҮАК Негізгі келісімнің 8 және 12-баптарының негізінде әрекет ете отырып, тиісті шешімдер әзірлейді.
Бап 5. 5-бап
5-бап Бюджет рәсімі
Тармақ 1
1. Бюджет жобасын Тұрақты Хатшылық әзірлейді. Бюджет жобасына өткен кезеңнің кірістері мен шығыстарына талдауды және есепті кезеңнің деректерімен салыстырғанда жекелеген баптар бойынша бюджет жобасы өзгерістерінің себептерін қамтитын түсіндірме жазба қоса беріледі.
Тармақ 2
2. Бюджет жобасы мен түсіндірме жазба ТРАСЕКА ҮАК кезекті мәжілісінің ашылуына дейін 3 (үш) айдан кешіктірмей Тараптарға жіберіледі.
Тармақ 3
3. ТРАСЕКА ҮАК ТХ-тың Ұлттық хатшылары Тараптардың ТРАСЕКА ҮАК бюджет жобасы жөніндегі ескертулерін ТРАСЕКА ҮАК кезекті мәжілісінің ашылуына дейін 2 (екі) айдан кешіктірмей ТРАСЕКА ҮАК ТХ-қа жібереді.
Тармақ 4
4. Тараптардың ескертулері түсіндірме жазбаға қоса беріледі және ТРАСЕКА ҮАК ТХ мәжілісі өткізілгенге дейін 2 (екі) апта бұрын жіберіледі.
Тармақ 5
5. Бюджет жобасы, оған түсіндірме жазба және Тараптардың ескертулері ТРАСЕКА ҮАК ТХ-тың мәжілісінде қаралады.
Тармақ 6
6. Осы баптың 2-4-тармақтарына сәйкес келісілген бюджет жобасы ТРАСЕКА ҮАК кезекті мәжілісінің ашылуына дейін 3 (үш) аптадан кешіктірілмей Тараптардың назарына жеткізіледі.
Тармақ 7
7. ТРАСЕКА ҮАК ТХ-тың Бас хатшысы бюджет жобасын ТРАСЕКА ҮАК-тың бекітуіне шығарады.
Тармақ 8
8. Бюджет бекітілгенге дейін шығыстар өткен бюджеттік жылдың ұқсас кезеңінде болған шығыстар ескеріле отырып, ТРАСЕКА ҮАК ТХ-тың қалыпты қызметін қамтамасыз ету қажеттілігі негізге алынып жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Егер, бюджеттің белгілі бір бабы бойынша бекітілген сомалар жұмсалып қойған жағдайды, ТРАСЕКА ҮАК ТХ-тың Бас хатшысы қажет болған жағдайда, басқа баптар бойынша қол жеткізілген үнемділік есебінен бюджеттің осы бабының 20%-ы шегінде қаражат жұмсауға рұқсат беруге құқылы.
Тармақ 10
10. ТРАСЕКА ҮАК ТХ-тың Бас хатшысы осы Қаржыландыру туралы келісімнің ережелеріне сәйкес және ТРАСЕКА ҮАК-тың жұмыс заңнамасы мен жыл сайынғы бюджетке қатысты шешімдерінің негізінде басқару үшін жауапты болады.
Тармақ 11
11. ТРАСЕКА ҮАК ТХ-тың Бас хатшысы ТРАСЕКА ҮАК-тың әрбір мәжілісінде өткен жыл бюджетінің орындалуы бойынша қаржылық есепті ұсынады. Қаржылық есеп ТРАСЕКА ҮАК-тың шешімімен қабылданады.
Тармақ 12
12. ҮАК өзінің жыл сайынғы мәжілісінде бюджеттің орындалуына бақылауды жүзеге асыру жөніндегі аудиторлық топты төрағалық етуші болып табылмайтын әртүрлі Тараптан қаржы жөніндегі 3 сарапшы кіреді. Аудиторлық топтың құрамы.
Тармақ 13
13. Аудиторлық топтың қаржылық есептің барлық кітаптарына және басқа да құжаттарға еркін қол жеткізу құқығы бар. ТРАСЕКА ҮАК ТХ қаржылық бақылауды жүзеге асыру кезінде жәрдем көрсетуге, сондай-ақ тексеруге қатысты мәселелер жөніндегі барлық талап етілетін құжаттарды ұсынуға міндетті.
Тармақ 14
14. Аудит нәтижелері сарапшылардың қорытындыларын және олардың ТРАСЕКА ҮАК ТХ-тың қаржылық қызметін жақсарту жөніндегі ұсынымдарын қамтитын Аудиторлық есеппен ресімделеді. Осы Аудиторлық есепке аудиторлық топтың барлық мүшелері міндетті түрде қол қоюға тиіс. ТРАСЕКА ҮАК ТХ Бас хатшысының Аудиторлық есеппен танысуға және оған жазбаша түрде өзінің ескертулерін ұсынуға құқығы бар. Аудиторлық есеп және Бас хатшының жазбаша ескертулері ТРАСЕКА ҮАК мәжілісінің қарауына шығарылады.
Тармақ 15
15. ТРАСЕКА ҮАК мәжілісінің қарауына шығарылғанға дейін бюджеттің атқарылуы жөніндегі қаржылық есеп және аудиторлық есеп осы баптың 5-тармағында аталған ТРАСЕКА ҮАК мәжілісінде қаралады.
Бап 6. 6-бап
6-бап Қаржылық құжаттар мен операциялар
Тармақ 1
1. Қаржылық операциялар, қаржылық құжаттар мен есептілікті жүргізу ТРАСЕКА ҮАК ТХ Штаб-пәтері орналасқан елдің ұлттық заңнамасының негізінде және ТРАСЕКА ҮАК-тың құжаттары мен шешімдеріне сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Қаржылық міндеттемелерді қамтитын барлық құжаттарда, оның ішінде шоттар мен басқа да банктік құжаттарда ТРАСЕКА ҮАК ТХ Бас хатшысының қолы болуға тиіс.
Тармақ 3
3. ТХ-тың күнделікті жұмысында пайдаланылатын қаржылық құжаттар (бухгалтерлік кітаптар, ордерлер, формулярлар, кассалық чектер және т.б.) қаржылық есеп беру мақсатында 10 (он) жыл ішінде тиісті түрде сақталуға тиіс.
Бап 7. 7-бап
7-бап Өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Тармақ 1
1. Осы Қаржыландыру туралы келісімге Тараптардың келісімі бойынша осы Қаржыландыру туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Хаттамамен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Өзгерістер мен толықтырулар туралы хаттаманың күшіне енуі осы Қаржыландыру туралы келісімнің күшіне енуі сияқты тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 8. 8-бап
8-бап Депозитарий
Тармақ 1
1. Қаржыландыру туралы келісімге қол қойған Тараптарға оның расталған көшірмелерін жіберетін Әзірбайжан Республикасы осы Қаржыландыру туралы келісімнің Депозитарийі болып табылады.
Тармақ 2
2. Депозитарий Тараптарды Қаржыландыру туралы келісімге басқа мемлекеттердің қосылуы туралы және Тараптардың кез келгеніне қатысты Қаржыландыру туралы келісім қолданысының тоқтатылуы туралы хабардар етеді.
Бап 9. 9-бап
9-бап Күшіне ену, қосылу және қолданылу мерзімі
Тармақ 1
1. Осы Қаржыландыру туралы келісім 8-бапта көрсетілген Депозитарийге оны ратификациялау немесе қабылдау туралы төртінші құжат тапсырылғаннан кейін отыз күн өткен соң күшіне енеді.
Тармақ 2
2. Егер осы Қаржыландыру туралы келісім 2006 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енбесе, онда ол күшіне енгенге дейін уақытша қолданылуға тиіс.
Тармақ 3
3. Осы Қаржыландыру туралы келісімді уақытша қолдану оның күшіне енуімен тоқтатылады.
Тармақ 4
4. Қаржыландыру туралы келісім Негізгі келісімнің Тараптары қосылуы үшін ашық.
Тармақ 5
5. Қосылу туралы құжаттар Қаржыландыру туралы келісімнің 8-бабында көрсетілген Депозитарийге сақтауға тапсырылады.
Тармақ 6
6. Депозитарийге ратификациялау немесе қабылдау туралы төртінші құжаты тапсырғаннан кейін осы Қаржыландыру туралы келісімді ратификациялайтын, қабылдайтын немесе оған қосылатын әрбір Тарап үшін Келісім Депозитарийге ратификациялау, қабылдау немесе қосылу туралы өзінің құжатын тапсырғаннан кейін отыз күн өткен соң күшіне енеді.
Тармақ 7. Түрік Республикасының Үкіметі үшін Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісім Тараптарының үкіметтері арасындағы ТРАСЕКА Үкіметаралық Комиссиясының Тұрақты Хатшылығын (ТРАСЕКА ҮАК ТХ) бірлесіп қаржыландыру туралы келісімге Грузияның ескертпесі
7. Осы Қаржыландыру туралы келісім Негізгі келісімнің қолданылу мерзімінде күшінде болады. 2005 жылғы 21 сәуірдегі Әзірбайжан Республикасы, Баку қаласында ағылшын және орыс тілдеріндегі бір түпнұсқа данада жасалды, әрі екі мәтін тең дәлме-дәл болып табылады. Әзірбайжан Республикасының Молдова Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін Болгария Республикасының Румыния Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін Грузия Республикасының Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін Қазақстан Республикасының Түрік Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін Түрік Республикасының Үкіметі үшін Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісім Тараптарының үкіметтері арасындағы ТРАСЕКА Үкіметаралық Комиссиясының Тұрақты Хатшылығын (ТРАСЕКА ҮАК ТХ) бірлесіп қаржыландыру туралы келісімге Грузияның ескертпесі 4-баптың 1-тармағының мәтіні Грузияға қатысты мынадай редакцияда қолданылады:»"Тараптар Штаб-пәтері Әзірбайжан Республикасы, Баку қаласында орналасқан ТРАСЕКА ҮАК ТХ-тың шотына өздерінің келесі қаржы жылына арналған жарналарын ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін, бірақ келесі жылдың 31 маусымынан кешіктірмей аударуға тиіс.".» Грузияның экономикалық       даму министрінің       орынбасары